ОҚО-да жыл соңына дейін 113 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріледі
Биыл облысымызда 524,5 мың шаршы метрді құрайтын 169 тұрғын үй құрылысы жүргізіледі. Сондай-ақ жыл соңына дейін 113 көпқабатты үйдің құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен өткен әкімдіктің алқа мәжілісінде облыстық Құрылыс басқармасының басшысы Салыхан Полатов мәлім етті, деп хабарлады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Аймақтар • 03 Сәуір, 2017
ОҚО-да тасқынның алдын-алу жұмыстары жүргізілуде
Оңтүстік Қазақстан облысында көктемгі су тасқынын алдын алу жұмыстары қарқын алуда. Бүгінде Жамбыл облысының тауларында қардың қарқынды еруі және жауын-шашынның көп жаууына байланысты ОҚО төтенше жағдайлар департаменті қызметі мен Түркістан, Арыс қалаларының, Отырар, Бәйдібек аудандарының әкімдіктерімен бірлесіп жағалауларды бекіту және алдын алу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Қазақстан • 03 Сәуір, 2017
«Астана» ХҚО мен Жоғарғы Соттың 15 қызметкері Лондонға оқуға барады
Бүгін ҚР Жоғарғы Сотының ғимаратында Жоғарғы Сот пен «Астана» Халықаралық Қаржы Орталығы қызметкерлерінің Лондон қаласында кәсіби тағылымдамадан өту бағдарламасының тұсаукесері өтті. Жиынға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова, Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми, «Астана» ХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетов қатысты.
Аймақтар • 03 Сәуір, 2017
Соңғы 3 күнде Қарағанды облысында бірнеше төтенше жағдай болды
Қарағанды облысында 166-750 шақырым жолды су шайды. 90-167 шақырымдық «Ақшатау-Ақадыр» жолында көліктің барлық түріне қозғалыс шектелді. Айналып өту «Қарағанды-Ақсу-Аюлы-Ағадыр» бағытымен жүзеге асырылады, деп хабарлады «Қазавтожол» РМК баспасөз қызметі.
Аймақтар • 03 Сәуір, 2017
Ақтөбенің Байғанин ауданында әкім ауысты
Ақтөбе облысы Байғанин ауданының әкім болып Асқар Шериязданов тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.