Саясат • 03 Желтоқсан, 2025
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Палестинаның Жоғарғы судьясы, Палестина Президентінің дін істері жөніндегі кеңесшісі Доктор Махмұд Седки Әл-Хаббашпен кездесті. Тараптар халықаралық ұйымдар шеңберінде екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады және Газа секторындағы гуманитарлық ахуал жөнінде пікір алмасты.
Үкімет • 03 Желтоқсан, 2025
Үкімет Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені» ЖШС арасында Түркістан облысында шитті мақтаны өсіру мен терең өңдеу жөніндегі инвестициялар туралы келісім жасауды мақұлдады. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.
Форум • 02 Желтоқсан, 2025
Бірлескен жобалар ел ырысын еселейді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында бүгінде дүние жүзінде инвестицияға тартыс күшейіп бара жатқанын айта келе, жаңа инвестициялық кезеңді бастау қажеттігін атап көрсетті. Бұл орайда өңдеу саласына көбірек қаражат тарту міндеттелді. Сондай-ақ Президент инвестиция тартуға жергілікті билік те мүдделі болып, жұмыла жұмыс істеуді, әкімдердің өңірдегі инвестициялық ахуалға тікелей жауапкершілігін белгілеуді жүктеді.
Экономика • 02 Желтоқсан, 2025
Инвестиция мен инновация: Жамбыл облысы дамуының көрсеткіші жоғары
Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін баяндады. Өңір басшысының айтуынша, Жамбыл облысындағы өнеркәсіп өндірісінің өсу қарқыны республика бойынша – 3-орында, ал өңдеу өнеркәсібінің көрсеткіші – 5-орында.
Технология • 02 Желтоқсан, 2025
Қатердің алдын алатын заманауи құрылғы
Қарағанды – көмір, кен өндірісінің алтын аймағы. Бүгінде осы өндірістік өлке жаңа технологиялық серпілістің де ордасына айналып келеді. Өңір инженерлері тау-кен қауіпсіздігін күшейтуді көздейтін тың жобаны қолға алып, жерасты кеңістігін барлауға арналған жоғары функционалды дрондар топтамасын әзірлеп жатыр. Бұл – шахтаның терең түкпірінде, аса қауіпті қуыста жұмыс істеуге мүмкіндік беретін заманауи құрылғы.