Архив • 03 Желтоқсан, 2025
Цифрлық дәуірде таспаланған тарих
Отыз жыл уақытты аз деп те, көп деп те айта алмаймыз. Бұл мерзім ел тарихы үшін қас-қағым ғана сәт сияқты көрінгенмен, біздің ұжым үшін тағылымға толы толысу кезеңі болды. Ізденіс пен табандылықтың арқасында архив ісінің кәсіби мектебі қалыптасты, жас мамандар қанатын қатайтты. Отыз жыл ішінде архив ғимаратын мұрағат мұратына үйлестіре құру, қорларды жүйелеу, заманауи стандарттарға бейімделу секілді сансыз жұмыстар атқарылып, Астана қаласы мемлекеттік архиві елдің тарихи жады мен құнды деректерін сақтайтын қасиетті ордаға айналды.
Экология • 03 Желтоқсан, 2025
Айдын ортасында пайда болған арал: Каспий теңізінің екіге бөлінуінің бастапқы нышаны ма?
Мемлекет басшысы Каспий теңізін қорғау туралы ұдайы айтып келеді. Биылғы Жолдауында: «Каспий теңізінің тартылып бара жатқаны жұртты алаңдатып отыр. Тиісті шара қолданбасақ, бұл аса үлкен экологиялық апатқа айналуы мүмкін. Каспий теңізі – бір елдің ғана емес, бүкіл аймақтың тағдырына қатысы бар мәселе. Сондықтан жұмылып әрекет ету қажет», деді Президент.
Руханият • 03 Желтоқсан, 2025
Тағдырдың тасқайрағында ұшталған қалам
Мырзашөл өңірінде жүріп-ақ поэзия, проза, аударма, драматургия жанрында қалам тербеп, шеберлігін шыңдаған Журналистер және Жазушылар одақтарының мүшесі, Мақтаарал ауданының Құрметті азаматы Айыпберген Балтабайұлы ағамыз елге сыйлы, табиғаты бөлек жан.
Елорда • 03 Желтоқсан, 2025
Елордада саябақ ашып, аулаларды абаттандыруға көп көңіл бөлінеді. Халықтың жайлы, қауіпсіз әрі таза ортада өмір сүруіне қажетінше жағдай жасалады. Қаланың ажарын ашатын осындай бір ізгі іске Nazarbayev University (NU) бастамашы болып отыр.
Спорт • 03 Желтоқсан, 2025
Жиырма бесінші мәрте жалауы желбірейтін қысқы Олимпия ойындарының да дүбірі жақындап келеді. Спортшыларымыз ақ Олимпиада лицензиясына қалай қол жеткізеді? Төрт жылда айналып соғар дүбірлі аламанда 1998 жылдан бері бізге алтын медаль бұйырмай тұр. Әл әзір саңлақтарға жолдама олжалаудың өзі орасан жауапкершілік жүктеп отыр.