Қоғам • 27 Мамыр, 2019
2019 жылдың көктемінде интернеттің пайда болғанына 30 жыл толды. Қазіргі уақытта интернетке қолжетімділіктің кеңеюі – заманауи үрдістердің бірі. Бүгін біз ғаламдық желіні тек өміріміздің ажырамас бөлігі ретінде ғана емес, сондай-ақ әлемдік дамудың қажетті шарты деп қабылдаймыз. Интернеттің таралу қарқыны таңғалдырады: 50 миллиондық аудиторияны қамту үшін радиоға 30 жыл, теледидарға 13 жыл қажет болса, ал интернетке тек 4 жыл жеткілікті болды.
Қазақстан • 27 Мамыр, 2019
Жеке кәсіпкерлік – экономика өзегі
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық инвесторлар кеңесінің отырысын өткізді. Алқалы жиынға Ұлттық инвесторлар кеңесінің мүшелері, Президент Әкімшілігі мен мемлекеттік органдардың басшылығы, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының мүшелері, ұлттық компаниялар мен еліміздің бизнес өкілдері қатысты.
Ұлттық тіл және рухани жаңғыру
Жер бетінде қазақ деген ұлт жаратылғаннан бері оның жан азығы – өлең-жыр, аңыздар мен дастандар. Небір жаугершілік заманда да қазақ өзінің рухани болмысын жоғарылатуды ұмытқан жоқ. Сол себептен де қазақ қоғамында әйгілі ақын-жырауларға, жыршы-термешілерге, әнші-күйшілерге ерекше құрмет көрсетіліп, оларды барынша биікке көтерді. Өздерінің рухани жан-дүниелерін солардың жалынды жырларымен сусындатып, рухтарын жебеп, шыңдап отырды, былайша айтқанда, ақын-жырауларды төбелеріне шығару арқылы өздерінің ұлттық рухын жоғары көтерді.
Аймақтар • 25 Мамыр, 2019
Қарағанды облысында көпбалалы отбасылар баспаналы болды
Жезқазған қаласында Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қарағанды облыстық әкімдігі және «Қазақмыс Холдингі» ЖШС үшжақты меморандум келісіміне қол жеткізді. Министр Бердібек Сапарбаев, облыс әкімі Ерлан Қошанов және аталған компания директорлар кеңесінің төрағасы Эдуард Огай қол қойған құжат бойынша алдағы уақытта өңірдегі көпбалалы 120 отбасы баспанаға иелік ететін болды.
Аймақтар • 25 Мамыр, 2019
Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Әдеби өлкетану: қоғамдық сананы рухани жаңғырту (Орал өңірі ақын-жазушыларының шығармашылық мұрасы. ХХ-ХХІ ғасырдың басы)» атты монография мен хрестоматияның тұсаукесері өтті.