Руханият • 18 Ақпан, 2016
Қазақ «алтын пышақ қын түбінде жатпас» деп тегін айтпаса керек-ті. Оны ерте ме, кеш пе елі таниды, іздейді, жоқтайды, аруағын асқақтатады. Сондай жайсаңымыздың бірі –жазушы Мұқадес Есламғалиұлы. Артқы жасқа рухани азық қалдырып, адамгершіліктің ақ туын, көштің бет-бағдарын көрсетіп кеткен алдыңғы жақсының бірегейі, бүгінде тірі болса 70 деген асқаралы жасқа келетін Мұқадес еді. 58 жыл ғұмыры өмірге келу, өсу, оқу, тоқу, жазу, жетілу, бай мұра қалдыру, т.б. өтті.