Спорт • 28 Мамыр, 2019
Өткен аптаның аяғында грек-рим күресінің шоқ жұлдыздары Алматыда бас қосып, 25 жыл бойы дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан Болат Тұрлыхановтың кубогы жолындағы жарыста күш сынасты. Балуан Шолақ атындағы спорт сарайына жиналған сан мың көрермен Ресей, Грузия, Армения, Молдова, Беларусь, Моңғолия, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Иран және Қазақстанның әр өңірінен келген даңқты балуандардың бәсекелерін тамсана тамашалады.
Экономика • 28 Мамыр, 2019
Huawei телекоммуникациялық компаниясы таяуда ғана 2019 жылдың алғашқы тоқсанындағы табысы 39 пайызға, яғни, 26,8 миллиард долларға ұлғайғаны туралы хабарлаған еді. Наурыздың соңында әлем бойынша 59 миллион тұтынушыға смартфон сатылғанын айтып сүйінші сұрағандай болған. Алайда, таяуда АҚШ-тың сауда министрлігі «қара тізімге» енгізгеннен кейін компанияның жағдайы өзгере бастаған сыңайлы.
Экономика • 28 Мамыр, 2019
Таяуда Forbes дүние жүзі бойынша жылдың ең қымбат брендтерінің ондығын жариялаған болатын. Жыл сайын жасалатын дәстүрлі рейтингте Apple осымен тоғызыншы рет көш бастады.
Экономика • 28 Мамыр, 2019
Халықтың төлем қабілетінің деңгейі көтерілмей, несиеге тәуелділік төмендемейді
Сарапшылар «Қазақстандағы экономикалық жағынан белсенді топтың 96 пайызы банк несиесіне тәуелді» деген деректі жиі айтып жүр. Бұған Бірінші кредиттік бюроның банктер алдында несиесі бар қазақстандық заңды тұлғалар туралы жаңартылған мәліметі себеп болып отыр.
Технология • 28 Мамыр, 2019
Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенті, дарынды өнертапқыш Ерасыл Анарханұлы смартфондарға арналған антирадиациялық қаптама ойлап тапты. Ол бұл жетістігін қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының I сессиясында көпшілікке таныстырды.