Руханият • 01 Шілде, 2019
«Адасқандардан» «Мөлдір махаббатқа» дейін
Қазақ әдебиетінің классигі Сәбит Мұқановтың «Адасқандар» романы кезінде пікірталас туғызып, зерттеушілердің қызу талқылауына түскені белгілі. Қатал сынға ұшырап, кейіннен бірнеше рет өзгеріске түскен роман «Мөлдір махаббат» болып жарыққа шықты. Шынайы өмір шындығына негізделген шығарма бірнеше мәрте көптеген данамен басылды. Кезінде зерттеушілер өмірлік оқиғалардан өрілген романға деген сұраныстың жоғары болғандығы шығарманың өміршеңдігін дәлелдеді деп баға берген еді.
Қоғам • 01 Шілде, 2019
Әлемде өмірге құлшындыратын шешен, меценат, жазушы және әнші, аустралиялық Ник Вуйчичті танымайтын адам жоқ шығар. Шешендік, жазушылық, әншілік, тіпті атымтай жомарт байлар да ешкімге таңсық емес қой, бірақ бұл қол-аяғы жоқ кескен томардай адамның адамзатқа үлгі болар ерік-жігері миллиондарды мойындатады.
Аймақтар • 01 Шілде, 2019
Премьер-Министр Асқар Мамин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Үкіметтік комиссия басшылығында Арыс қаласына барып, қаладағы төтенше жағдайдан зардап шеккен шағын аудандар мен әлеуметтік нысандарды аралады.
Қазақстан • 01 Шілде, 2019
«Үркер»: үздіктер үзеңгі қағыстырды
«Жегені – жантақ, арқалағаны – алтын» журналистер қауымының кәсіби мерекесі қарсаңында абыройын асырып, мерейін үстем етер тамаша оқиға бар. Ол – «Үркер» ұлттық сыйлығының табыс етілер сәті.
Қазақстан • 01 Шілде, 2019
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлықтау рәсімінде айтқан 10 бастаманың ішінде әсіресе жастар мәселесіне ерекше ден қойған болатын. Президент: «Елбасы 2019 жылды Жастар жылы деп жариялады. «Жастар – ел тірегі» арнайы жобасы іске қосылды. Жастардың бизнес-бастамаларын ынталандыру үшін «Жас кәсіпкер» дамыту бағдарламасын жүзеге асырудамыз. Менің міндетім – сіздердің үлкен армандарыңыз орындалу үшін барлық мүмкіндіктерді жасап, «табыс сырына» жетуге жол ашу», деді. Бұл Мемлекет басшысының бойында қабілеті бар прогресшіл ұрпаққа айрықша сенім артып отырғанын көрсетсе керек.