Қоғам • 01 Шілде, 2019
БАҚ пен әлеуметтік желі: мақсат ортақ
Қостанайда өткен медиа-форумдағы әңгіме өзегі бүгінгі заманауи медиа трендтері, қоғаммен байланыс орнатудағы әлеуметтік желілер мен интернет технологиялардың маңызды әсері туралы өрбіді.
Қоғам • 01 Шілде, 2019
Алакөл тарихындағы алғашқы музей
Айдыны шалқар, суы шипалы Алакөлдің Шығыс Қазақстанға тиесілі жағалауы жылдан-жылға абаттанып, ажарланып келеді. 2014 жылға дейін бұл жағалауда қарабайыр демалатын жұрт бүгінде заманауи демалыс орындарында тынығып, соңғы үлгідегі сервис түрлерін тұтынады.
Аймақтар • 01 Шілде, 2019
Қостанайлықтар 450 үйді қалпына келтіріп береді
«Нұр Отан» партиясының бастамасымен жарияланған «Арыс, біз біргеміз!» жалпыреспубликалық акциясына орай облыс әкімі Архимед Мұхамбетов бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне брифинг өткізді. Онда өңір басшысы Қостанай облысы Арыс қаласындағы бүлінген 450 үйді қалпына келтіріп беретіндігін айтты.
Руханият • 01 Шілде, 2019
«Ындыны таза – иманды» депті ұлы ақын. Иә, күн нұрындай шапағаттың сан түрі бар. Шәкәрім шапағаты – иман шапағаты. Оған таяуда ғана қолымызға тиген «Иманым» атты жинағын түп қотара түгел оқығанда көз жеткіздік.
Қоғам • 01 Шілде, 2019
Ел мен жердің тұтастығын қорғадық
Ерте заманда Көктүріктің тәңірқұты Мөде халқын бақытты тұрмысқа жеткізіпті деседі. Жері шүйгін, мыңғырған малы көкжазира майсада жайылып жүреді екен. Халық шат. Күндердің күнінде көрші елдің елшілері келіп, Мөденің арғымағын сұратыпты. Сұратқаны жай жылқы емес, күніне мыңға жуық шақырым шапса да шаршауды білмейтін тұлпар екен. Мөде айналасындағы би, уәзірлерінің қарсылығына қарамай, арғымақты өз қолымен беріпті. Арада біршама уақыт өте келе, көрші елдің билеушісі Мөденің ай десе аузы, күн десе көзі бар жарын өзіне тоқалдыққа сұратыпты. «Мұнан өткен қорлық болмас» деген айналасындағылардың сөзін бұл жолы да елемей, әйелін өз қолымен ұзатып салыпты.