Қазақстан • 06 Шілде, 2019
Қазақтың қанындағы қасиетке қалайша қайран қалмайсың! Сонау XIX ғасырдың орта шегінде өмір сүрген Шоқан Уәлиханов: «Келесі ғасырларда домбыраның үні биік шығады», деген екен. Көрегендік емей немене! Былтырдан бастап белгіленген Ұлттық домбыра күні елімізде домбыраның үнін бұрынғыдан бетер асқақтатты.
Қазақстан • 06 Шілде, 2019
Елорданың экономикалық әлеуеті
«Тақ келген жерге бақ келеді» деген ақынның тегеурінді теңеуіне мысал іздегенде, тіл ұшына елордамыз оралары хақ! Ширек ғасырға жетпейтін уақыт ішінде ауқымы айтарлықтай ұлғайып, абыройы алты құрлыққа жеткені бас қаланың бағы емей немене?! Нұр-Сұлтан астана мәртебесін иеленген кезеңнен бастап оған елдің әкімшілік басқару, мәдени-рухани орталығы ғана емес, экономикалық локомотиві болу сынды маңызды миссия жүктелген болатын. 21 жыл ішінде қаланың негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері қалай өзгерді?
Қазақстан • 06 Шілде, 2019
Еліміз тәуелсіздік алар тұста, яғни өткен ғасырдың сексенінші жылдарының соңында бастан кешкен оқиғаларды еске алып көрейікші. Экономика қожырап, түрлі ереуілдер мен қантөгістер белең алды. Саясатта баяндылық болмай, бір кездегі «мызғымас одақтың» іргесі шайқалды. Халық ертеңгі күні не боларын білмей абдырап қалды. Міне, осындай қысылтаяң шақта еліміздің саяси аренасына Нұрсұлтандай ұлы шығып, туған халқының қолын егемендікке, тәуелсіздікке жеткізді.
Қазақстан • 06 Шілде, 2019
Елбасымен бірге – жаңа жетістіктерге!
Еліміз тәуелсіздік алған сәттен бастап Елбасының басшылығымен экономикалық, саяси, әлеуметтік реформалар жүзеге асырылды. Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген де сенімді саясаты Қазақстанда заманауи, қабілетті, тиімділігі жоғары, ұтқыр Қарулы Күштерді қалыптастырды.
Қазақстан • 06 Шілде, 2019
Мемлекеттік Ту көтеріліп, әскери шен тапсырылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жылдағы дәстүр бойынша Елорда күніне арналған мерекелік іс-шараны ашатын Мемлекеттік Туды көтеру салтанатты рәсіміне қатысты. Дәл осы сәттерде Нұр-Сұлтан қаласының көгі шайдай ашылып, аспанда бір шөкім де бұлт қалмады. Мұның өзі Елорда күні мерекесінің ресми басталуын білдіретін салтанатты шараның жарқырай өтуіне сеп болды.