Руханият • 11 Шілде, 2019
Ән салса, аспан астын толтыра сорғалата шырқаған, қайталанбас орындаушылық мақамымен тамсандырып, бірегей құбылыс ретінде опера отаны Италия мамандарының өзін сүйсіндірген, оларға ықыласпен қол соқтырғаны аздай, күміс көмейінің көшірме бейнесін жасатуға ынтық етіп, бүгінде көзі жоқ болса да, көмекейінің құрылысы Генуя мұражайында сақталып қалған дүлдүл Ғарифолла Құрманғалиевтің мерейтойлық кешіне барып отырып, керемет көріністің үстінен түстік.
Спорт • 11 Шілде, 2019
Бокстан әлем чемпионатының тұсауы осыдан тура 45 жыл бұрын кесілгенін көзі қарақты көрермендер ұмыта қойған жоқ. 1974-1991 жылдар аралығында айтулы жарыстың жалауы алты мәрте желбіреді. Ол кездері КСРО құрамасы сапында Қазақстанның санаулы ғана былғары қолғап шеберлері өнер көрсеткен еді. Солардың арасынан Валерий Рачков (1978 жыл, Белград) пен Игорь Ружников (1989 жыл, Мәскеу) алтын тұғырға көтерілсе, Серік Қонақбаев (1982 жыл, Мюнхен) пен Александр Мирошниченко (1989 жыл, Мәскеу) күміс медальды мойындарына ілді.
Аймақтар • 11 Шілде, 2019
Елорда тұрғындары мен қонақтарын осы аптаның ішінде сары маса әбден талады. Әлеуметтік желілерде масаның көптігі, одан қорғану жолдары мен әкімдікке қарата айтылған шағымдар басты тақырыпқа айналды. Әрбір хабарламаны оқыған сәтте маса-шіркейлердің елордамыздың барлық аудандарында әбден дандайсып, жұртшылықты аяусыз шағып жатқанына көз жеткізесіз. Бұл зиянкестер, әсіресе бала-шағаны күнделікті ойыннан қалдырғаны былай тұрсын, үйден шығармай тастағанын көріп отырмыз.
Аймақтар • 11 Шілде, 2019
Қаратөбеде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көзделген мақсаттарды жүзеге асыру бағытында Қаратөбе ауданы әкімдігі, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы, «Мұxит жастары» ЖҚБ, «Ізгілік» ҚБ және аудандық «Руxани жаңғыру» кеңсесінің ұйымдастыруымен «Тарихқа аты мәлім Қаратөбе» атты республикалық экспедиция өтті.
Қоғам • 11 Шілде, 2019
Баланың ойыны – баланың болашағы
Жақында бір педагог балалардың үйренсем, білсем деген құлшынысы жоғалып бара жатқанын айтып қалды. Балалар таңертең мектепке көбіне ұйқылы-ояу күйде келеді. Бірдеңе үйретейін десе, қалғып отырады. Ата-анасынан сұраса, түнімен телефонға телміретін көрінеді.