Аймақтар • 11 Шілде, 2019
Би-аға ақындар жырының арқауына айналды
Қазақ әдебиеті классиктерінің бірі Бейімбет Майлиннің туғанына 125 жыл толуына орай өткен «Өзіміздің Би-аға» атты республикалық жыр бәйгесін тамашалауға І.Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрының залы лық толды. Облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Гүлжан Меңдекенова мүшәйраның қостанайлықтарды қуантқан сүйінші хабарға ілесе өтіп отырғанын да жақсы ырымға балады.
Аймақтар • 11 Шілде, 2019
Студенттерді кәсіпорындарға шақырады
ERG Еуразиялық топтың еліміздегі кәсіпорындарында Ашық есік күні өтті, оған 300-ден астам студент келді. Кәсіпорындардың өкілдері студенттерге өндірістік жұмыстың ерекшеліктерін, Еуразиялық Топтың жетістіктері мен жоспарларын таныстырды.
Аймақтар • 11 Шілде, 2019
Мұнай компаниясы спорт кешенін сыйға тартты
Халық көп шоғырланған Мұнайлы ауданының ауылдарында әлеуметтік нысандар жеткіліксіз. Маңғыстау өңірінде өткізілетін Қазақстан мұнайының 120 жылдық мерейтойы қарсаңында Қашаған кен орнын игеруші Солтүстік Каспий жобасының операторы «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» компаниясы Маңғыстау облысы Бесшоқы ауылының тұрғындарына жаңа көп функциялы спорт кешенін тұрғызып, табыс етті.
Аймақтар • 11 Шілде, 2019
Ауылды ізгі ниеттен туған игілікті істер көркейтеді
Мереке тек ән-жырмен шектелмесе керек-ті. Ауылдың берекесін кіргізетін жақсы іспен жалғасса ғана ақ түйенің қарны жарылғандай болып, адамдардың ақжарма қуанышы ел мерейін тасытады екен. «Ұлттық домбыра күні», Елорда күні» мерекелері еліміздің барлық шалғайында дүбірлеп жатты. Ал Амангелді ауданында бұл мерекелер жас мамандарға арналған 8 пәтерлік жаңа үйдің берілуімен басталды.
Руханият • 11 Шілде, 2019
Тектілерге тұғыр болған Тайсойған
Заманымыздың заңғар жазушысы, ұлтымыздың ұлы ойшылы Әбіш Кекілбайұлы абыз ақсақал Сафи Өтебаев дүниеден өткенде өзінің жоқтау сөзін «Егемен Қазақстан» газетінде 13 сәуір 2007 жыл «Патриарх» деген тақырыппен жариялаған еді.