Әлем • 14 Тамыз, 2019
Өтүкенде қағанға арналған кешен табылды
Халықаралық Түркі академиясы ғалымдары түркінің ежелгі мекендерінің бірі саналатын Моңғолия жерінде жүргізіп жатқан археологиялық қазба жұмыстары барысында тағы да олжалы болды. «Тағы да» дейтін себебіміз, Академия ғалымдары былтыр Керулен өзені аңғарындағы қазба жұмыстары кезінде түркі дәуіріне тән ғұрыптық кешендерді ашқан еді. Биыл «Номгон-2» ғұрыптық кешенінен бірқатар жәдігер тауып отыр.
Қоғам • 14 Тамыз, 2019
Зорлықшыларға қатаң жаза қажет
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйекке жоспарланған халыққа Жолдауында педофилия, жыныстық зорлық-зомбылық және жеке тұлғаға қарсы жасалатын басқа да ауыр қылмыстарға қатысты жазалау шараларын қатаңдату жөнінде Парламентке және Үкіметке тапсырмалар жүктелетінін жариялады. Міне, осы Жолдаудан кейін зорлықшыларды атқа теріс мінгізу басталатыны анық.
Қоғам • 14 Тамыз, 2019
Ономастикалық атаулар бірізділікті талап етеді
Ономастикалық атаулар, оның ішінде еліміздің жер-су атаулары, аты-жөндеріміз – ұлттық-тілдік және мемлекеттік бірегейлігімізді айқындайтын басты факторлардың бірі. Тәуелсіздік алған жылдардан бері ономастикалық атаулардың мазмұнын ұлттандыруға бағытталған қыруар іс-шаралар атқарылғандығы белгілі. Енді латын әліпбиі енгізілген сәттен бастап мыңдаған, жүз мыңдаған ономастикалық атауларымыз кең халықаралық, әлемдік ақпараттық кеңістіктегі айналымға енгелі отыр. Осы орайда еліміздің жер-су атауларын латын әліпбиінде таңбалау, сондай-ақ шеттілдік географиялық атауларды қазақ тілінің жаңа әліпбиінде жазу және төл антропонимдік жүйемізбен қатар, шеттілдік есімдерді таңбалау мәселесі өзекті болмақ.
Аймақтар • 14 Тамыз, 2019
Бүгінде Тамыз кеңесі білім саласы қызметкерлерінің жаңа оқу жылына жаңа леп сыйлауына нақты бағыт беріп, бір-бірімен тәжірибе алмасатын дәстүрлі алаңға айналды. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген педагогтар бас қосатын конференцияның форматы соңғы жылдары заман талабына сай түрленіп келеді. Мәселен, кейінгі жылдары ұйымдастырылған шарада үздік педагогтардың ted-x форматында өз білгенімен бөлісіп, жұмыс барысында қолданған әдіс-тәсілдері төңірегіндегі тың ойларын ортаға салғанына куә болып жүрміз. Сонымен қатар Тамыз кеңесінде педагог қауымның еңбегі еленіп, жемісті жұмысы үшін жұрт алдында марапатталуы да мұғалім мәртебесін биіктете түседі.
Экономика • 14 Тамыз, 2019
Салықтан қаққан мобильді қосымша
Бүгінде банк қызметтерін үйден шықпай, мобильді қосымша арқылы алу, тіпті кішігірім дүкендерде де сол телефондағы қосымша арқылы төлеп, сауда жасау қалыпты жағдай. Kaspi банктің мобильді қосымшасы бүгінде халық үшін ыңғайлы болса, кәсіпкерлер үшін тіптен тиімді. Жеке есепшотқа аударылған ақшаның сұрауы да жоқ, яғни, салықтан жалтарудың тағы бір жолы. Ал мемлекет бюджетінің жетіспеуі бүгінгі таңда 1,5 пайыздан 2,1 пайызға өсіп отыр.