Қоғам • 20 Тамыз, 2019
Құмар ойындар құрдымға жібереді
Еліміздің өзге қалаларын қайдам, әйтеуір, бас қаланың кейбір сауда орындарынан, тіпті азық-түлік дүкендерінен «сары жәшікке» құдды балға үймелеген арадай төніп тұрған адамдарды, әсіресе, жастарды жиі көреміз.
Аймақтар • 20 Тамыз, 2019
Байбектен Брайтон-Бичке дейін немесе «Дарияның» жағалауы
Алматы – қашанда әр қазақстандықтың жүрегінен жылы орын алары хақ. Іргелі шаһар тарихында Алматыны төрт жыл басқарған Бауыржан Байбектің де, оның алдында да болған әкімдердің де өздеріне тән қолтаңбалары қалды. Дегенмен, Байбек мырзамен алматылықтар қимай қоштасты...
Әлем • 20 Тамыз, 2019
Солтүстік Корея тағы да зымыран ұшырды
Солтүстік Корея мен АҚШ арасындағы толық денуклеаризация бойынша келіссөздерді жалғастыру мерзімі тағы ұзаққа созылып, тараптардың қайта бас қосуы күрделеніп кететін сияқты. Жағдайдың былайша ушығуына өткен аптаның сенбі күні Солтүстік Кореяың Канвондо қаласы маңынан тағы белгісіз екі зымыранның атылуы ықпал етіп, әскери сарапшыларды алаңдатып қойды.
Экономика • 20 Тамыз, 2019
Қалдық өңдейтін кәсіпорын неге құлдырады?
Жаһандық экология мәселесінің уақыт өткен сайын өзектілігі артып барады. Бүгінде Жер шарындағы табиғи ресурстарды тиімді пайдаланудан бұрын, қоршаған ортаны қалпында сақтау міндеті маңызды болып тұр. БҰҰ-ның болжамынша, 2025 жылға қарай әлемдегі қатты қалдықтардың көлемі 5 есеге өсіп, оның басым бөлігін автокөліктердің ескі дөңгелектері құрауы ықтимал. Ресми дерекке сенсек, тозған дөңгелектердің дүние жүзіндегі қоры 25 млн тоннаға жуықтайды. Жыл сайын кемінде 7 млн тонна көлік дөңгелегі істен шығады. Батыс елдері жылжымалы автотехниканың резеңке бөлшектерін қайта өңдеу мәселесін жолға қойғалы қашан?! Ал Қазақстанда қауіпті қалдықтарды өңдеу бағытында нендей жұмыстар атқарылды?
Аймақтар • 19 Тамыз, 2019
Бұқаралық спорт – басты назарда
Саламатты өмір салты мен адамның өз денсаулығы үшін жауапкершілігі қағидаты – денсаулық саласындағы және халықтың күнделікті тұрмысындағы мемлекеттік саясаттың ең басты мәселесі болуы тиіс. Бұл орайда Елбасы Н.Назарбаев Жолдауында тиісті министрлік пен әкімдерге нақты міндеттер жүктеп, 2020 жылға қазақстандықтардың 30%-ы бұқаралық спортқа тартылуы керектігін айтқан болатын.