Сұхбат • 29 Наурыз, 2020
«Өз Абайымды» жазып кетсем, арманым жоқ
«Менің сүйікті кітабым – Құран-Кәрім, ал ерекше жақсы көретін ақыным – Сергей Есенин» дейді бүгінде жетпіс жастың желкенін керген ақиық ақын Серік Ақсұңқарұлы.
Таным • 28 Наурыз, 2020
Жүйрік сыны: Күңгейбай Тышабайұлының үлгісі
Күңгейбай Тышабайұлы шамамен 1898 жылдары Шыңжаң-Алтай өлкесі Күңгейті деген жерде туған адам. Кейінгі өмірі Қобда бетінде (Моңғолия), Қобданқол ауылында өткен. Атақты жортуылшы, ат сыншысы, атбегі Күкең 1986 жылы дүниеден өтті. Марқұмның артында не бір аңыз-әңгіме қалды.
Кененің кездігімен, Науанның найзамен сызылған ұлан-байтақ шекара, бақандай бес облыс жат жұртқа кетіп бара жатқанда Жұмабек қана жауға жалғыз атылды. Шын мәнінде осындай адами құндылық, кісілік қасиет, ерлік сипат, салиқалы сабыр ғана азаматты асқар биікке шығарады.
Аймақтар • 26 Наурыз, 2020
Мал бордақылаған миллионер болады
Дерекке сүйенсек, бүгінде Алматы облысындағы ірі қара малдың басы 1 миллионнан асады екен. Ал есепке алынған уақ жандықтың үлесі 4 миллион бастың үстінде көрінеді. Яғни, Жетісудың ойы мен қырына өріп шығатын төрт түліктің жалпы саны жеткілікті. Ендігі міндет тұяқты түліктің басын көбейтіп қана қоймай, мал шаруашылығы өнімдерін өндіруді жолға қою болып отыр.
Аймақтар • 22 Наурыз, 2020
Қаз-қалпында: Кеншілер астанасы және коронавирус елесі
Шаш алдыру керек болды да такси шақырдым. «Онлайн-такси» қызметін пайдаланып жүргенімізге бірер жылдың жүзі болған. Жалпы алғанда, өз басымның бұлардың қызметіне алғыстан басқа айтарым жоқ. Талай асыққан кезде жолымнан бір де бір қалдырған емес...