Экономика • 01 Сәуір, 2020
Мұнай дағдарысы: экономикадағы пандемиялық дауыл
Əлемді коронавирус жаулағаны аз болғандай, мұнай бағасының құлдырауы жығылғанға жұдырық болғаны рас. Бұл əсіресе экономикасы шикізатқа тəуелді елдерде анық байқалды. Өкініштісі сол, бұл тізімде Қазақстанда бар. Ресей мен Сауд Арабия арасындағы мұнай теке тіресінің салқыны қара алтынды экспорттайтын мемлекеттерге де тиіп жатыр. Нарықтағы тектоникалық өзгерістер төл валютамыздың əлсіреуіне алып келді. Құбылмалы жағдайда Ұлттық банкке базалық мөлшерлемені көтеруден басқа амал қалмады. Пандемиялық дауылдың салдарынан дүние жүзі авралды режімге көшті.
Тарих • 01 Сәуір, 2020
Қазақ ССР-ның қиын-қыстау кезеңінде алға шыққан тынымсыз еңбегі, аққан жұлдыздай жарқ еткен өмірі мен ғылымда қалдырған ізімен сыйлы – академик Қаныш Сәтбаев 2020 жылы 12 сәуірде 121 жасқа толады. Қазақтың тұңғыш инженер-геологы, ғылым докторы, академик және Қазақ ССР Ғылым Академиясының құрылуының бастауында тұрып, оның бірінші президенті болған Қ.И. Сәтбаев – өмірдің «тар жол, тайғақ кешуін» өз басынан өткізіп, аз да болса оның зейнетті күндерін де көрген ғұлама.
Бүгін – күлкі күні. Ұстаздың жымиған күлкісі тағы көз алдыма келе қалды. Дауысы құлағымда. Мәдениетті дауыспен мәнерлеп оқи жөнелді:
Президент • 31 Наурыз, 2020
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесінің толық мәтіні
Еліміздегі төтенше жағдайға және мемлекеттің дағдарысқа қарсы іс-шараларына байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеме жасады.
Қоғам • 29 Наурыз, 2020
Жақындарын жарылқаймын деп істі болған шенеуніктер
Әдетте дөкейлердің барлығы төңірегіне өзі жақсы танитын, әбден білетін, сенетін адамдарды жинауға тырысады. Осыдан барып «команда» құралады. Сенімді командасының арқасында жұрттан гөрі жақындарының жағдайын көбірек ойлап кететіндері де бар. Міне, елімізде қолында барда қонышынан басып, жақындарын жарылқап тастап, сонысы үшін де бармақтарын шайнап қалған шенеуніктер де аз емес. Солардың кейбіріне тоқтала кетсек.