Қоғам • 09 Маусым, 2020
Еліміз бүгінде ет және сүт өнімдерін экспорттауда ТМД елдерінің арасында көш басында келе жатыр. Бүгінде 1 кг ірімшіктің бағасы 2000 теңге болса, 1 кг құрттың бағасы 1800 теңгеден басталады.
Сұхбат • 05 Маусым, 2020
Сәкен Ділдахмет киікті қорғау, Арал, қорықтар мен ұлттық парктер туралы
5 маусым - Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні. Жердің әрбір тұрғыны бейжай қалмауы тиіс бұл күні әртүрлі экологиялық акциялар мен түрлі жәрмеңкелер ұйымдастырылады. Осы орайда Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахметпен сұхбаттастық. Әңгіме барысында еліміздегі саны көп жабайы жануар киік туралы, Арал аймағындағы сексеуіл отырғызу процесі және Каспий теңізіндегі итбалықтар туралы айтылды. Сондай-ақ Сәкен Ділдахмет алдағы жазда қазақстандықтар баруға болатын еліміздегі ұлттық парктердің үздік бестігін ұсынды.
Тарих • 01 Маусым, 2020
Алтай-Қобданы адақтаған Абай Қасымов
Өткен ғасыр басында патшалық Ресей империясы құлап, қоғамды идеологиялық тұрғыдан тап пен жікке бөліп басқаратын жаңа бағыт – социалистік жүйе пайда болды. Бұл система ғаламға өз ықпалын күшейту үшін 1919 жылы «Коминтерн» атты ұйым құрды. Келесі жылы аталмыш ұйымның Шығыс және Қиыр Шығыс халықтарына революциялық жұмыс жүргізетін секциясы ашылады.
Әдебиет • 28 Мамыр, 2020
Әр сөзі һәм әр ісі ар таразысымен өлшеніп, ар сотымен шешілетін әдебиетте творчество адамдарының сыңары болуға айналған мақтан деген бір мінез бар. Әрине, жақсы мінез емес: сүйкімсіз болса да мықты мінез. Мықтылығы сол, небір мүйізі қарағайдай классиктерді ығына алып жықты. Басына қандай күн туса да мақтанбайды дедік: мақтанды. (Мына біздер, классик жазушының жаман мінездерден ада болғанын қалаймыз һәм талап етеміз! Бұнымыздың дұрыс-бұрысын кім біліпті?..) Енді бір жағынан суық ақылмен ойлап қарасақ, өзі классик (және өзі қазақ) һәм жазғаны шедевр жазушы мақтанбаса, тағы ұят сияқты. Әйтпесе, мақтауды кім керек етпейді? Мақтанды кім іздемейді? Бұл, жарықтық, бәріне керек. Негізгі түйткіл мақтауды кім, кімге, қалай айтуында болып отыр.
Руханият • 24 Мамыр, 2020