Руханият • 25 Маусым, 2020
«QazAlliance» – ізгілік жолындағы ұйым
Жер-жаһанды шарпыған індеттің беталысына қарамастан, Қазақстанның шетелдегі қоғамдық бірлестіктері белсенді жұмыс істеп жатыр. Көршілес Ресейдің өзінде 60-қа жуық қоғамдық бірлестік тіркелсе, әлем бойынша мыңдаған қазақстандықтың басын біріктіріп жүргені қаншама. Солардың бірі «QazAlliance» ұйымының туған жерден жырақта жүрген азаматтарымыздың игілігіне қызмет етіп жүргеніне 5 жыл толды.
Аймақтар • 17 Маусым, 2020
Су басқан Өргебас ауылында құрылыс қалай жүріп жатыр?
Мақтаарал ауданындағы су басқан Өргебас ауылын қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Елді мекендегі 195 үйдің 184-і 17 млн теңге өтемақыны алу үшін келісімшартқа тұрған. Бұл туралы Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды, деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 16 Маусым, 2020
"Дипломмен ауылға" бағдарламасы 500-ге жуық жасқа мүмкіндік береді
Биыл Қостанай облысында ауылға жұмысқа орналасқан жас мамандарға 277,8 мың теңге бір реттік жәрдемақы беріледі. Сонымен қатар жастардың үй салып алуына немесе сатып алуына қолдау көрсетіледі. Бұл мақсатта әрбір жас маманға жылдық сыйақысы 0,01% болатын 4 млн 167 мың теңге көлемінде қаржы беру көзделіп отыр. Бұл мәселе облыс әкімі өткізген селекторлық отырыста жан-жақты талқыланды.
Аймақтар • 15 Маусым, 2020
Батыс Қазақстанда ахуал әлі тұрақсыз
Демалыс күндері Батыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 47 адам тіркелді. Өңір бойынша ауырғандардың жалпы саны 967-ге жетті. Облыстағы 12 ауданның 11-інде вирус жұқтырғандар бар, дегенмен аурудың 82 пайызы Орал қаласынан, деп жазады Egemen.kz
Тарих • 12 Маусым, 2020
АҚШ-та жарық көретін "Нэйшнл джиографик мэгэзин" журналының 1954 жылғы 61-ші санында "Қазақтар азаттыққа қалай аттанды" дейтін мақала жарияланған. Оның авторы Милтон Дж. Кларк деген американдық азамат. Осы мақаламен бірге қазақтар өмірінен түсірілген түрлі-түсті суреттер де берілген. Бажайлап қарасаңыз, суреттерден нағыз қазақы тұрмысты, этнографиялық өмір салты аңғарасыз. Суреттер Пәкстанның Сринагар қаласынан 90 шақырым жерде биік таудың аңғарында түсірілген. Сонда бұл қазақтар кімдер?