Сұхбат • 04 Қараша, 2020
Шекара шебіндегі аудандарда ауқымды жұмыс атқарылуда
Кешегі алмағайып заманда шалғайдағы ауыл халқы үдере көшпесе де, көбі қала жаққа ойысқан. Енді міне, шекара шебіндегі Күршім, Катонқарағай, Зайсан, Тарбағатай және Үржар аудандарының 2020-2024 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары бекітіліп, бірқатар жұмыс қолға алынды. Жоспарға сай басталған жұмыстардың алғашқы нәтижелері туралы бізге Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов айтып берді.
Руханият • 04 Қараша, 2020
Әбу Насыр әл-Фараби өзі өмір сүрген ғасырға дейінгі және өз тұсындағы ғылымдардың барлық саласына қалам тартқан. Оның философия, логика, математика, физика, педагогика, психология, химия, филология және басқа да ғылымдарға қатысты жазба мұрасы жайлы жаһан ғалымдары оқтын-оқтын сөз етіп қояды. Әйтсе де Отырар перзентінің музыка жайлы мұрасы көп зерттеле қойған жоқ. Бұл ретте араб елдері мен Еуропа жұрттары, әсіресе Франция ғалымдарының едәуір еңбек сіңіргенін айтқан жөн.
Қазақстан • 04 Қараша, 2020
Газ-химия кешені отандық экономикаға серпін берер жобаға айнала ма?
Атырау облысының ғана емес, ел экономикасын өркендетудегі жетекші саланың бірі – мұнай-газ өнеркәсібі. Алайда мұнайды өңдеп, жанармай түрлері шығарылғанмен, әлі бұл сала еңсе тіктей алмай отыр. Нақтылай айтқанда, мұнай-химия өнеркәсібіне қажетті өнімдерге қол жеткен жоқ.
Қазақстан • 04 Қараша, 2020
Пошта қызметіне көпшіліктің көңілі неге толмайды?
Қазіргі кезде көп тұрғындардың пошта қызметіне көңілі толмайды. Әсіресе, шалғай ауылдардағы әлеуметтің дені жазылған газет-журналдарының уақытында келмейтінін айтып жиі шағымданады. Журналист ретінде аудан, ауылдарға барып, тұрғындармен кездескенде де көпшіліктің айтатындары сол.
Руханият • 04 Қараша, 2020
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы осыдан екі жыл бұрын жарияланған болатын. Бұл еңбек әлеуметтанушы ғалымдар мен халықаралық сарапшылар тарапынан қоғамды рухани жаңғыруға бағыттаған бағдарламалық ұстын ретінде жоғары бағаланды.