Аймақтар • 23 Желтоқсан, 2020
Токарьға келгенде тоқырап тұрмыз
Бүгінгі тақырып осыдан оншақты жыл бұрын «Шаншар» әзіл-сықақ театрындағы сал-сері туралы қойылымды еске түсіріп отыр. Белгілі актер Уәлибек Әбдірайымов конферансьенің, Нұржан Төлендиев сал-серінің рөлін ойнайтын сол қойылымда Нұржан-Туканың қазақ-қырғыздың басын қосқан үлкен ас жайлы «Пой-пой, несін айтасың, 60 мың үй тігіліп, 40 мың адам шақырылды» дейтіні бар еді ғой. Осыны естігенде күлгенбіз, ал қазір біздегі мамандар даярлау мәселесінің осындай халде тұрғаны ойландырып отыр.
Өнер • 23 Желтоқсан, 2020
Тәуелсіздік күні «Астана Опера» театрында елордалық көрермен назарына ұсынылған «Дала үні» ұлттық балетінің әлемдік премьерасы талғампаз өнерсүйер қауым үшін тамаша тарту болғаны сөзсіз. Өйткені өнердің бұл айтулы оқиғасын көпшілік ерекше толқыныспен асыға күтті. Би тілінде бейнелі бедерленген балет шын мәнінде ұлттық өнер қоржынына қосылған қомақты олжа десек, титтей де артық айтқандығымыз емес.
Экология • 20 Желтоқсан, 2020
Павлодар - индустриялды аймақ. Алпауыт өнеркәсіптердің басын қосқан ERG компаниясы анау айтқандай жұрттың шекесін шылқытпаса да өңірдің гүлденуіне айтарлықтай үлес қосып, бірнеше мыңдаған адамды жұмыспен қамтып отыр. Әттең, таяқтың екі ұшы бар. Ірі зауыттардан бөлінген химиялық қалдықтардың салдарынан экологиямыз ақсап, он екі мүшеміз қақсап тұр.
Руханият • 20 Желтоқсан, 2020
Алаш ұранды әдебиет және Рымғали Нұрғали ұстанымы
Өзінің көп қырлы талантының көрсеткішіндей болып қазақ әдебиеттану ғылымының ірі тұлғасына айналған аса зор білімпаз, ғылымның тылсым тұңғиығына еркін бойлаған оқымысты, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың және гуманитарық ғылымдар саласы бойынша берілетін Шоқан Уәлиханов атындағы бірінші дәрежелі сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Республикасы ғылымы мен техникасына еңбегі сіңген қайраткер, филология ғылымдарының докторы, профессор, тағы да көптеген атақ, лауазымдар мен марапаттарды иеленген Рымғали Нұрғали – қазақ әдебиеттану, әдеби сын саласында өзіндік стильдік өрнек әкелген, зерттеу тәсілінде өзгеше форма, жаңаша мазмұн, ұлттық рух қалыптастырған тұлға.
Руханият • 04 Қараша, 2020