Банк • 04 Желтоқсан, 2023
Банктер проблемалық қарызды кешіруге дайын ба?
Қазақстанда банк секторы тұрақты дамып келеді. Капиталдандыру көрсеткіштерінің жоғары болуы ағымдағы күйзелістерді еңсеруге мүмкіндік береді. 2023 жылғы 10 айдың қорытындысы бойынша банктердің активтері 8,6%-ға ұлғайып, 48,4 трлн теңгені құрады.
Құқық • 04 Желтоқсан, 2023
Қаржы нарығындағы жағдай ешқашан біркелкі өрбімейді. Азаматтардың әлеуметтік санаты, олардың төлем қабілет деңгейі және қаржылық сауаты – әр алуан деңгейде. Мемлекет әртүрлі бастамаларды өз деңгейінде атқаруға тырысқанымен, азаматтарды ортақ тәртіпке бағындыру қай қоғамда да қиын. Әсіресе өмірлік қиын жағдайларға тап болған азаматтардың кредиттері бойынша берешекті реттеуді қамтитын қаржылық қызметтерге жүгінетін тұтынушылардың құқығын қорғау жүйесін дамыту өте маңызды.
Еңбек • 04 Желтоқсан, 2023
Қазақ – малсақ, тіршілігі төрт түлікке байланған. Байланбай қайтсін, көзін ашқаны көргені – жайлау, қыр жағалап жайылған қой-ешкі, мінгені – жылқы. Демек, кәсібі де сол малдың айналасында болуы заңдылық. Біз сол атакәсіпті маңайлаған Күлтін әулетінде қонақта болдық. Айналасын берекеге толтырған «Айдос» шаруа қожалығы бабадан қалған өнегелі істі өрісті етіп отыр.
Әлем • 04 Желтоқсан, 2023
Жаһандық жылынудың рекордтық деңгейі
Дубайда климаттың өзгеруіне қарсы іс-қимылға арналған кезекті саммит басталды. Екі аптаға жуық уақытқа созылатын іргелі жиында көптеген мәселе талқыланбақ. Биыл шартараптың түкпір-түкпірінен келген ел басшылары 28-мәрте бас қосып отыр.
Экспорт • 04 Желтоқсан, 2023
Экспорттық әлеуетті арттыратын бағдарлама
Еліміздің экспорттық әлеуетін арттыру мақсатында IT-аутсорсинг компанияларды қолдауға арналған «Global Outsourcer» бағдарламасының бірінші легі табысты өтті. Акселерациядан өткен 15 команда жалпы құны 158 мың долларды құрайтын 73 келісімшартқа қол жеткізді. Қатысушылардың сату географиясы АҚШ, Канада, Еуропа елдері, Түркия, Аустралия сияқты әлемнің 27 елін қамтиды.