Спорт • 13 Желтоқсан, 2023
15 желтоқсанда Астанадағы Beeline Arena кешенінде кәсіпқой бокстан «IBA-ның чемпиондар түні» деп аталатын халықаралық турнир өтеді. Бұл жарыста қазақтың жуан жұдырықты жігіттерімен қатар, алыс-жақын шет мемлекеттерден келген бірқатар танымал былғары қолғап шеберлері өнер көрсетеді.
Мәдениет • 12 Желтоқсан, 2023
Жас ұрпақ ұлттық құндылықтарды бойына мейлінше мол сіңірген адал да арлы, саналы да парасатты азамат болуы керек-ақ. Бірақ сол тәрбиенің тінін қалай бекітеміз деген сауал бүгінде ел ертеңін ойлайтын адамның бәрін толғандырып жүргендігі хақ. Мысал іздеп төңіректі шоламыз. Жылт еткен жаңалық болса құба-құп. «Жүрген аяққа жүргем ілігеді» демекші, қияндағы Жақсы ауданының Белағаш ауылында жан сүйсінтерлік жақсы іс бар деп естідік.
Қоғам • 12 Желтоқсан, 2023
«Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі», деп Мағжан Жұмабаев айтқандай, ұстаз – ұлы есім, кемел тұлға. Дала қоңырауы атанған Ыбырай атамыздың салған сара жолын жалғастырып, ғылымды меңгеріп, дарынды шәкірт тәрбиелеуге үлес қосып жүрген ұстаздар қаншама. Солардың бірі – талай жанның шырағын жағып, саналы ғұмырын сапалы білім беруге арнап келе жатқан Нұрсұлу Шаймерденова.
Еңбек • 12 Желтоқсан, 2023
Қысқамерзімді кәсіптік оқыту арқылы мамандықты ауыстыруға болады. Қарағанды облысында 571 адам кәсіптік білім алуға жіберілген. Оның көпшілігі жаңа мамандықтың қыр-сырын меңгеріп, жұмысқа да орналасқан.
Қоғам • 12 Желтоқсан, 2023
Абай атындағы Қазақ педагогикалық университетінде филология ғылымдарының докторы, профессор Нұржамал Оралбайқызының туғанына 95 жыл толуына орай «Қазақ тіл білімі және оқыту әдістемесі: дәстүр және болашағы» тақырыбында республикалық дөңгелек үстел өтіп, профессордың атында дәрісхана ашылды. Іс-шара Тіл ғылымы зерттеулерін үйлестіру орталығымен бірлесіп ұйымдастырылды.