Форум • 13 Желтоқсан, 2023
Экономикалық ынтымақтастық аспектілерін талқылау мақсатында отандық 200-ге жуық кәсіпкер мен шетелдік инвестор Қонаев қаласында бас қосты. «Аlatau invest» халықаралық бизнес-форумын Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев салтанатты түрде ашып, бұл іс-шара экономикалық ахуалды өрістетуге және бірнеше ел мен компания арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға көмектесетін негізгі оқиға саналатынын айрықша атады.
Шаруашылық • 13 Желтоқсан, 2023
Аграрлық орталыққа айналамыз десек...
Президент Қ.Тоқаев биылғы Жолдауында елдің экономикалық дамуына басымдық беріп, оның ішінде инвестиция көлемін арттыру, мемлекеттік тапсырыс жүйесін ретке келтіру, корпоративті секторға несие беру мәселелерін шешу, отандық аграрлық саланы дамытуды қолға алуды тапсырған еді.
Сараптама • 13 Желтоқсан, 2023
Балаларға арналған контент қалай талданады?
COVID-19 пандемиясы қоғамның көп саласына әсер еткені секілді балалардың медианы тұтыну үлгілеріне де біраз ықпалын тигізгені сөзсіз. Сол себепті 2020 жылдан кейін әлемде осы саладағы зерттеулер көбейген.
Алматы • 13 Желтоқсан, 2023
«Қазақ тілі» қорына – 100 миллион теңге
«Kusto Group» компаниясының басшылығы «Qazaq tili endowment qory» қазақ тілін қолдау эндаумент-қорына 100 миллион теңге көлемінде жарна аударылғаны туралы мәлімдеді.
Қоғам • 13 Желтоқсан, 2023
Тұрғын үй бағдарламасының тиімдісі қайсы?
Нарық заманының талаптарына бейімделе бастағанымыздан болар, қазір «қаржылық сауат» деген тіркес, тіркес емес-ау, ұғым пайда болды. Үй алуды көксеп жүрген ағайын жиған-тергенін үнемдеп, басы артық кірісті шама келсе шотта жинауға әуестене бастады. Әйткенмен бірді екіге қосып, әупірімдеп жүріп үй алуды мақсат еткен отбасылардың барлығы бірдей тиімді шарттармен баспаналы бола бермейді. Күмәнді компанияларға ұрынып, сан соғып қалғандар да жоқ емес. Қоғамдағы осындай жайттарды ой елегінен өткізе келе, «Тұрғын үй алудың тиімді жолы қайсы?» деген сауалды дөңгелек үстелдің тақырыбына арқау еттік. Дөңгелек үстелде Парламент Мәжілісінің депутаты Дәулет Мұқаев, «Отбасы банкі» Алматы қалалық филиалының директоры Данагүл Түсіпова, экономист, қаржы сарапшысы Айбар Олжай, Астана қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» КММ директоры Нұрсұлу Қожахметова, тұрғын үй бойынша сарапшы Ұлан Дәулетқали тұрғын үй саласындағы өзгерістерді сараптай келе, ақыл-кеңесін де айтты.