Руханият • 16 Желтоқсан, 2023
Халық пен мемлекет ұғымдары екі түрлі ұғым болса да бір-бірінсіз өмір сүре алмайды. Алғашқысы екіншісін қалыптастырса, өз кезегінде екіншісі алғашқының дамуына жол ашып, жағдай жасап отырады. Сол себепті де гуманитарлық және қоғамдық ғылымдарда бұл қос ұғымды бір-бірімен өзара тығыз байланыста қарастырады. Тарихты жасайтын – халық та, оны жазатын – ғалым, зерттейтін – ғылым.
Білім • 16 Желтоқсан, 2023
Қазақ ерте кезден баласын оқытуға, сауатын ашуға тырысқан. Қорадағы соңғы малын сатса да перзентіне білім есігін ашуға барын салатын әдет, әлде үрдіс сонау бағзыдан қалыптасты. Бұл сөзімізге өткен ғасырларда-ақ білімге бойлаған, жырақтан ілім іздеген қазақтар дәлел бола алады.
Үкімет • 16 Желтоқсан, 2023
Инвестиция орнына тариф: Халықты жылумен қалай қамтамасыз етуге болады?
Астанада «Қазақстан электр энергетикасы қауымдастығының» кеңейтілген жалпы жиналысы өтті. «Қазақстанның энергетика саласын дамытудың өзекті мәселелері» тақырыбындағы жиналысқа энергетикаға жауапты мемлекеттік орган өкілдері, жылу және энергия өндіруші кәсіпорындардың басшылары мен саланың жетекші мамандары қатысты.
Қоғам • 16 Желтоқсан, 2023
Қай заманда да ата-әжелеріміздің зейнетақысында береке бар. Шамалы зейнетақысының өзін біраз дүниеге жеткізіп, немерелері түгілі, ұл-қыздарын да жарылқап жүретін қариялардың шарапаты ерекше. Әулеттің әлеуетіне, әлеуметтің көңіл күйіне оң әсерін тигізетін осынау зейнетақының жыл өткен сайын өсіп жатқаны қуантады.
Ауыл • 16 Желтоқсан, 2023
Естеріңізде болса, ел егемендігін жариялаған елең-алаңда ауылдар еңсесі түсе бастаған еді. Жұрт жан бағу үшін үлкен қалаларға қарай босып жатты. Бұл кезең қазақ ауылдарының құты қашқан уақыты еді. Бірақ тәуелсіз атанған еліміз тез арада ес жиып, қажетті шешімдер қабылдауға тырысты. Ауыл жылын жариялап, ақша салды, маман апарды, әлеуметтің жағдайын жақсартуға әрекет етті.