Тарих • 16 Желтоқсан, 2023
ХХ ғасыр басындағы әдебиет өкілдерінің ішінде ғұмырбаяны толық анықталмаған, шығармашылығы жөнінде іргелі зерттеулер жүргізілмеген тұлғаларды анықтау, шығармашылық мұрасын жинақтау, алғы сөзі мен ғылыми түсініктерін жазып кітаптарын шығару, олардың саяси қуғын-сүргінге ұшырау себептерін талдау – маңызды мәселелердің бірі.
Таным • 16 Желтоқсан, 2023
Академик Окладников Абылай хан туралы
Кеңес заманында ғылымнан Социалистік Еңбек Ері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағын алған академик, тарих ғылымдарының докторы, профессор Алексей Окладниковті тарихшы, археолог, этнограф, әдебиеттанушы, фольклоршы, қоғамтанушы ғалымдар ортасында білмейтін адам кемде-кем еді.
Таным • 16 Желтоқсан, 2023
Үлкен мұхиттар тереңінде түрлі құбылыс жүріп жататын көрінеді. Соның бірі – мұхит үстіндегі сыртқы күштердің әсерінен болатын қатты ағынға бағынбай, өз мақсатына жету үшін су асты тіршілік иелерінің ағынға қарсы жүзетін жанкешті әрекеті. Дәл осындай жанкешті қарсылық бодандыққа түскен елдер тарихында кездеседі. Тумысынан еркін өскен кең даланың арда азаматтары бодандық бұғауына көнбеген. Оған қазақ тарихындағы түрлі азаттық күрес куә. Біз ол соғыстарды әлі түгендеп болған жоқпыз.
Басылым • 16 Желтоқсан, 2023
1923 жылы қайраткер, елші, қаламгер Нәзір Төреқұлов «Темірқазық» журналының алғашқы нөмірін баспадан шығарды. Міне, биыл осы тарихи басылымға 100 жыл толып отыр.
Сұхбат • 16 Желтоқсан, 2023
Ғарифолла ӘНЕС: Арналы мұра ұлтпен бірге жасайды
Тәуелсіздік! Оның мәні мен маңызы... ХХ ғасыр басында елдік туын көтерген Алаш тұлғалары. Ғасыр соңында кеңес алаңына шыққан боздақ желтоқсаншылар. Бүгінгі жастар. Осылардың арасындағы көзге көрінбес нәзік рухани байланыс. Болашақ бағдарымыз... Міне, осындай салмағы атан түйеге жүк боларлық сауал-толғаныс төңірегінде филология ғылымдарының докторы, Халықаралық Айтматов академиясының құрметті академигі, Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінің аға ғылыми қызметкері, алаштанушы Ғарифолла ӘНЕС мырзамен тілдескен едік.