Спорт • 20 Желтоқсан, 2023
Өткен аптаның соңы мен осы аптаның басында көптеген спорттық іс-шараның куәсі болдық. Кейбір жауапты жарыстарда жерлестеріміздің қанжығасы майланса, кейбірінде сәтсіз өнер көрсеттік.
Халық • 19 Желтоқсан, 2023
Бұрын да жеке-дара ел болғанбыз. Әріден тартқанда ғұн, түркі жұрты жайындағы деректер осыны айғақтайды. Берісінде Жәнібек пен Керей хандардың ұйытқы болуымен өз алдына Қазақ хандығын құрғанбыз.
Айбын • 19 Желтоқсан, 2023
Ұлттық ұлан қатарындағы Никита Дяченко өз болашағын өнермен сабақтастырады. Өскемен қаласындағы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5518 әскери бөлімнің материалдық-техникалық қамтамасыз ету ротасының маман-операторы біздің сұрағымызға жауап берді.
Тарих • 19 Желтоқсан, 2023
1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі қазақ халқының ұлттық сана-сезімінің өсуіне айрықша ықпал етті. Халықтың өзін-өзі тануын, ұлттық болмыс-бітім, сын-сипатын, ең бастысы, Тәуелсіздік туралы ұғымын түбірімен өзгертті. Желтоқсан демократия мен адам құқығы туралы ұғымға да айта қаларлықтай өзгеріс енгізді.
Зерде • 19 Желтоқсан, 2023
Біз не деген жаны сір халықпыз! Отаршылдық қамытын киген басқа кезеңді айтпағанда, кешегі XX ғасырдың өзінде қазақтың басынан не өтпеді: 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, 1917 жылы кеңес өкіметінің орнауы, 1927-1928 жылдардағы зорлап жүргізген ұжымдастыру, 1930-1933 жылдардағы талай жанды жалмаған алапат аштық, 1937-1938 жылдардағы ұлтымыздың сүт бетіне шыққан қаймақтарын сыпырып әкеткен репрессия, 1941-1945 жылдардағы Екінші дүниежүзілік соғыс, 1954 жылғы тың және тыңайған жерлерді игеру науқаны – осының бәрі халқымызға оңай тиген жоқ. Талай мәрте жіліншігіміз үзіле жаздап барып, аңыздағы феникс құс секілді өз күлімізден жаралып, дүр сілкіндік. Осындай тар құрсаулы кеңестік қоғамның 80-жылдардың соңына қарай жетпіс жылға жуық тоң болып қатқан көбесі сөгілді. Жариялылықтың желі оңынан соқты. Ұлт рухы оянды. Алдымыздан самаладай жарқырап ақ күн туып келе жатты. Тәуелсіздіктің жылы лебі сезілді. Әсіресе отызыншы жылдары жазықсыз жаланың құрбаны болған ел ардақтыларын ақтау қолға алынды. Комиссия құрылды. Енді сол ұлт қайраткерлерінің өмірі мен қызметі туралы мерзімді баспасөзде мақалалар, естеліктер жариялана бастады. Тарихымыздағы ақтаңдақ болып қалған осы тақырыпқа алғаш қалам тербеген журналистің бірі – Армиял Тасымбеков.