Қаржы • 20 Желтоқсан, 2023
Заңсыз шығарылған активтер: 1 трлн теңге мемлекет қазынасына қайтарылды
Биылдан бастап заңсыз шығарылған активтерді қайтару белсенді жүргізіліп жатыр. Мемлекет басшысы бұл іске ерекше маңыз беріп, арнайы заңға да қол қойды. Бас прокуратураның жанынан комитет те құрылды. Қазіргі уақытта қазынаға қайтарылған қаржы көлемі 945 млрд теңгеден асады. Активі 13 млн айлық есептік көрсеткіштен асатын немесе 44 млрд 850 млн теңгеден аса заңсыз қаржы жиғандар заң қырына ілігеді.
Өндіріс • 20 Желтоқсан, 2023
ERG Қазақстан электролиз зауыты құны 15,6 млрд теңгелік инвестициялық жобаны жүзеге асырды
Қазақстан электролиз зауытындағы анод күйдіру пеші күрделі жөндеуден өтіп, қайта іске қосылды. Бұл – өндірісті жаңартып, техникалық тұрғыда қайта қаруландыруды көздеген инвестициялық бағдарламаның жемісі. Жобаның жалпы құны – 15,6 миллиард теңге.
Қоғам • 20 Желтоқсан, 2023
Сәбиді сауықтыратын бағдарлама
Ақтөбе облысында аутизм дертіне шалдыққан 600 бала бар. Олардың жас айырмашылықтары да әртүрлі. Осы балалардың ата-анасы біраз жылдан бері арнайы балабақша ашу қажеттігін күн тәртібіне көтеріп келеді. Өйткені сәбидің аутистік спектрі бұзылғаны неғұрлым ертерек анықталса, соғұрлым мамандар көмегімен қалыпты ортаға бейімдеу мүмкіндігі жоғарылайды. Бала қатарынан қалып қоймасын деп шырылдап жүрген ананың да тілегі осы.
Айбын • 20 Желтоқсан, 2023
Осыдан бес жыл бұрын құрылған «Жас сарбаз» қозғалысы балалар бойында мектептен бастап ұлттық рух ұялатады. Еліміздің барлық өңірінде жасақталған ұйым оқушыларға денешынықтырумен еркін айналысуға мүмкіндік береді. Ең бастысы, жастайынан әскери мамандықтарды игеруіне жол ашады. Бұл ұйым Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, патриоттар тәрбиелеу ісіне белсенді атсалысып келеді. Бүгінде географиясы кеңейіп, құрамы 280 мың тәрбиеленушіге жеткен.
Жемқорлық • 20 Желтоқсан, 2023
Жер-жаһанда жемқорлыққа қарсы қолға алынған шаралардың барлығы жемісті болған жоқ. Бірақ белгілі бір деңгейде жең ұшынан жалғасқан жемқорлықтың жүгенін тартып, қоғамдық санаға сілкініс болғандарын да жоққа шығаруға болмайды. Мәселен, бюрократиясыз бизнес бастап, жұрттың адал еңбек етіп, әлеуметтік жағдайын жақсартуына жол ашып берген еуропалықтардың бойында қазір «елдің қазынасына қол салу» деген түсінік жоқ. Ал бізде қазына қаржысына қол салуды қанына сіңдіріп, әдетіне айналдырған басшылар мен қосшылар көп.