Өндіріс • Кеше
Өңделген тауар – басты табыс көзі
Әлемдік нарықтағы бәсеке сипаты түбегейлі өзгерді. Бұрын көлем мен баға шешуші рөл атқарса, қазір заманауи технология, өңдеу сапасы, қаржылық шарттар алдыңғы қатарға шықты. Бүгінде шикізат жөнелтумен ғана шектелу экономиканың ұзақмерзімді тұрақтылығын қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан тауарды өңдеп, жоғары сапа деңгейіне көтеру басты құндылыққа айналды. Осы бағыттағы жүйелі қадамдардың бірі – «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» (ЭКА) АҚ ұсынып жүрген қаржылық сақтандыру құралдары.
Экономика • Кеше
Ел экономикасының иммунитеті күшейіп келеді
Ел экономикасы биылғы жылдың алғашқы тоқсанын cоны серпінмен, оң көрсеткішпен қорытындылады. Ұлттық экономика министрлігінің (ҰЭМ) мәліметінше, ішкі жалпы өнімнің (ІЖӨ) нақты өсімі 3 пайызды құрады. Алайда бұл жерде құрғақ саннан гөрі сол нәтижеге қай жолмен жеткеніміз маңыздырақ. Күрделі сыртқы геосаяси ахуал мен әлемдік нарықтағы құбылмалылыққа қарамастан еліміздің экономикалық «арбасы» бұрынғыдай тек мұнайға ғана сүйенбей, өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, көлік пен қызмет көрсету салаларының есебінен алға жылжып келеді.
Саясат • Кеше
Орнықтылықты негіздейтін нәтижелі іс
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында биылғы қаңтар-наурыз айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы мен республикалық бюджеттің атқарылу барысы қаралды. Күн тәртібіндегі мәселелер ел экономикасының құрылымдық тұрғыдан жаңғыру бағыты сақталғанын көрсетті.
Саясат • Кеше
Жергілікті көшбасшыларды даярлаудың жаңа бағдарламасы
«Amanat» партиясы жаңа жобаны іске қосты. Жоба партияның кадрлық активінің функционалдық құзыреттерін дамытып, жергілікті жерлерде кәсіби әрі тиімді басқарушы буынды қалыптастыруға бағытталған.
Саясат • Кеше
Алматы энергетикалық кешені жаңғыртылып жатыр
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр жұмыс сапарымен Алматыда болып, ЖЭО-2 мен ЖЭО-3 нысандарындағы жаңғырту барысымен танысты. Энергетикалық инфрақұрылымды жаңарту қаланың жылу және электрмен қамтылу сенімділігін арттыруға, экологиялық жүктемені төмендетуге бағытталған.