Ғылым • 14 Сәуір, 2026
Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада көрнекті ғалым, филология ғылымдарының докторы Ғарифолла Әнестің ғылыми еңбектерінің таныстырылымы өтті. Іс-шараны Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы, «Арыс» баспасы және Ұлттық академиялық кітапхана бірлесіп ұйымдастырды.
Экономика • 14 Сәуір, 2026
Бес жылдан бері елде тауарларды цифрлық таңбалау жүріп жатыр. Сарапшылардың пікірінше, мұндай тәсіл көлеңкелі экономикадан миллиардтаған қаражатты шығаруға көмектеседі. Сауда және интеграция министрінің бұйрығына сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі 19 атаудан 31-ге кеңейтілді. Басты мақсат – тауар қозғалысын цифрлық ізге түсіріп, нарықты сапасыз тауарлардан тазарту.
Ғылым • 14 Сәуір, 2026
Су қорын бақылайтын заманауи жүйе
Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясы еліміздің жетекші ғылыми орталықтары, Қытайдың ғылым академиясы, Чжэцзян технологиялық университеті ғалымдарымен бірлесіп, Су ресурстары және ирригация министрлігіне қарасты «Қазсушар» мекемесінде арнайы кеңес өткізді.
Сараптама • 14 Сәуір, 2026
Электромобиль күдікті ойды сейілте ме?
Елімізде электромобильдерге деген қызығушылық артып келеді. Биыл қаңтар-ақпан айларында жаңа энергия көздерін пайдаланатын 708 жеңіл автокөлік сатылып, өткен жылмен салыстырғанда 4,2 есе өскен. Алайда жаңа технологияның қауіпсіздігіне күмәнмен қарайтындар да бар.
Жастар • 14 Сәуір, 2026
Жауапты ұрпақтың жасампаз қадамы
«Жаңа Ата заң – еліміздің, әсіресе жастардың темірқазығы». Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың референдумда дауыс бергеннен кейінгі брифингте айтқан бұл сөзі өскелең ұрпақтың мемлекет болашағындағы орнын айқындай түседі. Ендеше, жастар конституциялық құндылықтарды нығайтуға қалай үлес қоса алады?