Оқи отырыңыз
Мал ұрлығының алдын алу өзекті
Қазір Солтүстік Қазақстан облысының жеке шаруашылықтарында 900 мыңнан аса қара мал мен жылқы тіркелген. Ауыл тұрғындары нәпақасын осы азын-аулақ төрт түлігімен айырып отыр. Баласын оқыту, емделу, жол жүру сияқты қажетті шығындарын да малымен өтейді. Сондықтан ақ адал малынан айырылып қалу – шаруаларға ауыр соққы.
11 Наурыз, 2026
Ұлт көсемі ұрпағының беймәлім суреттері
Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары архиві – еліміздегі аудиовизуалды құжаттарды сақтауға маманданған бірегей мекеме. Архив қорында ел тарихының маңызды кезеңдерін қамтитын 100 мыңнан астам фотосурет, киноқұжат пен дыбыс жазбасы жинақталған.
11 Наурыз, 2026
Атырауда алаяқтар қылмысы өршіп тұр. Құқық қорғау органдарын интернеттегі алаяқтық қылмысының 14 пайызға артқаны алаңдатады. Кейінгі жылдары арам пиғылды алаяқтардың осындай заңсыз әрекетінен жәбірленушілерге 1 млрд 297 млн теңгеден аса шығын келтірілген.
11 Наурыз, 2026
Павлодар қоймаларында 50 мың тонна картоп пен 30 мың тонна сәбіз сақталып тұр. Бұл облыс тұрғындарының күзге дейінгі қажеттілігін толық қамтамасыз ете алады.
11 Наурыз, 2026
Бүгінде елімізде 2000-нан астам шағын жинақты мектеп жұмыс істейді. Бұл – ауылдағы білім жүйесінің тірегі болғанымен, кадр тапшылығы мен пән мұғалімдерінің жетіспеушілігі секілді мәселелер әлі де өзекті. Осыған байланысты Мемлекет басшысы былтырғы Жолдауында ЖИ-дің білім жүйесінде де басымдыққа ие болуы қажеттігін атап өткен еді. «Жасанды интеллектімен жұмыс істеу құзыретін қалыптастыру әлдеқайда ерте жастан, яғни мектеп қабырғасынан қолға алынуға тиіс.
11 Наурыз, 2026
«Менің атым – Қожа» фильміндегі Рахманов ағайдың: «Оқушы деген қап емес, ішіне не болса соны сыйғыза беретін. Ол – шамшырақ. Тек жаға білу керек», деген сөзі қашанда өзекті. Алайда қазір мектептегі мұғалімдердің алтын уақытын түрлі құжат пен жоспар, есеп-қисап жұтып қоятыны жасырын емес. Қағазбастылықты азайтуға бағытталған талпыныстар болғанымен, күрмеуі қатты бұл түйткіл әзірге шешілген жоқ. Дегенмен осы мәселенің түп-тамырын жоюды көздеген цифрлы жобалардан үміт күтеміз. Мәселен, «Shyraq AI» – жасанды интеллект арқылы мұғалімнің күнделікті жұмысын едәуір жеңілдететін платформа. Кейінгі екі жылдың ішінде 55 мың мұғалім осы жүйеге тіркеліп, қызығын көріп отыр.
11 Наурыз, 2026
Арқалық қаласындағы Дала өлкесі тарихы музейінің көшпелі тұрмыс мәдениетіне арналған бөлімінде XIX ғасырда жасалған асадал мен төсекағаш сақтаулы тұр. Құнды жәдігерлерді кезінде Торғай ауылының тұрғыны Дәметкен Есмағұловадан осы мұражайды ашқан Өзбекәлі Жәнібековтің өзі барып сұрап алған.
11 Наурыз, 2026
Мексикадағы қазақтану: Мағжаннан Димашқа дейін
Димаш десе «Дайдидау» әні, «Дайдидау» десе Димаш есімі қатар аталатыны белгілі. Қайбір жылдары Димаш Құдайберген бір сұхбатында «Дайдидау» әнін әлемге танытсам» деген-ді. Әнші ол арманына жетті. Ал қостанайлық ақын Абылай Мауданның «Дайдидау» поэмасы 2005 жылы туып, автор кейін ән мен әнші танымал болғанда өз қаражатына орыс, түрік, ағылшын тілдеріне аударып, жинақ қылып шығарған. Аталған туынды енді испан тіліне аударылып отыр.
11 Наурыз, 2026
Қаламгердің таңдамалысы таныстырылды
Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада белгілі жазушы-публицист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шархан Қазығұлдың 70 жас мерейтойына орай жарық көрген «Таңдамалы» жинағының тұсаукесері өтті.
11 Наурыз, 2026
Қазақстандағы референдумды 38 елден келген 359 байқаушы бақылайды
Қазақстанда республикалық референдумға жүйелі дайындық жалғасып жатыр. Дауыс беру рәсімдерінің ашықтығы мен оларға сенімді қамтамасыз етуге ерекше назар аударылуда. Бұл үдерісте халықаралық байқаушылардың қатысуы маңызды рөл атқарады, деп хабарлайды Egemen.kz.
10 Наурыз, 2026
Атыраудағы отбасының қазасы: Қылмысқа тұрмыстық жанжал себеп болуы мүмкін
Атырауда жоғалып кетіп, кейін мәйіттері табылған отбасы мүшелерінің өліміне қатысты жаңа мәліметтер жарияланды. Бұл туралы ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
10 Наурыз, 2026
Астана әуежайында рейстер кестесі өзгерді
Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана әуежайында кейбір рейстер кешігіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
10 Наурыз, 2026
Орал және Ақсай қалаларының бас жоспарларына өзгерістер енгізіледі
Аталған 2 қала бойынша 32 егжей-тегжейлі 32 жоспарлау жобасы әзірленіп отыр. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Үкімет отырысында мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
10 Наурыз, 2026
Таяу Шығыс елдерінен қанша азамат елге қайтарылды?
Сыртқы істер министрлігі құзырлы мемлекеттік органдармен бірлесіп, Таяу Шығыстан азаматтарымызды қайтару жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
10 Наурыз, 2026
Ақтүтек боран: Полиция жүргізушілерге алыс жолға шықпауды ескертті
Қарағанды облысында ақтүтек боран басталды. Салдарынан республикалық және облыстық маңызы бар бірнеше автожолда барлық көліктердің қозғалысына уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
10 Наурыз, 2026
Астанада құрылыс барысын жасанды интеллект бақылайды
Астанада құрылыс нысандарының барысы жасанды интеллект (ЖИ) және компьютерлік көру технологиялары арқылы бақылауға алына бастады. Бұл туралы сала министрі Жаслан Мәдиев Үкімет отырысында атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
10 Наурыз, 2026
Дәрігерлер ЖИ көмегімен инсульт пен онкологиялық ауруларды ерте анықтап жатыр
Қазақстанда денсаулық сақтау саласында жасанды интеллект (AI) технологиялары кезең-кезеңімен енгізіліп, диагностиканың дәлдігін арттыру, клиникалық шешімдерді жылдам қабылдау және медициналық қызмет сапасын көтеру мақсатында қолданылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
10 Наурыз, 2026
Шымкентте матч кезінде жаппай төбелес болды: Екі ойыншы жарақат алды
Шымкент қаласында өткен жастар арасындағы бақылау матчында алаңдағы келіспеушілік жаппай төбелеске ұласып, салдарынан «Ақтөбе» клубының екі жас футболшысы ауруханаға жеткізілді. Оқиға әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, қоғам назарын аударды, деп жазады Egemen.kz.
10 Наурыз, 2026
Өтемдік тариф: Қарағандыда коммуналдық қызмет бағасы 2027 жылға дейін төмендетілді
Қарағанды облысының тұрғындарына коммуналдық қызметтер үшін 3,1 млрд теңгеден астам қаражат қайтарылады. Аталған қаржыны табиғи монополия субъектілері тариф арқылы жинағанымен, жоспарланған жұмыстар мен шығындарға толық пайдаланылмаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
10 Наурыз, 2026
Бүгінгі кәсіпкер әйелдер табыс тауып қана қоймай, жаңа мәдени орта қалыптастырып, ұлттық болмысты заманауи нарыққа бейімдеп жүр. Бірі ұлттық дәстүрді ұлықтап, қаржы көзін тапса, енді бірі бос кеңістіктен іскерлік алаң құрды, үшіншісі әсемдік әлемінде төл рухты тірілтеді. Оларды біріктіретін ортақ қасиет – табандылық, жаңашылдық, өз ісіне деген сенімділік.
07 Наурыз, 2026