Ұлттық ұлан
Қысқы спорт • 05 Ақпан, 2026
Қысқы Олимпиада ойындары: Ұландық спортшылар ел намысын қорғайды
6-22 ақпан аралығында Италияда XXV қысқы Олимпиада ойындары өтеді. Қазақстан құрамасында ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері де бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 02 Ақпан, 2026
Астанада ұландықтар есірткі қылмысының жолын кесті
Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінің әскери қызметшілері елорданың Байқоңыр ауданында патрульдеу кезінде есірткіге қатысты қылмыстың жолын кесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 29 Қаңтар, 2026
Ұлттық ұлан мен «Аналар жүрегі»: Әскердегі бақылау қалай өзгереді?
ІІМ Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығында «Аналар жүрегі» сарбаздар аналары комитеті» республикалық қоғамдық бірлестігі мен Ұлттық ұлан арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 22 Қаңтар, 2026
Әскери қызметшілер мен отбасы мүшелері пойызбен тегін қатынайды
ІІМ Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығында әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне пойызбен тегін қатынау құқығын іске асыруға арналған кешенді іс-шара өтті. Жиын барысында жеке құрамға жаңа әлеуметтік бастаманың мазмұны түсіндіріліп, оны өңірлерде тиімді жүзеге асыру тетіктері кеңінен талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 16 Қаңтар, 2026
Мәжіліс депутаттары Ұлттық ұлан сарбаздарымен кездесті
Астана қаласының қоғамдық тәртібі мен тыныштығын күзеткен ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5573 әскери бөліміне Мәжіліс депутаттары арнайы келді. Делегация құрамында Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшелері депутаттар Дәулет Тұрлыханов, Болат Керімбек және Ардақ Назаров болды. Іс-шараға АМANAT партиясының Астана қалалық филиалының қызметкерлері мен жергілікті атқарушы орган өкілдері де қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 16 Қаңтар, 2026
Өрт кезінде ерлік танытқан жігіт Ұлттық ұлан қатарына қосылды
Диас Тәңірбегеновтің есімі Семей қаласының тұрғындарына жақсы таныс. Өткен жылдың 11 сәуірінде жас жігіт көпқабатты тұрғын үйде болған өрт кезінде ерлік пен жанқиярлық танытып, жалын шарпыған пәтерден көршісін құтқарып қалды. Көрсеткен батылдығы үшін ол Төтенше жағдайлар министрлігінің «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 13 Қаңтар, 2026
Ұландықтар жол жиегіне шығып кеткен жүргізушіге көмек көрсетті
Ақмола облысындағы «Ақкөл–Степногорск» автожолында ауа райының қолайсыздығы салдарынан жолға шыққан азамат қиын жағдайға тап болды. Тайғақ жолда автокөлік басқаруға көнбей, жол жиегіндегі қарлы жыраға сырғып кеткен. Қалың қарға батқан көлік өздігінен шыға алмай қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 12 Қаңтар, 2026
Астанада Ұлттық ұланның мерекелік концерті өтті
Іс-шара ІІМ Ұлттық ұлан күніне және «Сұңқар» арнайы мақсаттағы жасағының құрылғанына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 10 Қаңтар, 2026
Бүгін, 10 қаңтарда Қазақстанда Ұлттық ұлан күні атап өтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 09 Қаңтар, 2026
Бас прокуратура Шымкентте көз жұмған сарбаз туралы пікір білдірді
Шымкент қаласында Ұлттық ұланның мерзімді әскери қызметшісі қаза тапқан еді. Осыған байланысты қозғалған қылмыстық іске Бас әскери прокуратура түсініктеме берді, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 30 Желтоқсан, 2025
Елордалық ұландықтар өз күшімен мұз қалашығын жасады
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Ұлттық ұланның елордалық 5573 әскери бөлімінің аумағы жарқыраған, ертегідей әрі ерекше жылы атмосфераға толы нағыз мұз қалашыққа айналды, деп жазады Egemen.kz.
Әскер • 29 Желтоқсан, 2025
Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы сарбаздардың бес арманын орындады
Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы үміт пен ізгі ниетке толы ерекше кезең Жаңа жылда сарбаздардың ғажайыпқа деген сенімін оятып, шынайы тілектерін орындады, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 25 Желтоқсан, 2025
Ұлан сарбаздары елордалықтарға мерекелік сый жасады
Жаңа жыл қарсаңында Ұлттық ұланның әскери қызметшілері «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығында елорда тұрғындары мен қонақтарына ерекше музыкалық сый жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 21 Желтоқсан, 2025
Ұлттық ұландағы ұлықтау кеші: Астаналық сарбаздар үйлеріне қайтады
ІІМ Ұлттық ұланының 6636 әскери бөлімінде Отан алдындағы қасиетті борышын абыроймен атқарып, запасқа шығуға әзір тұрған 120-дан астам сарбазды ұлықтауға арналған салтанатты іс-шара өтті, деп жазады Egemen.kz.
Әскер • 13 Желтоқсан, 2025
Ұлттық ұлан сарбаздарының қырағылығы үлгі болды
Тараз қаласында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жүрген 5513 әскери бөлімінің әскери жасағы қызметтік міндетін атқару барысында жол шетінде жерде жатқан қымбат маркалы ұялы телефонды байқап қалады. Табылған зат туралы олар дереу әскери жасақ кезекшісіне хабарлайды.
Оқиға • 08 Желтоқсан, 2025
Ұлттық ұланда асыл тұқымды қызметтік иттердің қатары артып келеді
Биыл 6654 әскери бөлімнің кинология орталығында асыл тұқымды 40-тан астам күшік болашақта ел тыныштығын қамтамасыз етуге үйретіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 30 Қараша, 2025
Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығында қаржылық сауаттылық сабағы өтті
Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығында әскери қызметшілердің құқықтық және экономикалық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Қаржылық сауаттылық» тақырыбында ақпараттық-оқыту сабағы ұйымдастырылды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 29 Қараша, 2025
Әбиба Әбужақынова Grand Slam турнирінде қола жүлдеге ие болды
Ұлттық ұланның спорт командасын даярлау орталығының аға маманы — дене шынықтыру және спорт жөніндегі аға нұсқаушы ефрейтор Әбиба Әбужақынова Абу-Дабиде (БАӘ) өткен Grand Slam сериясындағы дзюдодан ірі халықаралық турнирде қола медаль жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 24 Қараша, 2025
Абақтыға 8 телефон алып кірмек болған: Ұлттық ұлан сарбаздары қырағылық танытты
Аршалыдағы қауіпсіздігі барынша жоғары түзету мекемесі аумағына тыйым салынған заттарды жасырын өткізбек болғандардың әрекеті дер кезінде тоқтатылды, деп жазады Egemen.kz.
Технология • 30 Қазан, 2025
Ұлттық ұланда цифрландыру жаңа деңгейге шықты
Құқықтық тәртіп әскерінде цифрландыру үдерісі жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Осы ретте ҚР ІІМ Ұлттық ұлан академиясында цифрландыру дәуіріндегі ақпараттық қауіпсіздік пен коммуникацияның жаңа бағыттарына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті, деп жазады Egemen.kz.
Айбын • 28 Қазан, 2025
Ұлттық ұлан сарбазы әскери мультфильм жасап шықты
Қатаң тәртіппен жүретін әскери өмірде де шығармашылыққа орын бар. Мұның жарқын үлгісі – 5573 әскери бөлімінің сарбазы қатардағы Айдын Рахымов. Ол әскери қызметін өтей жүріп, мультфильм арқылы патриотизм мен достықты насихаттап жүр, деп жазады Egemen.kz.
Республика күні • 27 Қазан, 2025
Ұлттық ұлан сарбаздары диктант жазды
Республика күні қарсаңында Астанадағы ІІМ Ұлттық ұланының 6636 әскери бөлімінде қазақтың ұлы ағартушысы Ахмет Байтұрсыновтың «Оқу жайы» атты еңбегі негізінде ашық республикалық диктант өтті. Шараға жүзге жуық әскери қызметші қатысып, мемлекеттік тілге деген құрмет пен сауаттылықты арттыру мақсатын көздеді, деп жазады Egemen.kz.
Әскер • 26 Қазан, 2025
Ұландықтар жоғалған смартфондарды иелеріне қайтарды
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының елордалық 5573 әскери бөлімінің әскери қызметшілері қоғамдық тәртіпті сақтау қызметін атқару кезінде адалдық пен жоғары жауапкершіліктің үлгісін көрсетті. Бір күнде олар бірден үш ұялы телефонды иелеріне қайтара алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 26 Қазан, 2025
Ұландықтар Республика күнін атап өтті
Алматы қаласындағы Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында Республика күніне арналған салтанатты кеш өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Республика күні • 24 Қазан, 2025
Аңсаған Балтабеков полицейлерді Республика күнімен құттықтады
Ішкі істер министрінің орынбасары - Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-майор Аңсаған Балтабеков Ақмола облысының Полиция департаментіне барды, деп жазады Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 23 Қазан, 2025
Республика күні қарсаңында Ұлттық ұланда жаңа казарма ашылды
Көкшетау қаласында Ұлттық ұланның «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5510 әскери бөлімінде жаңа заманауи казарма пайдалануға берілді, деп жазады Egemen.kz.
Әскер • 22 Қазан, 2025
Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Өскемендегі әскери бөлімдерді тексерді
Ішкі істер министрінің орынбасары - Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-майор Аңсаған Балтабеков құқықтық тәртіп әскерінің Өскемендегі Дағдарысқа қарсы оқу-жаттығу орталығын және әскери бөлімдерді аралады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 22 Қазан, 2025
Ұландықтар Олимпиада чемпионымен кездесті
Кеңес Одағының Батыры, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлы атындағы Ұлттық ұланның 5571 әскери бөлімінің жеке құрамы Сиднейде өткен XXVII жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы, әйгілі боксшы Ермахан Ибраимовпен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Айбын • 07 Қазан, 2025
«Аға сарбаздар» институтының тиімділігі неде
ІІМ Ұлттық ұланында тәрбие жұмысын жетілдіру және қызмет өткеру жағдайын жақсарту мақсатында 5573 әскери бөлімде «аға сарбаздар» институты енгізіліп жатыр. Бұл бастама мерзімді қызмет әскери қызметшілері арасындағы тәлімгерлік жүйесін дамытуға бағытталып, алғашқы оң нәтижелерін көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 21 Қыркүйек, 2025
Ұлттық ұланның офицері екінші рет адам өмірін сақтап қалды
Капитан Рүстем Әбішев Астана қаласындағы аулалардың бірінде денсаулығы күрт нашарлаған азаматқа көмек қолын созды. Оның жедел әрекетінің арқасында ер адам аман қалды. Бұл оның адам өміріне екінші рет араша түсуі, деп жазады Egemen.kz.