қысқы Олимпиада
Қысқы спорт • 23 Ақпан, 2026
Қазақстан құрамасының қысқы Олимпиададағы жолы: Жылдар мен нәтижелер
Ақпан айының 6-22 аралығында әлемнің 94 елінен 2 917 спортшысы жарыс жолына шыққан дүбірлі дода – Милан және Кортина-2026 қысқы Олимпиада ойындары өтті. Күні кеше мәресіне жеткен төртжылдықтың басты бәсекесі Қазақстан атлеттері үшін қысқы Олимпиада тарихындағы екінші үздік көрсеткіш ретінде тіркелді. Нақтыласақ, ел спортшылары 1994 жылы тәуелсіз ел ретінде алғаш қатысқан Лиллехаммер Олимпиадасын 12-орынмен аяқтаса, Италияның қос қаласында ұйымдастырылған биылғы бәсеке 19-орынмен қорытындыланды. Қазақстан құрамасының 2018 жылғы Пхёнчханнан бергі медальсіз өткен Олимпиадалық жолына мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров нүкте қойды. Тарих қойнауына бет алған тағы бір Олимпиадалық циклдің аяқталар тұсында бұған дейінгі қысқы спорт тартысындағы бағынған межелерге тоқталамыз, деп жазады Egemen.kz.
Қысқы спорт • 20 Ақпан, 2026
Қысқы Олимпиада: Бүгін жарыс жолына кімдер шығады?
Бүгін Италияда өтіп жатқан қысқы Олимпиада бағдарламасында отандастарымыз спорттың үш түрі бойынша жүлдеге таласады, деп жазады Egemen.kz.
Қысқы спорт • 18 Ақпан, 2026
Шаңғы жарысының спринт түрінде бақ сынаған отандастарымыздың нәтижесі қандай?
Бүгін Италиядағы XXV қысқы олимпия ойындарында шаңғы жарысынан әйелдер командасы арасындағы спринт бәсекесі өтті. Ел құрамасы сапында Дарья Ряжко мен Надежда Степашкина сынға түсті, деп жазады Egemen.kz.
Қысқы спорт • 18 Ақпан, 2026
Қысқы Олимпиада: Бүгін отандастарымыз қай спорт түрлері бойынша бақ сынайды?
Туризм және спорт министрлігі Милан және Кортинадағы қысқы Олимпиаданың бүгінгі жарыс күнінде ел намысын қорғайтын атлеттеріміздің жарыс кестесін жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Қысқы спорт • 16 Ақпан, 2026
Қысқы Олимпиада: Шорт-трекші Абзал Әжіғалиев пен Денис Никиша ширек финалға өтті
Милан қаласында XXV қысқы Олимпиаданың шорт-тректен ерлер арасындағы 500 метрге іріктеу жарысы өтті. Бұл сында Абзал Әжіғалиев пен Денис Никиша бәсекеге түсті, деп жазады Egemen.kz.
Қысқы спорт • 16 Ақпан, 2026
Қысқы Олимпиада: Сарапшы кімдерді жүлдеге лайық деп санайды?
Италияның Милан және Кортино қалаларында өтіп жатқан ХХV қысқы Олимпиада ойындары бел ортасынан ауды. Турнирлік кестеде қысқы спорт түрлерін шебер меңгерген елдер көш бастап тұр. Десе де төртжылдықтың басты бәсекесінің мәреге жетуіне 6 күн барын ескерсек, қорытынды есеп құбылуы бек мүмкін, деп жазады Egemen.kz.
Қысқы спорт • 12 Ақпан, 2026
Могулшы Павел Колмаков жекелей сында жарыс жолынан шығып қалды
Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында фристайл-могулдан ерлер арасындағы алғашқы финалдық сайыс өз мәресіне жетті, деп жазады Egemen.kz.
Қысқы спорт • 11 Ақпан, 2026
Қысқы Олимпиада: Отандастарымыздың бүгінгі жарыс кестесі жарияланды
Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындары жалғасып жатыр. Бүгін төртжылдықтың басты бәсекесінде жерлестеріміз спорттың 3 түрі бойынша жарыс жолына шығады, деп жазады Egemen.kz.
Олимпиада • 08 Ақпан, 2026
Олимпиада-2026: Қазақстанның ерлер құрамасы скиатлонда қалай өнер көрсетті?
Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындары аясында шаңғы жарысынан ерлер арасында скиатлон (10 шақырым + 10 шақырым) бәсекесі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Олимпиада • 07 Ақпан, 2026
Қысқы Олимпиаданың алғашқы алтын жүлдесі кімге бұйырды?
Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында шаңғы жарыстары басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 07 Ақпан, 2026
Қазақстан құрамасы Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу рәсіміне қатысты
Италияның Милан қаласындағы «Сан-Сиро» стадионында XXV Қысқы Олимпиада ойындары басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 07 Ақпан, 2026
Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты басталды
Италияның Милан қаласындағы «Сан-Сиро» стадионында XXV қысқы Олимпия ойындарының салтанатты ашылу рәсімі басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 06 Ақпан, 2026
Бүгін XXV қысқы Олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімі өтеді
Бүгін Италияның Милан қаласындағы «Сан-Сиро» стадионында XXV қысқы Олимпия ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 04 Ақпан, 2026
Қысқы Олимпиада ойындарын қайдан көруге болады?
Биылғы жылдың басты спорттық додасы 6-22 ақпан аралығында Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді. Қысқы Олимпиада ойындарын Qazaqstan және Qazsport телеарналары тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Олимпиада • 04 Ақпан, 2026
Олимпиада шығыны 5 млрд доллардан асты
Қысқы Олимпиада ойындарына дайындық шығыны жоспарланғаннан қымбатқа түсіп отыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бастапқыда шамамен 400 млн доллар қосымша шығындар болғанымен, жалпы шығын 5 млрд доллардан астам, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 02 Ақпан, 2026
Италиядағы ақ Олимпиада: Спортшылардың жарыс кестесі жарияланды
XXV қысқы Олимпиада ойындары осы айдың 6-22 күндері аралығында Италияда өтеді. Туризм және спорт министрлігі отандық спортшылардың жарыс кестесін жариялады. Төрт жылдықтың басты бәсекесіне Қазақстаннан шамамен 40 атлет қатысып, спорттың 10 түрі бойынша бақ сынайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қысқы спорт • 27 Қаңтар, 2026
Ақ Олимпиада: Қазақстан құрамасының табысы мен тоқырауы
Ақпанның 6-сы күні Италияның қос қаласы – Милан және Кортина-д'Ампеццода төртжылдықтың басты бәсекесі қысқы Олимпиада ойындары басталады. Дүние жүзінің ең мықты спортшылары бақ сынайтын ақ ойындарда ел намысын 10 спорт түрі бойынша 36 спортшы қорғайды. Қазақстан тұңғыш рет 1924 жылы Францияның Шамони қаласында өткен қысқы Олимпиададан кейін араға 70 жыл салып, 1994 жылы жылы бәсекеге алғаш рет тәуелсіз ел ретінде қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 23 Қаңтар, 2026
Президент қысқы Олимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қысқы Олимпиада ойындары мен Паралимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 22 Қаңтар, 2026
Қысқы Олимпиада ойындарында ел намысын 36 спортшы қорғайды
Милан қаласында өтетін Қысқы Олимпиада ойындарының басталуына шамамен екі апта қалды. Төрт жылдықтың басты бәсекесінде ел намысын спорттың 10 түрінен 36 спортшы қорғайды. Бұл 2022 жылы Бейжіңде өткен Олимпиада ойындарымен салыстырғанда екі спортшыға артық, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 21 Қаңтар, 2026
Олимпиадаға қатысатын биатлоншылар белгілі болды
Қазақстан биатлоншылар одағы жаттықтырушылар штабымен бірлесіп, Италияда өтетін қысқы Олимпиада ойындарында ел намысын қорғайтын спортшылардың тізімін ресми түрде бекітті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қысқы спорт • 16 Қаңтар, 2026
Қысқы Олимпиада ойындарын қайдан тамашалауға болады?
6-22 ақпан аралығында Италияның Милан және Кортина-д-Ампеццо қалаларында XXV қысқы Олимпиада ойындары өтеді. Төрт жылдықтың басты бәсекесін «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрермен назарына ұсынады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 30 Желтоқсан, 2025
Ел спортшылары қысқы Олимпиада ойындарында қандай киім үлгісімен өнер көрсетеді?
Бүгін Үкімет отырысында туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов ел спортшыларының XXV қысқы Олимпиада ойындарына арналған киімдерінің үлгісі бекітілгенін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 25 Желтоқсан, 2025
Қазақстан Қысқы Олимпиадаға қанша лицензиямен барады
2026 жылғы XXV қысқы Олимпиада ойындарының басталуына аз уақыт қалды. Италияның Милан мен Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтетін дүбірлі додаға Қазақстан құрамасының қалай дайындалып жатқаны белгілі болды, деп жазады Egemen.kz.
Қысқы спорт • 19 Желтоқсан, 2025
Ел құрамасы қысқы Олимпиада ойындарына тағы 12 лицензия жеңіп алды
Конькимен жүгіруден 14 қараша–14 желтоқсан аралығында АҚШ, Канада, Нидерланд және Норвегияда өткен Әлем кубогі кезеңдерінің қорытындысы бойынша ел құрамасы 12 лицензия иеленді. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі хабарлап отыр, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 05 Желтоқсан, 2025
Римде 2026 жылғы Олимпиада ойындарының алауы жағылды
Римдегі Пьяцца дель Квиринале алаңында Милан-Кортина-2026 қысқы Олимпиада ойындарының алауын жағу салтанатты рәсімі өтті, деп хабарлайды Ұлттық олимпиада комитеті.
Спорт • 29 Қазан, 2025
Қысқы Олимпиадаға 100 күн қалды
XXV қысқы Олимпиада 2026 жылы ақпан айының 6-22 күндері аралығында Италияның Милан мен Кортина-д’Ампеццода және басқа да қалаларында өтеді, деп жазады Egemen.kz.
Қысқы спорт • 19 Қаңтар, 2024
Канвон-2024: Жерлестеріміздің жарыс жолына қашан шығатыны белгілі болды
Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында 19 қаңтар - 1 ақпан аралығында Жасөспірімдер арасында IV қысқы Олимпиада өтеді. Ел намысын қорғайтын спортшылар жеті спорт түрінің бесеуінде бақ сынайды. Жасөспірімдер құрамасының жарыс жолына шығатын кестесін Туризм және спорт министрлігі жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 09 Наурыз, 2023
Италияда өтетін қысқы Олимпиада ойындарының тұмары таңдалды
Милан мен Кортина-д'Ампеццо қалаларында өтетін 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының бойтұмары ақ және қоңыр түсті дулығалы ақкіс (ақ тышқан) болмақ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қысқы спорт • 23 Қаңтар, 2023
Қысқы Олимпиадаға ұялмай жіберетін спортшыларымыз бар – Сағдат Садық
Нью-Йоркта 2023 жылғы қысқы Универсиада ойындарының жабылуы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 09 Наурыз, 2022
2026 жылғы қысқы Олимпиаданың ресми әнұраны бекітілді
Италия Милан мен Кортина-Д'Ампеццода өтетін 2026 жылғы қысқы Олимпиада және Паралимпиада ойындарының ресми әнұранын таңдады, оны Rai Uno телеарнасында ресми түрде дауыс беруді бастаған итальяндық теле және радио жүргізушісі Амадеус жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.