Спорт • 22 Қаңтар, 2026

Қысқы Олимпиада ойындарында ел намысын 36 спортшы қорғайды

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Милан қаласында өтетін Қысқы Олимпиада ойындарының басталуына шамамен екі апта қалды. Төрт жылдықтың басты бәсекесінде ел намысын спорттың 10 түрінен 36 спортшы қорғайды. Бұл 2022 жылы Бейжіңде өткен Олимпиада ойындарымен салыстырғанда екі спортшыға артық, деп хабарлайды Egemen.kz

Қысқы Олимпиада ойындарында ел намысын 36 спортшы қорғайды

Қазақстан үшін бұл тоғызыншы қысқы Олимпиада ойындары болмақ. Команда спорттың 10 түрі бойынша өнер көрсетеді. 

2026 жылғы Олимпиаданың басты ерекшелігі – гендерлік теңгерімнің сақталуы. Ұлттық құрама сапында тәжірибелі спортшылармен қатар, Олимпиадада алғаш рет бақ сынайтын дебютанттар да бар. Атап айтқанда, 18 спортшы Олимпиада ойындарына тұңғыш рет қатысады.

2018 жылғы Олимпиаданың жүлдегері Юлия Галышева өз спорттық мансабындағы бесінші Олимпиадасын өткізеді. Ал шорт-трек шеберлері Абзал Әжғалиев пен Денис Никиша Олимпиада ойындарына төртінші рет қатысады.

Олимпиадаға қатысатын биатлоншылар белгілі болды

Сондай-ақ команда құрамында әлем чемпионаттарының жүлдегерлері Михаил Шайдоров пен Анастасия Городко бар.

Ұлттық құраманың ең жас мүшесі – 16 жастағы Асан Асылхан. Ол Азия ойындарының жүлдегері.

Айта кетейік, 2026 жылғы XXV Қысқы олимпиада ойындары 6-22 ақпан аралығында Италияның Милан және  Кортина-д'Ампеццо қаласында өтеді. 

Олимпиада: Қазақстан биатлоншыларына 4 жолдама берілді

Соңғы жаңалықтар