Соңғы жаңалықтар
Әлем • 02 Қаңтар, 2026
2026 жылы iPhone 18 шықпауы мүмкін
MacRumors басылымының мәліметінше, Apple компаниясы өзінің ондаған жылдар бойы қалыптасқан дәстүрін бұзып, iPhone шығару кестесін түбегейлі өзгертуді жоспарлап отыр. 2026 жылдың күзінде үйреншікті iPhone 18 моделі таныстырылмайды деген болжам бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 02 Қаңтар, 2026
Екі жылда 28 млн доллар игерілді: Азаматтар Ұлттық қор қаражатын қалай жұмсап жатыр?
Елімізде «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасының қолға алынғанына екі жыл толды. Осы уақыт ішінде ел тұрғындары 28 млн доллардан астам қаражатты тиімді пайдаланып үлгерді. Бұл ретте ата-аналар мемлекет тарапынан берілген мүмкіндікті негізінен баспана мәселесін шешу мен балаларының білім алуына бағыттаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 02 Қаңтар, 2026
Ауғанстандағы су тасқынынан 17 адам қаза тапты
Ауғанстанда су тасқыны салдарынан 17 адам қаза тауып, 11 адам түрлі жарақат алды. Елдегі ұзаққа созылған құрғақшылықтың соңы нөсер жауын мен қалың қарға ұласып, арты табиғи апатқа айналды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 02 Қаңтар, 2026
Пиротехниканың зардабы: Жаңа жыл түні Италияда 280-нен астам адам ауруханаға түсті
Италияда 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні мерекелік пиротехниканы қолданудың соңы қайғылы жағдайларға ұласты. Тәртіп сақшылары мен дәрігерлердің мәліметінше, жарылыстар салдарынан бір адам ажал құшып, жүздеген тұрғын түрлі деңгейдегі жарақат алған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 02 Қаңтар, 2026
3 қаңтарда күшті магниттік дауыл болады: Ғалымдар ескерту жариялады
2026 жылдың алғашқы магниттік дауылы 2-нен 3-іне қараған түні болуы мүмкін. Мамандардың болжамынша, оның күші G3 деңгейіне, яғни «күшті дауыл» санатына дейін жетуі ықтимал, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 02 Қаңтар, 2026
Кендірлі мен Қатонқарағайға ұшақ қонады: 2026 жылы әуе қатынасы қалай өзгереді?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әуе хабтарын дамыту және еліміздің транзиттік әлеуетін нығайту жөніндегі тапсырмасы аясында азаматтық авиация саласында ауқымды жұмыстар атқарылмақ. Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева 2026 жылы атқарылатын негізгі жобалардың жай-жапсарын баяндады, деп хабарладй Egemen.kz.
Аймақтар • 02 Қаңтар, 2026
Атырау облысында бір отбасы жұмбақ жағдайда жоғалып кетті
Атырау облысында төрт адам жұмбақ жағдайда жоғалып кетті. Туыстары олардың қайда және не мақсатпен кеткенінен бейхабар, ал әлеуметтік желілерде отбасы мүшелерін күштеп әкетуі мүмкін деген қауесет тарап жатыр. Бұл жағдайға байланысты облыстық полиция департаменті ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 02 Қаңтар, 2026
2025 жылы әлемде 130-ға жуық журналист қаза тапты
Халықаралық журналистер федерациясы (IFJ) 2025 жылдың қорытындысы бойынша БАҚ қызметкерлерінің өліміне қатысты деректерді жариялады. Ұйымның мәліметінше, өткен жылы әлемнің әртүрлі аймақтарында 128 журналист пен БАҚ қызметкері қаза тапқан, оның ішінде 10-ы – әйел, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өндіріс • 02 Қаңтар, 2026
Қазақстан май экспортынан 532 млн доллар табыс тапты
Еліміздің сыртқы сауда айналымында күнбағыс майының үлесі айтарлықтай артып, негізгі экспорттық тауарлардың қатарына қосылды. Қазіргі таңда сыртқа жөнелтілетін өнім көлемі ішкі нарықтағы сату көрсеткішінен 2,4 есе көп. Экспорт пен ішкі өткізу көлемі арасындағы мұндай алшақтық соңғы жылдары алғаш рет тіркеліп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 02 Қаңтар, 2026
«Қазақтелеком» интернеттің нашарлау себебін түсіндірді
«Қазақтелеком» абоненттері интернет жылдамдығының төмендеп кеткеніне наразы. Пайдаланушылардың айтуынша, әсіресе YouTube платформасындағы видеолар өте баяу жүктеліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 02 Қаңтар, 2026
Зейнетақы төлемдері салықтан босатылып, көпбалалы отбасыларға шегерімдер енгізілді
Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті салық салу тәртібі мен 2026 жылдан бастап күшіне енетін жеке табыс салығы (ЖТС) бойынша негізгі өзгерістер туралы мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 02 Қаңтар, 2026
Қазақстанда балағат сөздер мен қоқыс тастағаны үшін салынатын айыппұл мөлшері өсті
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін қолданылатын ақшалай санкциялар көлемі ұлғайды. Бұл айыппұлдар мөлшері айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) өсуімен байланысты болып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 02 Қаңтар, 2026
Лицензиясы жоқ лагерьлер жабыла ма?
Қазақстанда балалардың демалысы мен сауықтыру орталықтарының жұмысы жаңа жүйеге көшеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған жаңа заң аясында 2026 жылдан бастап бұл саланың қызметіне қатысты талаптар айтарлықтай жаңартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 02 Қаңтар, 2026
Қозғалтқыш көлемі 4 литрден асатын көліктерге салық мөлшері өсті
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда қозғалтқыш көлемі үлкен жеңіл автокөліктерге салынатын салық айтарлықтай ұлғайды. Өзгеріс моторы 4 000 текше сантиметрден асатын көліктерге қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 02 Қаңтар, 2026
Швейцариядағы тау курортында 40 адам өртеніп кетті
Жаңа жыл түні Швейцарияның оңтүстігіндегі тау-шаңғы курортында ірі өрт болды. Тілсіз жау Кран-Монтанадағы Le Constellation нысанында тұтанған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 02 Қаңтар, 2026
5 қаңтарда Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Turkistan» газетіне берген сұхбаты жарық көреді
5 қаңтар күні «Turkistan» газетінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басылымның бас редакторы Бауыржан Бабажанұлына берген кең көлемді сұхбаты жарық көреді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 02 Қаңтар, 2026
Ирандағы қақтығыс: Құрбандар саны артып, жағдай ушығып барады
Иранда ауыр экономикалық дағдарыс пен құнсызданудың кесірінен туындаған қақтығыс бесінші күн қатарынан басылмай тұр. Соңғы мәліметтерге сәйкес, қақтығыс кезінде кемінде алты адам ажал құшып, ондаған шеруші қамауға алынған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 02 Қаңтар, 2026
88 млрд теңге инвестиция: Алматы облысында үй жануарларына арналған ірі азық зауыты салынады
Мемлекет басшысының өңдеу өнеркәсібін дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында Алматы облысында халықаралық деңгейдегі жаңа зауыт бой көтереді. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 02 Қаңтар, 2026
Көлік нөмірін таңдау: 5 қаңтардан бастап кез келген әріп пен санды сатып алуға болады
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда көлік иелері үшін мемлекеттік нөмірлерді таңдаудың жаңа ережелері күшіне енеді. Енді азаматтар 5 қаңтардан бастап белгіленген баж салығын төлеп, нөмірдегі цифрлар мен әріптерді өз қалауынша құрастыра алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жасанды интеллект • 02 Қаңтар, 2026
Қытай «Genesis миссиясына» қарсы тұра алатын ЖИ жүйесін іске қосты
Қытай ұлттық суперкомпьютерлер желісін пайдалана отырып, күрделі ғылыми зерттеулерді өз бетінше жүргізуге қабілетті аса қуатты жасанды интеллект жүйесін ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 02 Қаңтар, 2026
1,6 мың шақырым жол жөнделіп, 2 мыңға жуық жаңа вагон беріледі
Көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов Президент тапсырмалары аясында теміржол инфрақұрылымын дамытудың белсенді кезеңі басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 02 Қаңтар, 2026
Ресей үш жылда Украина аумағының қанша бөлігін басып алды?
Украинадағы соғыс басталғалы бері Ресей жалпы аумақтың шамамен 19,25 %-ын басып алған. Алайда 2025 жылы майдан шебіндегі қиян-кескі шайқастарға қарамастан, басқыншы әскердің алға жылжу қарқыны Украина аумағының 1%-ына да жетпеген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 02 Қаңтар, 2026
Қазақстан ТМД-да алғашқы: Құтқарушылардың бірыңғай ведомствоаралық радиожелісі іске қосылды
Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінде стратегиялық маңызы бар орасан зор жоба жүзеге асырылды. Еліміздің барлық өңірлерін бір арнаға тоғыстырған бірыңғай ведомствоаралық УҚТ-радиобайланыс (ультрақысқа толқын) желісі жұмысын бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 02 Қаңтар, 2026
Алматы мен Астананың айырбастау орындарындағы доллар, еуро және рубльдің орташа сатып алу және сату бағамдары жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 02 Қаңтар, 2026
Жиһаз бен макарон өнімдеріне салынатын салықтар жеңілдетілді
АҚШ президенті Дональд Трамп импорттық тауарларға қатысты протекционистік саясатын жұмсартып, жиһаз бен италиялық макарон өнімдеріне салынатын баж салығын өзгертті. Бұл шешім америкалық тұтынушылар арасында бағаның өсуіне қатысты наразылықтар мен сауда серіктестерімен жүргізілген келіссөздерден кейін қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 02 Қаңтар, 2026
Қазақстанда авторлық құқықты қорғаудың бірыңғай платформасы қашан іске қосылады?
Әділет министрлігі зияткерлік меншік мәселелері бойынша жаңа заңнамалық түзетулердің күшіне ену мерзімін және авторларға арналған цифрлық платформаның іске қосылу кезеңдерін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 02 Қаңтар, 2026
2026 жылы күнтізбеде қандай өзгеріс бар?
Электронды үкімет порталында 2026 жылға арналған ресми демалыс күндерінің кестесі жарияланды. Биыл мерекелердің басым бөлігі сенбі-жексенбіге сәйкес келетіндіктен, ел тұрғындары үшін демалыс күндері едәуір ұзаратын болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 02 Қаңтар, 2026
Қазақстан жолдарындағы ахуал қандай?
2 қаңтар күні таңғы сағат 08:00-дегі мәлімет бойынша, еліміздің бірқатар тасжолында қозғалыс шектелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 02 Қаңтар, 2026
Қазақстанда қар жауып, көктайғақ болады: 16 облыста ескерту жарияланды
Бүгін ел аумағының басым бөлігінде қалың қар жауып, көктайғақ пен тұман күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 01 Қаңтар, 2026
Иранда қақтығыстар барысында бірнеше адам қаза тапты
Иранда жалғасып жатқан жаппай тәртіпсіздіктер кезінде кемінде үш адам қаза тапты. Бұл туралы ирандық жартылай ресми Fars ақпарат агенттігі мен Hengaw құқық қорғау ұйымы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.