АҚ
Қазақстан • 14 Қаңтар, 2026
Қазақстан азаматтығын алуға арналған тестілеу ақпанда басталады
Елімізде 3-10 ақпан аралығында Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға үміткерлерге арналған тестілеуге өтініш қабылдау басталады, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық тестілеу орталығына сілтеме жасап.
Қоғам • 14 Қаңтар, 2026
Ақпан айында ел тұрғындары неше күн демалады?
Ақпан айында мемлекеттік мерекелер жоқ. Осыған байланысты демалыс күндері тек сенбі мен жексенбіге сәйкес келеді. Қыстың соңғы айы ең қысқа уақыт. Сондықтан ақпанда ел тұрғындарын барлығы 8 демалыс күні ғана күтеді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 14 Қаңтар, 2026
Алматы облысында әскери қызметші атыс кезінде жараланды
Алматы облысында оқу-жаттығу кезінде Ұлттық ұланның мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі оқ жарақатын алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 14 Қаңтар, 2026
АҚШ-тың Иранмен байланысы бар елдерге салған 25% баж салығы: Қазақстанның ұстанымы қандай?
АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен сауда-саттық жасайтын барлық елге 25 пайыздық баж салығын енгізетінін мәлімдеген еді. Мәлімдемеге қатысты еліміздің Сауда және интеграция министрлігі пікір білдірді, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 14 Қаңтар, 2026
Заңсыз айналымнан 340 қару тәркіленді
Ішкі істер министрлігі 9–12 қаңтар аралығында республикалық «Қару» жедел іс-шарасын өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Қылмыс • 13 Қаңтар, 2026
Шекарадан «Маузер» тапаншасын заңсыз алып өтпек болған
Ақтөбе облысындағы «Әлімбет» бақылау-өткізу бекетінде Ресей Федерациясына қарай мемлекеттік шекарадан ХІХ ғасырда жасалған «Маузер» маркалы тапаншасын заңсыз алып өтпек болған Атырау облысының тұрғыны ұсталды, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 13 Қаңтар, 2026
Шымбұлаққа көтерілу бағасы қайта арзандады
Қысқы мейрамдар, балалардың каникулы кезінде Шымбұлаққа апаратын аспалы жолдардың бағасы шарықтай түседі. Әсіресе, қысқы демалыс күндері тауға шығатындардың қарасы тым көп болғандықтан, құжынаған қала қонақтары мен туристерден аяқ алып жүру оңай емес. Дегенмен, дәл осы күндері Шымбұлақта «High Season» саясаты мәресіне жетті. Демек, сұраныстан туған тарифтер кезеңі аяқталды деген сөз, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 13 Қаңтар, 2026
Президент «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Әлібек Жамауовты қабылдады
Мемлекет басшысына компанияның өткен жылы атқарған қызметінің нәтижелері және газ саласында іске асырылған негізгі жобалар жөнінде баяндалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Ауа райы • 13 Қаңтар, 2026
Алматыда қалың қар, Астанада-30 градусқа дейін аяз болады
Синоптиктер Астана мен Алматы қалаларына 14,15 және 16 қаңтарға арналған ауа-райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 13 Қаңтар, 2026
Шымкент аспанында екі ұшақ соқтығыса жаздады
Оқиға 10 қаңтар күні таңертең болған. Шымкент аспанында шетелдік екі әуе компаниясына тиесілі ұшақтар бір-біріне тым жақын қашықтықта ұшқан. Олар Қазақстан арқылы транзиттік рейспен өткен, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 13 Қаңтар, 2026
Президент АҚШ-пен келіссөз жүргізетін арнайы өкілді тағайындады
Ержан Қазыхан Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары (АҚШ) арасындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері бойынша келіссөздерді басқаратын ресми өкіл болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 13 Қаңтар, 2026
Зейнетақы есебінен емделуге өтінімдер қабылдау тоқтатылды
«Отбасы банктің» баспасөз қызметі 12 қаңтар сағат 19:00-ден бастап enpf-otbasy.kz платформасында бірыңғай зейнатақы жинақтары (БЗЖ) есебінен емделуге өтінімдер қабылдау тоқтатылғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 13 Қаңтар, 2026
Қазақстан паспорты әлемдік рейтингте 61-орынға көтерілді
Henley & Partners компаниясы 2026 жылға арналған паспорттар рейтингін жариялады. Зерттеуде 199 елдің төлқұжаты қамтылған. Негізгі өлшем визасыз баруға болатын мемлекеттердің саны, деп жазады Egemen.kz.
Экология • 13 Қаңтар, 2026
Еліміздің қай өңірлерінде құрғақшылық қаупі бар? Министр жауап берді
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Үкімет отырысында елдің оңтүстік өңірлерінде құрғақшылық қаупі бар екенін ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 13 Қаңтар, 2026
2028 жылға қарай «ақылды» су есептеу құрылғылары орнатылады
Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғырту ісіндегі цифрландырудың маңызын атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 13 Қаңтар, 2026
Ақтөбеде 600 орындық «Келешек мектебі» ашылды
Ақтөбе қаласының Жаңақоныс-2 тұрғын үй алабында 600 оқушыға лайықталған жаңа мектеп пайдалануға берілді. Тығыз қоныстанған аумақ тұрғындары көптен күткен білім ордасы «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында бой көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 13 Қаңтар, 2026
Ақмола облысында мүмкіндігі шектеулі жандардың жалақысынан заңсыз салық ұсталған
2024-2025 жылдары заңдылықтың сақталуына жүргізілген талдау нәтижесінде Ақмола облысы прокуратурасы мүгедектігі бар адамдардың жеке табыс салығын (ЖТС) ұстау кезінде олардың құқықтары жүйелі түрде бұзылғанын анықтаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 13 Қаңтар, 2026
Үкімет: Еліміздің барлық елді мекені 100% ауыз сумен қамтылды
Бүгін Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов Мемлекет басшысының халықты 2025 жылдың соңына дейін ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасының толық орындалғаны туралы баяндады, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 13 Қаңтар, 2026
Бүгін елімізде ауа райы қандай болады?
Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауып, боран соғады. Ал шығыс өңірлерде түнде қалың қар түсуі мүмкін. Батыс және оңтүстік-шығыс аймақтарда қар аралас жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 13 Қаңтар, 2026
Ақмола облысында 7,3 млн теңгенің жерін алаяқтықпен сатқан экс-директор сотталды
Ақмола облысында «Талапкер-ЖТ» ЖШС-нің бұрынғы директоры жер учаскесіне қатысты алаяқтық ісі бойынша сотталды. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 12 Қаңтар, 2026
Иран келіссөз жүргізуді ұсынды, бірақ АҚШ диалогқа дейін әрекет етуі мүмкін
АҚШ президенті Дональд Трамп Иран билігі байланысқа шығып, келіссөз бастау туралы ұсыныс білдіргенін айтты. Сонымен бірге Вашингтонның келіссөзге дейін-ақ белгілі бір шаралар қабылдауы мүмкін екенін жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 12 Қаңтар, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасын қабылдады
Президентке ведомствоның 2025 жылы атқарған қызметінің басты нәтижелері мен алдағы кезеңге арналған міндеттері жөнінде есеп берілді, деп жазады Egemen.kz.
Денсаулық • 12 Қаңтар, 2026
Ақмола облысында 127 инклюзия кабинеті жұмыс істейді
Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Айна Мысырәлімова, Наталья Дементьева және Юлия Кучинская Көкшетау қаласындағы аутизммен ауыратын балаларды қолдау орталығына барды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 12 Қаңтар, 2026
Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтай отырысы өтетін күнді белгіледі
Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринмен және Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаевпен Парламенттік реформа бойынша кезекті жұмыс кеңесін өткізді, деп жазады Ақорда.
Мәдениет • 12 Қаңтар, 2026
Шұбаттан жасалған балмұздақ нарыққа шықты
Алматы облысында шұбаттан дайындалған балмұздақ өндіріле бастады. Сарыбұлақ ауылындағы шағын фермада жасалатын бұл өнім бүгінде «қазақы балмұздақ» атауымен танылып, ұлттық тағамды жаңа форматта ұсынудың жарқын үлгісіне айналып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 12 Қаңтар, 2026
Ақерке Амалят Витебсктегі халықаралық байқауда жеңімпаз атанды
Қазақ ұлттық өнер академиясының студенті Ақерке Амалят Беларусьтегі халықаралық байқауда Гран-при иеленді. Сүйінші жаңалықты Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 12 Қаңтар, 2026
Дональд Трамп Иранға күш қолдануды талқылайды
АҚШ президенті Дональд Трамп 13 қаңтарда үкімет мүшелерімен Ирандағы жағдайға байланысты арнайы жиын өткізеді. Онда Вашингтонның қандай жауап шараларын қолдануы мүмкін екені қаралады, деп жазады Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 12 Қаңтар, 2026
Елімізде қылмыс жылдан-жылға азайып келеді
Өткен жылы Қазақстанда 17 миллионнан астам әкімшілік құқықбұзушылықтың жолы кесілді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді. Ведомство дерегіне сүйенсек, бірқатар ауыр қылмыс түрлері бойынша қылмыс саны 6 мыңға қысқарған, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Қаңтар, 2026
Шығыс Қазақстанда полицейлер күрежолда әйелді құтқарып қалды
Өскемен – Самар тасжолының 63-ші шақырымында қызмет атқарып жүрген патрульдік полиция жасағы жол жиегінде тоқтап тұрған автокөлікті байқаған. Мән-жайды анықтау барысында көлік ішінде 60 жастағы әйелдің денсаулығы сыр бергені мәлім болған, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 12 Қаңтар, 2026
Иранның құты қашты: АҚШ дем беріп, Пехлеви ереуілге шақырды
Иранда бірнеше күннен бері елдің түкпір-түкпірін қамтыған жаппай наразылықтар жалғасып жатқан тұста АҚШ президенті протестке шыққан азаматтарға ашық қолдау білдірді. Ол TruthSocial әлеуметтік желісінде ирандықтарға көмектесуге дайын екенін жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.