Соңғы жаңалықтар
Сауда • 14 Қаңтар, 2026
Бағаны негізсіз өсірген сауда орындарына 481 030 теңге айыппұл салынды
Түркістан облысында соңғы 2 айдың ішінде әлеуметтік азық-түлік бағасын негізсіз өсіргені үшін сауда орындарына қатысты 74 әкімшілік шара қолданылып, 481 030 теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жұмыс • 14 Қаңтар, 2026
Арқалық әуежайы бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізді
Биыл Арқалық қаласының әуежайы қайта іске қосылады. Президент тапсырмасы аясында қолға алынған игі жоба алдағы жазда толық аяқталып, әуежай ел игіліне қызмет ете бастайды, деп жазады Egemen.kz.
Қылмыс • 14 Қаңтар, 2026
Алматы облысында оқушы өліміне қатысты тергеу жұмыстары басталды
Алматы облысы Жамбыл ауданы Беріктас ауылында оқушының қаза табуына қатысты полиция ресми түсініктеме берді, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 14 Қаңтар, 2026
Абзал Нарымбетов: Мұнай экспорттайтын балама бағыттарды дамытпағанымыз тарихи қателік болды
Каспий құбыр концорциумының (КҚК) инфрақұрылымына жасалған дрон шабуылы Қазақстанның мұнай экспорты қаншалықты осал екенін тағы бір мәрте көрсетті. Бір бағытқа тәуелді тасымал жүйесі ел экономикасын миллиардтаған шығынға ұшыратып, энергетикалық қауіпсіздік мәселесін күн тәртібіне шығарды. Energy Analytics директоры Абзал Нарымбетов бұл жағдайды «тарихи қателік» деп бағалады, деп жазады Egemen.kz.
Энергетика • 14 Қаңтар, 2026
Теміртаудың жылу құбырында апат болды
Кеше кешкісін Теміртауда 8-ші шағын аудан мен Отрадное көшелерін жылумен қамтамасыз ететін магистральды жылу құбырында болған апат салдарынан 40 көпқабатты үй мен ондаған жеке тұрғын үй жылусыз қалды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 14 Қаңтар, 2026
Алматының бас полицейі журналистермен жүздесті
Бірер күн бұрын Алматы қаласы Полиция департаментінің басшысы қызметіне тағайындалған генерал-майор Айдын Кабдулдинов алғашқы жұмысын БАҚ-өкілдерімен кездесуден бастады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 14 Қаңтар, 2026
Аққулар отбасы: Табиғи паркте сирек құбылыс тіркелді
Алтын-Емел мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде қыс мезгілінде сыбырлақ аққу (Cygnus cygnus) тіркеліп отыр. Аққулар әдетте жылы жаққа қоныс аударатын, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Қаңтар, 2026
Қарағандыда балалардан 10 млн теңге ақша бопсалағандар ұсталды
Қарағандылық полицейлер балаларға арналған мекеме тәрбиеленушілерінен ақша бопсалаумен айналысқан қылмыстық топтың жолын кесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 14 Қаңтар, 2026
Энергетика министрлігі: 2027 жылы елімізде энергия тапшылығы жойылады
Олжас Бектенов энергия тапшылығы мәселесін шешу үшін жаңа қуаттарды генерациялау мәселелері бойынша жиын өткізді. Жиынға Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов, Премьер-министрдің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы Ғалымжан Қойшыбаев, Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, «Самұрық-Энерго» және «KEGOC» ұлттық энергетика компанияларының басшылары Қайрат Мақсұтов пен Нәби Айтжанов қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Ғылым • 14 Қаңтар, 2026
Асқар Жұмаділдаев: Суперкомпьютер күрделі есепті үш сағатта шығарып береді
Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті, белгілі ғалым және қоғам қайраткері, академик Асқар Жұмаділдаев күрделі математикалық есептерді шешуде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ суперкомпьютерінің қуатын пайдаланады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінен мәлім болды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 14 Қаңтар, 2026
Елімізде пойыз жолаушыларына қандай талаптар қойылмақ?
«Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның баспасөз қызметі пойызда тасымалдауға тыйым салынатын заттар тізімін жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 14 Қаңтар, 2026
Мәжіліс депутаты дабыл қақты: Roblox баланың санасына қалай әсер етеді?
Онлайн ойын алаңдарының балаларға ықпалы қоғамды алаңдата бастады. Мәжіліс депутаты, «Amanat» партиясы фракциясының мүшесі Шапақ Үнзилә балалар мен жасөспірімдер арасында кең тараған Roblox платформасының қауіптері туралы мәселе көтерді, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 14 Қаңтар, 2026
Күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллар тағы да қымбаттады
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша бір доллардың орташа сараланған бағамы 510,43 теңгені құрады, бұл алдыңғы көрсеткіштен 0,72 теңгеге жоғары, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Қаңтар, 2026
Қазақстанда зейнет жасы өзгере ме?
Биыл зейнет жасын қайта қарау туралы ешқандай ресми шешім қабылданған жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Қаңтар, 2026
Депутат алкогольдік ішімдіктерді кешкі сағат сегізден кейін сатуға тыйым салуды ұсынды
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Магеррам Магеррамов елімізде 20:00-ден кейін алкогольдік ішімдіктерді сатуға тыйым салуды ұсынды. Депутат Ішкі істер министрлігінің деректеріне сүйеніп, елде жасалатын әрбір екінші кісі өлтіру, әрбір үшінші зорлау және бұзақылық қылмысы алкогольдік мас күйде жасалатынын айтты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 14 Қаңтар, 2026
Павлодарда нейрожелі баланы ұру дерегін анықтаған
Оқиға Павлодар облысындағы психоневрологиялық арнайы мекемеде болған. Соққыға жығылған – 13 жасар аутизмі бар бала, деп жазады Egemen.kz.
Бизнес • 14 Қаңтар, 2026
Отандық тауар өндірушілер сертификат алу кезінде кедергіге тап болып отыр
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі бұған дейін елдегі өндірушілер 30 қаңтарға дейін Қазақстандық тауар өндірушілер реестрінде тіркелуі керек екенін жариялаған. Десе де отандық тауар өндірушілер сертификат алуы кезінде техникалық кедергілерге тап болып отыр. Бұл туралы бүгін Мәжіліс отырысында депутат Еділ Жаңбыршин мәселе көтерді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 14 Қаңтар, 2026
Елімізде мал өсірушілер одағы құрылып, жұмысын бастады
Мал шаруашылығы саласының қатысушыларының мүдделерін үйлестіру және қорғау мақсатында жаңа салалық бірлестік құрылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.
Әлем • 14 Қаңтар, 2026
Прокурорлар Оңтүстік Кореяның бұрынғы президентін өлім жазасына кесуді сұрады
Оңтүстік Кореяда арнайы прокурорлар тобы елдің экс-президенті Юн Сок Ёльге өлім жазасын тағайындауды сұрады, деп хабарлайды Egemen.kz Yonhap агенттігіне сілтеме жасап.
Білім • 14 Қаңтар, 2026
Енді мектеп директорлары екі оқу жылына тағайындалуы мүмкін
Мектеп директорының қызметі шексіз болмауы тиіс. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова білім беру ұйымдарын басқаруда нақты мерзім мен нәтижеге негізделген талап қажет екенін айтып, директорларды 2 оқу жылына тағайындау тетігін ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 14 Қаңтар, 2026
Қайрат Сатыбалдының қонақүйі мемлекетке қайтарылды
Алматыдағы Есентай өзенінің жағасында орналасқан қонақүй ғимараты мемлекет меншігіне өтті. Бұл нысан Қайрат Сатыбалдыға кезінде сыйға тартылған. Ақпаратты Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті таратты, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 14 Қаңтар, 2026
Сирия Алеппо провинциясына қосымша әскер кіргізді
Сирия Қорғаныс министрлігі Алеппо провинциясына қосымша әскер кіргізіп, шығыс бөлігін жабық әскери аумақ деп жариялады. Бұл шешім өңірдегі қауіпсіздік ахуалының күрт ушығуына байланысты қабылданған, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Қаңтар, 2026
Ақтауда полицейлер суға батып бара жатқан жасөспірімді құтқарды
12 қаңтар сағат 11:09 шамасында Ақтау қалалық полиция қызметкерлеріне айналасындағыларға мән бермей теңіз ортасына қарай бет алған жасөспірім туралы хабар түскен, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 14 Қаңтар, 2026
BilimClass платформасына ауысуға уақытша тыйым салынды
Алматылық мектептердің BilimClass платформасына ауысуы сот шешімімен тоқтатылды. Мамандандырылған ауданаралық сот «Күнделік» ЖШС-нің арызын қанағаттандырып, білім басқармасына жүйені ауыстыруға және оқушылардың деректерін өзге платформаларға көшіруге тыйым салды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 14 Қаңтар, 2026
Қазақстанның ірі кен орындарында мұнай өндірісі күрт төмендеді
2026 жылдың қаңтар айының алғашқы 12 күнінде Қазақстанның Каспий қайраңындағы ірі кен орындарында мұнай мен газ конденсатының тәуліктік өндірісі айтарлықтай азайды. Көрсеткіштер өткен жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда екі есеге жуық төмендеген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 14 Қаңтар, 2026
Береке ауылында кісі өлімі тіркелді
Уәлиханов ауданындағы Береке ауылында болған дастархан отырысында 32 жастағы жігітті бірге отырған 29 жастағы ауылдасы сөзге келіп қалып, қатты затпен ұрып өлтірген деп хабарлайды Egemen.kz.
Өшпес даңқ • 14 Қаңтар, 2026
Әскерилер майдангерді ғасырлық мерейтойымен құттықтады
Алматы қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаменті мен Бостандық ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының әскери қызметшілері екінші дүниежүзілік соғысының ардагері Анатолий Поповты ғасырлық мерейтойымен құттықтап, Қорғаныс министрінің құттықтау хаты мен естелік сыйлықтар табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 14 Қаңтар, 2026
Шаруалар Үкіметтің сәбіз эскпортына қатысты шешіміне наразылық білдірді
2025 жылдың 25 желтоқсанында Ауыл шаруашылығы министрлігі транзитті қоспағанда елімізден барлық көлік түрімен сәбізді шетке, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерге тасымалдауға 3 айға тыйым салу шешімі туралы жариялаған еді. Бұл бастама шаруалар тарапынан наразылыққа ұшырады. Фермерлер мен кәсіпкерлерді алаңдатқан мәселені бүгін Мәжіліс отырысында депутат Темір Қырықбаев көтеріп, Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринге сауал жолдады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 14 Қаңтар, 2026
Трекер, камера, «ақылды» көлік: Депутат деректер қауіпсіздігіне алаңдаулы
Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Мүтәлі Әбүтәліп Үкіметке депутаттық сауал жолдап, ел аумағында жасырын бақылауға арналған техникалық құрылғылардың бақылаусыз айналымы мен жаңа буындағы автомобильдер арқылы жеке деректердің шетелге кету қаупіне назар аударды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 14 Қаңтар, 2026
Елімізде әскери қызметкерлердің жалақысы өседі
Жаңа еңбекақы төлеу жүйесіне сәйкес, 2026 жылы 1 қаңтардан бастап офицерлердің лауазымдық жалақысын 23%, ал қатардағы және сержанттық құрамның жалақысын 10% арттыру жоспарланып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.