аз
Спорт • 16 Қаңтар, 2026
Мергендеріміз Азия додасында 5 медаль жеңіп алды
Стенд атудан Азия чемпионаты Доха (Катар) қаласында өтіп жатыр. Айтулы дода 22 қаңтарға дейін жалғасады. Отандастарымыз 2 алтын, 1 күміс, 2 қола, барлығы 5 медальға ие болды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 16 Қаңтар, 2026
Дінмұхамед Қонаевтың қарындасы Рауза Қонаева дүниеден озды
Қазақ КСР Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы болған мемлекет қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың қарындасы Рауза Қонаева 91 жасында дүние салды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 16 Қаңтар, 2026
Талғат Ғазизов «Kazakh Tourism» төрағасы болып тағайындалды
«Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен Талғат Ғазизов басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2026
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы техникаларының 40%-ы ескірген
Түркістан облысында 28 мыңға жуық ауыл шаруашылығы техникасы бар, олардың 40%-ы ескірген. Ауыл шаруашылығы техникасын құрастыру, жаңарту мәселесі өңірде аса маңызды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 16 Қаңтар, 2026
Аяз, боран және көктайғақ: Қазақстанның 12 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
16 қаңтар күні еліміздің 12 облысында қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 15 Қаңтар, 2026
Салық режимдерінің ауысуы кітап нарығына қалай әсер етеді?
Қосылған құн салығына қатысты бастамалар қоғамдық пікірде көбіне «баға қымбаттайды» деген бір ғана өлшеммен қабылданады. Алайда бұл өзгерістердің салдары кей салаларда әлдеқайда терең әрі ұзақ мерзімді сипатқа ие. Соның бірі – баспа ісі. «Мазмұндама» баспасының директоры, баспагер Шыңғыс Мұқан салық режимдерінің ауысуы мен ҚҚС мөлшерлемесінің өзгеруі кітап нарығындағы қалыптасқан экономикалық тепе-теңдікті шайқалтуы мүмкін екенін айтады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 15 Қаңтар, 2026
Демалыс күндері азық-түлікті қайдан арзан алуға болады?
Астанада 17 және 18 қаңтар күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Қала тұрғындары мен қонақтары ет, көкөніс және сүт өнімдерін тікелей фермерлерден, делдалсыз әрі тиімді бағамен сатып ала алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 15 Қаңтар, 2026
Қазақстан дипломымен қай елдерде жұмыс істеуге болады?
Бүгін Сенат отырысында ЮНЕСКО қамқорлығымен қабылданған Жоғары білімдегі біліктіліктерді тану туралы Азия – Тынық мұхиты аймақтық конвенциясы (Токио конвенциясы) ратификацияланды, деп жазады Egemen.kz.
Әскер • 15 Қаңтар, 2026
Ұлттық ұлан сарбазы 7 тілді жетік меңгерген
Тараз қаласындағы Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5513 әскери бөлімінің сарбазы қатардағы Бахтиярхан Тұрсынходжаев 7 тілді меңгерген. Қала ішінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету кезінде ол азаматтармен қазақ, өзбек, әзербайжан, орыс, түрік, ағылшын және француз тілдерінде еркін тіл табысады, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 15 Қаңтар, 2026
Иран президенті мемлекеттік органдарды халық мәселесін шешуге шақырды
Иран президенті Масуд Пезешкиан министрлер кабинетінің отырысын өткізіп, елді сыртқы қысымнан қорғау үшін азаматтардың талап-тілегін орындауға шақырды, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 15 Қаңтар, 2026
АҚШ иммиграциялық визалар беруді уақытша тоқтатты: Қазақстан тізімге енді
АҚШ иммиграциялық визалар беруді уақытша тоқтатқан елдердің қатарына Қазақстан да енді. Мұндай мемлекеттердің жалпы саны 75 елді құрайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 14 Қаңтар, 2026
40 градус аяз: Ертең елдің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
Астана және Қазақстанның 16 облысында 15 қаңтарда дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Экономика • 14 Қаңтар, 2026
Абзал Нарымбетов: Мұнай экспорттайтын балама бағыттарды дамытпағанымыз тарихи қателік болды
Каспий құбыр концорциумының (КҚК) инфрақұрылымына жасалған дрон шабуылы Қазақстанның мұнай экспорты қаншалықты осал екенін тағы бір мәрте көрсетті. Бір бағытқа тәуелді тасымал жүйесі ел экономикасын миллиардтаған шығынға ұшыратып, энергетикалық қауіпсіздік мәселесін күн тәртібіне шығарды. Energy Analytics директоры Абзал Нарымбетов бұл жағдайды «тарихи қателік» деп бағалады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 14 Қаңтар, 2026
Қазақстанда зейнет жасы өзгере ме?
Биыл зейнет жасын қайта қарау туралы ешқандай ресми шешім қабылданған жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Қаңтар, 2026
ҚҚС өсімі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына әсер етті ме?
Елімізде 5 қаңтардан бастап ҚҚС мөлшерлемесі 12%-дан 16%-ға дейін артқанына қарамастан, Алматы қаласының әкімдігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасында күрт өзгерістер байқалмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 14 Қаңтар, 2026
Қазақстан азаматтығын алуға арналған тестілеу ақпанда басталады
Елімізде 3-10 ақпан аралығында Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға үміткерлерге арналған тестілеуге өтініш қабылдау басталады, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық тестілеу орталығына сілтеме жасап.
Қоғам • 14 Қаңтар, 2026
Ақпан айында ел тұрғындары неше күн демалады?
Ақпан айында мемлекеттік мерекелер жоқ. Осыған байланысты демалыс күндері тек сенбі мен жексенбіге сәйкес келеді. Қыстың соңғы айы ең қысқа уақыт. Сондықтан ақпанда ел тұрғындарын барлығы 8 демалыс күні ғана күтеді, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 13 Қаңтар, 2026
Иран билігі наразылықтар кезінде шамамен 2000 адамның қаза тапқанын мойындады
Reuters агенттігіне аты-жөнін жарияламауды сұраған ирандық шенеуніктің айтуынша, наразылықтар барысында қауіпсіздік күштерінің өкілдерін қоса алғанда, шамамен 2000 адам көз жұмған, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 13 Қаңтар, 2026
Алматыда қалың қар, Астанада-30 градусқа дейін аяз болады
Синоптиктер Астана мен Алматы қалаларына 14,15 және 16 қаңтарға арналған ауа-райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 13 Қаңтар, 2026
«Астана» ең үздік сұрмергенін сататынын хабарлады
«Астана» футбол клубы өз тарихында ең күрделі кезеңдердің бірін бастан өткеріп жатыр. Елордалық клубтың бас бапкері Григорий Бабаян жақын арада жартылай қорғаушы Назми Грипшимен қоштасуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 13 Қаңтар, 2026
Президент АҚШ-пен келіссөз жүргізетін арнайы өкілді тағайындады
Ержан Қазыхан Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары (АҚШ) арасындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері бойынша келіссөздерді басқаратын ресми өкіл болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 13 Қаңтар, 2026
Қазақстан паспорты әлемдік рейтингте 61-орынға көтерілді
Henley & Partners компаниясы 2026 жылға арналған паспорттар рейтингін жариялады. Зерттеуде 199 елдің төлқұжаты қамтылған. Негізгі өлшем визасыз баруға болатын мемлекеттердің саны, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 13 Қаңтар, 2026
Үкімет: Еліміздің барлық елді мекені 100% ауыз сумен қамтылды
Бүгін Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов Мемлекет басшысының халықты 2025 жылдың соңына дейін ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасының толық орындалғаны туралы баяндады, деп жазады Egemen.kz.
Дін • 13 Қаңтар, 2026
Қасиетті Рамазан айы 19 ақпанда басталады
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) 2026 жылға арналған мұсылман мерекелерінің күнтізбесін бекітті. Күнтізбеге сәйкес, қасиетті Рамазан айы 19 ақпанда басталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 13 Қаңтар, 2026
Бүгін елімізде ауа райы қандай болады?
Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауып, боран соғады. Ал шығыс өңірлерде түнде қалың қар түсуі мүмкін. Батыс және оңтүстік-шығыс аймақтарда қар аралас жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 12 Қаңтар, 2026
Сержант-спортшы Азия додасында топ жарды
Қарулы күштердің әскери қызметшісі сержант Еламан Қуатов әуесқой аралас жекпе-жектен Азия чемпионы атанды. Ол 120 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сайысты. Құрлық додасы Қытайдың Луджоу қаласында өтті, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Қаңтар, 2026
«Теңізшевройл» Атырау жылу электр орталығына газ жеткізуді тоқтата ма?
Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Дүйсенбай Тұрғанов Атырау жылу электр орталығының ұжымымен кездесіп, жылу маусымында туындауы мүмкін қиындықтар мен өңірді тұрақты энергиямен қамтамасыз ету мәселелерін талқылады. Кездесуде тариф тұрақтылығына, сондай-ақ азаматтардың жайлы тұрмысына тікелей әсер ететін жылу электр орталығын газбен қамтамасыз ету жұмысына баса назар аударылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 12 Қаңтар, 2026
Ақерке Амалят Витебсктегі халықаралық байқауда жеңімпаз атанды
Қазақ ұлттық өнер академиясының студенті Ақерке Амалят Беларусьтегі халықаралық байқауда Гран-при иеленді. Сүйінші жаңалықты Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 12 Қаңтар, 2026
Елімізде қылмыс жылдан-жылға азайып келеді
Өткен жылы Қазақстанда 17 миллионнан астам әкімшілік құқықбұзушылықтың жолы кесілді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді. Ведомство дерегіне сүйенсек, бірқатар ауыр қылмыс түрлері бойынша қылмыс саны 6 мыңға қысқарған, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Қаңтар, 2026
Атырау облысына қанша сұйытылған мұнай газы қажет?
Атырау облысының нарығына қаңтар айында тұтыну үшін 7110 тонна сұйытылған мұнай газы бөлінді, деп хабарлайды Egemen.kz.