у
Президент • 24 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы Астанада жаңа әуежай салуды ұсынды
Астананы дамыту жайлы кеңесте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаланың көлік-транзит әлеуетін арттыру үшін жаңа әуежай салу мүмкіндігін қарастыру қажет екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 24 Желтоқсан, 2025
Милан-2026: Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиадаға кімдер баратыны белгілі болды
Милан-2026 қысқы Олимпия ойындарына мәнерлеп сырғанаудан жолдама иеленген отандық спортшыларды Туризм және спорт министрлігі мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 24 Желтоқсан, 2025
Темірлан Анарбеков Еуропаға кете ме? Қазақ қақпашысының қай лигада ойнағаны жөн?
УЕФА Чемпиондар лигасының биылғы додасы қазақ футболы үшін жай ғана кезекті маусым емес, ұлттық намыстың жаңа деңгейге көтерілгенін паш еткен айтулы оқиғаға айналды. SofaScore деректеріне сүйенсек, әлемдік футболдың алпауыттарымен иық тірескен Темірлан Анарбековтың көрсеткіші бүгінде еуропалық скауттардың назарын аударып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 24 Желтоқсан, 2025
Президент: Астана басқа аймақтарға үлгі болуға тиіс
Мемлекет басшысы Oxford Economics 2025 рейтингінде Астана Азия құрлығында 36-орын алғанына назар аударды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Форум • 24 Желтоқсан, 2025
Оралда Бауыржан Момышұлына арналған патриоттық форум өтті
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласында Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай «Батыр Бауыржан:болмыс пен биіктік» атты патриоттық форум өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Желтоқсан, 2025
Елімізде креативті индустрияны қолдау күшейеді
Мәжіліс креативті индустрияларды қолдау және дамыту мәселелері туралы заңды екінші оқылымда қабылдады. Депутаттар бастамашы болған заңда креативті индустрия қызметкерлерінің құқын қорғау нормалары қарастырылған, деп хабарлайды Egemen.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 24 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы Әзербайжан Президентін құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті туған күнімен құттықтап, оның бауырлас әзербайжан халқының игілігі жолында атқарып жатқан жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кино • 24 Желтоқсан, 2025
Атырауда Асанәлі Әшімов түскен кинолар тегін көрсетіліп жатыр
Атыраудағы Batikkami галереясында Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО Халық әртісі Асанәлі Әшімов түскен таңдаулы кинолардың апталығы өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қысқы спорт • 24 Желтоқсан, 2025
Елімізде шаңғыдан Қазақстан кубогі басталды
Щучье қаласында шаңғыдан Қазақстан кубогы басталды. Бұл турнирде республикамыздың 11 аймағынан жиналған 150-ден аса спортшы бақ сынап жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 24 Желтоқсан, 2025
Ұлытауда үздік спортшылар марапатталды
Ұлытау облысында бұқаралық спортты дамытуға елеулі үлес қосып жүрген сала мамандары мен спортшылардың еңбегі еленді. Салтанатты іс-шарада өңірдің спорт саласындағы жыл үздіктері марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тұлға • 24 Желтоқсан, 2025
2025 жылы қандай тұлғалармен қош айтыстық?
Дүниенің басы – сайран, аяғы – ойран. Таудай тұлғаларын бақиға жөнелткен халқымыз жылан жылын жылап аяқтап отыр. Күні кеше Қазақстанның Еңбек Ері, Халық әртісі Асанәлі Әшімовті жер қойнына тапсырдық. Өткенге салауат айтып, 2025 жылы марқұм болған ардақтыларды еске түсірейік.
Президент • 24 Желтоқсан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Besqaru зауытымен танысты
Мемлекет басшысы шынжыр табанды және дөңгелекті бронды машиналар шығаратын, сондай-ақ оларға техникалық қызмет көрсететін Besqaru зауытына барды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 24 Желтоқсан, 2025
Рустам Баялиев қызметінен босатылды
Президент Әкімшілігінің Өңірлік даму мониторингі бөлімінің меңгерушісі Рустам Баялиевтің қызметінен кеткені туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 24 Желтоқсан, 2025
Биыл қанша жас дәрігер ауылдан жұмыс тапты?
Биыл медициналық жоғары оқу орындарын тәмамдаған 10,5 мың түлектің 34%-ы ауылдық медициналық ұйымдарға жұмысқа орналасуға жіберілген. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда екі есеге жуық артқан, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 24 Желтоқсан, 2025
«Тағамдарға арналған дәмдеуіш»: Астанада қалтасына есірткі салып жүрген аспаз ұсталды
Республикалық «Дәрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында елордалық полиция қызметкерлері аялдамада тұрған ер адамның сөмкесінен есірткі тапты. Күдікті бұл заттарды «тағамдарға арналған дәмдеуіштер» деген желеумен жасырып, жаппақ болған, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 24 Желтоқсан, 2025
Депутат: Шағын және шалғай аудандар қолдаусыз қалып отыр
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Әбутәліп Мүтәлі бизнесті қолдау мәселесіне қатысты депутаттық сауалын Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринге жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 24 Желтоқсан, 2025
«Kundelik» жүйесіне тіркелген оқушылардың деректері расымен тарап кетті ме?
Желіде «Kundelik» жүйесіндегі мыңдаған оқушының жеке мәліметтері тарап кеткені туралы ақпарат желдей есті. Ата-аналар мен ұстаздарды алаңдатқан бұл жағдайға байланысты Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі ресми мәлімдеме жасап, тексеріс барысы туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 24 Желтоқсан, 2025
Осы жылы қазақ спорты кімдерден айырылды?
2025 жылы ел спортының дамуына елеулі үлес қосқан және салада есімі ел аузына ілігіп келе жатқан жас таланттар бақилық болды. Еліміздің футболшылары, бапкерлері және спорт ардагерлері түрлі қайғылы жағдайда көз жұмды. Олардың арасында ұлттық құрамада ойнаған спортшылар, жас футболшылар, тәжірибелі жаттықтырушылар мен спортты дамытуға үлес қосқан қоғам қайраткерлері бар. Бүгін біз биыл қазақ спорты кімдерден айырылғанын еске аламыз, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 24 Желтоқсан, 2025
Бауыржан Момышұлының мерейтойына орай плац-концерт өтті
Бүгін Кеңес Одағының Батыры, аты аңызға айналған қолбасшы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толды. Осыған орай EXPO қалашығындағы Alem.ai күмбезі астында Мемлекеттік күзет қызметінің Президенттік оркестрі мен салтанатты бөлімше плац-концерт өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 24 Желтоқсан, 2025
Адам ағзаларын саудалаумен айналысқан күдікті Польшада ұсталды
Бас прокуратура, Интерполдың Ұлттық орталық бюросының қызметкерлері мен еліміздің Сыртқы істер министрлігі адам ағзаларын сатқаны үшін іздеуде жүрген Украина азаматын Польшада қолға түсірді. Күдікті Қазақстан аумағында да адам ағзасын саудаға салу туралы мәмілелер жасасқан, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 24 Желтоқсан, 2025
Президенттік арнаулы әдеби сыйлыққа кімдер ие болды?
Мемлекет басшысы «2025 жылы қазақстандық жас жазушылар мен ақындар үшін Президенттік арнаулы әдеби сыйлықты беру туралы» Жарлыққа қол қойды, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 24 Желтоқсан, 2025
Сарыағаштың бас шыршасын қиратқан жүргізуші ұсталды
Түркістан облысында көлігімен шыршаны құлатып кеткен жүргізуші ақыры қолға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 23 Желтоқсан, 2025
Ресейде Whatsapp жұмысына шектеу қойылды
WhatsApp өкілі Ресейде мессенджердің жұмысына шектеу қойылғанын растады. Соған қарамастан, қосымша Ресей Федерациясында ең танымал байланыс құралы болып қала беруде. Әсіресе ата-аналар мен жұмыс топтарының чаттары ресейліктер арасында кеңінен қолданылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Желтоқсан, 2025
Маңғыстауда ауыз су тапшылығы жоқ
Маңғыстау облысында инженерлік инфрақұрылымды дамыту бағытында бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылып, аса өзекті мәселелердің бірі – ауыз су тапшылығы шешілді. Бұл туралы облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай ОКҚ-дағы брифингте мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 23 Желтоқсан, 2025
Павлодарда денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Кучуков Ермек Ербатырұлы Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Инфрақұрылым • 23 Желтоқсан, 2025
Маңғыстаудың жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарының 97%-ы жақсы жағдайда
Маңғыстау облысы – тиімді географиялық орналасуына байланысты көлік қозғалысының барлық түрі дамыған өңір. Жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарының 97 пайызы жақсы жағдайда, бұл – республика бойынша жоғары көрсеткіш. 2025-2026 жылдары өңірде жалпы ұзындығы 491 шақырымды құрайтын 16 жоба бойынша құрылыс және қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 23 Желтоқсан, 2025
Қазақстанның басым бөлігінде боран соғып, көктайғақ болады
Ертең, яғни 24 желтоқсанда Қазақстан аумағының басым бөлігінде солтүстік-батыс циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалы сақталады, деп хабарлайды «Қазгидромет».
Инвестиция • 23 Желтоқсан, 2025
Соңғы үш жылда Маңғыстау облысына 3 трлн теңгеге жуық инвестиция тартылған
Ағымдағы жылы Маңғыстау облысында жалпы құны 235 млрд теңгені құрайтын 19 инвестициялық жоба іске қосылып, 612 жаңа жұмыс орны құрылды. Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Игілікұлы Қилыбай ОКҚ-да өткен брифингте айтты, деп жазады Egemen.kz.
Табиғат • 23 Желтоқсан, 2025
Маңғыстауда Орталық Азиядағы алғашқы теңіз аквашаруашылық жобасы іске асып жатыр
Ақтауда Каспий теңізінде теңіз албыртын өсіруге бағытталған ауқымды жоба жүзеге асып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Ауыл • 23 Желтоқсан, 2025
«Үлгілі ауыл» байқауының жеңімпаздарына 20 трактор табысталды
Бүгін Абай облысында «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында жарияланған облыстық «Үлгілі ауыл» байқауының жеңімпаздарын марапаттады, деп жазады Egemen.kz.