Референдум • Бүгін, 10:17

Ғұсман Қырғызбаев: Референдум – Қазақстан үшін әділ қағидаларды бекіту мүмкіндігі

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дзюдодан Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев еліміздегі саяси өзгерістерге қатысты пікір білдіріп, отандастарымызды 15 наурызда өтетін референдумда таңдау жасауға шақырды, деп жазады Egemen.kz.

Ғұсман Қырғызбаев: Референдум – Қазақстан үшін әділ қағидаларды бекіту мүмкіндігі

Фото: olympic.kz

Спортшы ел үшін әділ қағидаларды бекіту азаматтардың ортақ міндеті екеніне назар аударды. 

«Әр спортшы үшін көк туды желбірету – отан алдындағы жоғарғы марапат. Олимпиада татамиінде бүкіл халықтың демін сезінесің. Бұл сені табанды болуға, ережені сақтай отырып күресуге және жеңіс үшін бар күш-жігеріңді салуға міндеттейді. Шынайы жеңіске темірдей тәртіп пен спорт ережелеріне құрметпен қарамай жете алмайсың. Әділ бәсеке мен жүйелі тәртіп қана әлемдік деңгейде мойындалуға жол ашады. Әрбір белдесу команданың нәтижесі, әр спортшының жігеріне байланысты екенін ұғындырады. Ел ішіндегі басты жетістіктер де ортақ тәртіптен басталады. Алдағы референдум бүкіл Қазақстан үшін әділ қағидаларды бекіту мүмкіндігі. Біздің болашағымыз – өз қолымызда», деді Ғұсман Қырғызбаев. 

Аида Балаева: Референдум – формалды процедура емес, ол – халықтың тікелей қатысуының ең тиімді тетігі

Сондай-ақ шахматтың блиц түрі бойынша әйелдер арасында 3 дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева да еліміздің болашағына бағытталған ауқымды іс-шараға қолдау білдірді. 

Жалпыұлттық коалиция өкілдері Шымкент тұрғындарымен кездесті

Соңғы жаңалықтар