и
Қысқы спорт • 19 Ақпан, 2026
Шорт-трекші Денис Никиша Олимпиадада 7-орынға тұрақтады
Миланда өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындарында шорт-трекші Денис Никиша 500 метр қашықтықта жалпы есепте 7-ші орынға табан тіреді. Осы қашықтықта бақ сынаған тағы бір отандасымыз Абзал Әжіғалиев жарысты ширек финалда аяқтады, деп жазады Egemen.kz.
Қысқы спорт • 19 Ақпан, 2026
Қысқы Олимпиада: Бүгін мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина жүлдеге таласады
Италияда өтіп жатқан төртжылдықтың басты бәсекесінің бүгінгі жарыс күнінде Софья Самоделкина еркін бағдарлама бойынша өнер көрсетеді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 19 Ақпан, 2026
Мемлекет басшысы Вашингтонда отандастарымызбен кездесті
Вашингтонда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттарында тұратын және білім алып жүрген Қазақстан азаматтарымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ата заң • 18 Ақпан, 2026
ERG қызметкерлері жаңа Конституция бойынша референдумды қолдады
Еліміздің әр тарабындағы алуан түрлі мамандар ERG-дің мыңдаған еңбек ұжымына біріккен. Бізді тек ортақ іс қана емес, еңбектің ортақ құндылықтары да біріктіреді. Өнеркәсіп үшін бұл – абстрактілі түсінік емес. Жауапкершілік, кәсіби біліктілік пен қауіпсіздік – нәтижеге жетелейтін күн сайынғы еңбек. Қазақстанның жаңа Конституциясы адам мен оның құқықтарын мемлекеттік саясаттағы орталық құндылық ретінде айқындап, осыған ерекше екпін түсіреді. Компания үшін мұның тікелей мәні бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 18 Ақпан, 2026
Ақтөбе облысында жас мұғалім өлі күйінде табылды
Ақтөбе облысының Темір ауданында жас мұғалімнің мәйіті үйінің ауласынан табылды. Бұл оқиға бойынша тергеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Теннис • 18 Ақпан, 2026
Елена Рыбакина Дубайдағы WTA 1000 турнирін ерте аяқтауға мәжбүр болды
Әлемдік рейтингте үшінші орында тұрған теннисші Елена Рыбакина Дубайдағы WTA 1000 турнирін уақытынан бұрын аяқтайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 18 Ақпан, 2026
Коалиция мүшелері Түркістан облысы тұрғындарымен кездесті
Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов бастаған «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясының мүшелері Түркістан облысының тұрғындарымен жаңа Конституцияның негізгі ерекшеліктерін талқылады. Түрлі алаңдарда өткен кездесулерге зиялы қауым мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері, еңбек ұжымдары, кәсіпкерлер мен жастар қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 18 Ақпан, 2026
«Халықтық Конституция – қуатты мемлекет» тақырыбында сарапшылар кездесуі өтті
Бүгін «Достық үйінде» Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Республикалық референдум аясында «Халықтық Конституция – қуатты мемлекет» тақырыбында сарапшылар кездесуі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 18 Ақпан, 2026
SCImago рейтингі: Қазақстан Орталық Азиядағы ғылыми көшбасшыға айналды
Қазақстан халықаралық ғылыми белсенділік өлшемінде өңірдегі жетекші орнын тағы да айқындады. SCImago Research Group жариялайтын SCImago Country Rank рейтингінде еліміз Орталық Азия мемлекеттері арасында бірінші орынға шықты. 1996-2024 жылдар аралығындағы жиынтық дерек бойынша Қазақстан әлемдік тізімде 69-орынға тұрақтаса, 2024 жылдың қорытындысында 64-орынға жоғарылады. Бұл – ұлттық ғылымның жүйелі дамуы мен жарияланым белсенділігінің артқанын білдіреді, деп жазады Egemen.kz.
Сауда • 18 Ақпан, 2026
Ішкі саудаға серпін: Кәсіпкерлерге 4,3 млрд теңге көлемінде қолдау көрсетілді
Былтыр ішкі сауда саласында кәсіпкерлерді қолдаудың жаңа тетігі іске қосылып, нәтижесінде 460 жоба 4,3 млрд теңге көлемінде мемлекеттік қолдауға ие болды. Бағдарлама екінші деңгейлі банктер арқылы несиелерді субсидиялау және кепілдендіру тетіктеріне негізделген. Алайда ол Астана, Алматы, Шымкент қалаларына және ірі сауда ойын-сауық орталықтарына қолданылмайды. Негізгі басымдық – өңірлік кәсіпкерлікті дамыту, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 18 Ақпан, 2026
Петропавлда оқушы үшінші қабаттың терезесінен секіріп кетті
Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде төтенше жағдай болды. 17 ақпанда оқушы үшінші қабаттың терезесінен құлап кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қысқы спорт • 18 Ақпан, 2026
Қысқы Олимпиада: Фристайл-акробатика шебері Аяна Жолдас іріктеуден өте алмады
Италияның Ливиньо тау шаңғы курортында XXV қысқы Олимпиада ойындарының фристайл-акробатикадан әйелдер арасындағы іріктеу кезеңі мәресіне жетті. Осы сында ел атынан жарыс жолына шыққан Аяна Жолдас іріктеу кезеңінде сүрінді, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 18 Ақпан, 2026
Астанада жаңа Конституция жобасы бойынша сараптамалық талқылау өтті
Бүгін Заңнама және құқықтық ақпарат институтында Парламент Мәжілісінің депутаты, Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның мүшесі, заң ғылымдарының докторы, профессор Марат Башимовтың қатысуымен сараптамалық кездесу өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 18 Ақпан, 2026
Қосымша медициналық білім сапасына қойылатын талап күшейді
Денсаулық сақтау министрлігі медициналық мамандардың біліктілігін арттыру ісін жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам жасады. Енді қосымша медициналық білім беру ұйымдарына қойылатын талаптар күшейтіліп, оларды іріктеу мен бақылаудың ашық әрі жүйелі тетігі енгізіледі. Бұл шешім саладағы кадр даярлау сапасын арттырып, халыққа көрсетілетін медициналық көмектің деңгейін жақсартуды көздейді, деп жазады Egemen.kz.
Қысқы спорт • 18 Ақпан, 2026
Шаңғы жарысының спринт түрінде бақ сынаған отандастарымыздың нәтижесі қандай?
Бүгін Италиядағы XXV қысқы олимпия ойындарында шаңғы жарысынан әйелдер командасы арасындағы спринт бәсекесі өтті. Ел құрамасы сапында Дарья Ряжко мен Надежда Степашкина сынға түсті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 18 Ақпан, 2026
Әскердегі әлімжеттік: Отарда соққыға жығылған сарбаздың қазіргі жағдайы қалай?
Гвардейск гарнизонында орналасқан әскери бөлімдердің бірінде әскери қызметші Ербол Қапарға күш қолданылып, сарбаз жақ сүйегінен жарақат алған. Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі сарбаздың Алматы қаласындағы Әскери-клиникалық госпиталінде оңалту курсынан өтіп жатқанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 18 Ақпан, 2026
Тоқаев Санаэ Такаичиді Жапонияның Премьер-министрі лауазымына қайта сайлануымен құттықтады
Мемлекет басшысы Жапония Премьер-министріне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Ақпан, 2026
Қазақстанда құмар ойынын ұйымдастырған күдікті Грузиядан экстрадицияланды
Маңғыстау облысы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің департаменті заңсыз онлайн-казино ұйымдастыру фактісі негізінде сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Іс бойынша Рантик Бахтияр Оглы күдікке ілінген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 18 Ақпан, 2026
Қоғамдық кеңес мүшелері жаңа Конституция жобасын талқылайды
Астана қаласында Мәдениет және ақпарат министрлігінің жанындағы Қоғамдық кеңестердің Үйлестіру орталығының отырысы өтеді. Іс-шараға Үйлестіру орталығының мүшелері, республикалық және облыстық деңгейдегі қоғамдық кеңестердің төрағалары, сондай-ақ уәкілетті органдардың өкілдері қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 18 Ақпан, 2026
Токио конвенциясы: Қазақстан жоғары білім саласындағы өңірлік әріптестікті күшейтті
Еліміз Тынық мұхиты мен Азия өңірінде жоғары білім туралы біліктіліктерді мойындау жөніндегі өңірлік конвенцияны (Токио конвенциясын) ратификациялап, жоғары білім саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды қадам жасады. Бұл шешімді ЮНЕСКО құптап, Қазақстанның әділ әрі ашық біліктіліктерді тану ісіндегі көшбасшылығын атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 18 Ақпан, 2026
Елімізде бал экспорты 2,5 есе артты: Шетелге 1477 тонна өнім жөнелтілді
Қазақстанда ара шаруашылығы серпінді дамып, ауыл шаруашылығының табысты әрі стратегиялық маңызды саласына айналып келеді. Соңғы деректерге сүйенсек, былтыр бал экспорты 2,5 есеге артып, отандық өнімге халықаралық сұраныстың жоғары екенін айқын көрсетті, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 18 Ақпан, 2026
«Буде-Глимт» және «Интер» ойынын қайдан көруге болады?
Бүгін норвегиялықтар өз алаңында миландық «Интерді» қабылдайды. Кездесу Будедегі «Аспмюра» стадионында өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Ақпан, 2026
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жақсылық Омарға қатысты тергеуді растады
ҰҚК Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омарға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Ақпан, 2026
Елімізде зейнетақының орташа мөлшері қанша теңге?
Жыл басынан бері республикалық бюджеттен зейнетақы төлеуге 395,2 млрд теңге бағытталды. Оның ішінде 131,3 млрд теңге – базалық зейнетақыға, 263,9 млрд теңге – ынтымақты зейнетақыға жұмсалды. Биылғы 1 ақпандағы мәлімет бойынша, елдегі зейнеткерлер саны 2 млн 538 мың адамға жетті. Бұл – мемлекет үшін әлеуметтік міндеттемелердің ауқымы кең екенін аңғартатын көрсеткіш, деп жазады Egemen.kz.
Қысқы спорт • 18 Ақпан, 2026
Қысқы Олимпиада: Бүгін отандастарымыз қай спорт түрлері бойынша бақ сынайды?
Туризм және спорт министрлігі Милан және Кортинадағы қысқы Олимпиаданың бүгінгі жарыс күнінде ел намысын қорғайтын атлеттеріміздің жарыс кестесін жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 18 Ақпан, 2026
Софья Самоделкина қысқа бағдарламада қалай өнер көрсетті?
2026 жылғы Олимпиада ойындарында (Италия) Қазақстан құрамасы атынан сынға түскен мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина қысқа бағдарламада өнер көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Теннис • 17 Ақпан, 2026
Елена Рыбакина Дубайдағы турнирді сәтті бастады
Қазақстанның әйелдер арасындағы жекелей сындағы бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Дубайда өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы әйелдер арасындағы турнирді жеңіспен бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Олимпиада • 17 Ақпан, 2026
Шаңғы қоссайысы: Шыңғыс Ракпаров 2026 жылғы Олимпиада ойындарында өнер көрсетуін аяқтады
Қазақстан спортшысы Шыңғыс Ракпаров шаңғы қоссайысынан Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында өнер көрсетуін аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 17 Ақпан, 2026
Шымкент қаласының тұрғындары Әділетті Қазақстан бағытына қолдау білдірді
«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» Жалпыұлттық коалициясы мүшелерінің өңірлерге сапарлары жалғасып жатыр. Ерлан Қошанов бастаған делегация Шымкент қаласының тұрғындарымен бірқатар кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 17 Ақпан, 2026
Әйгілі Sega компаниясына жетекшілік еткен Хидэки Сато өмірден өтті
Жапониялық инженер, Sega компаниясының әйгілі ойын приставкаларын жасауға жетекшілік еткен Хидэки Сато 2025 жылғы 13 ақпанда 77 жасында көз жұмған, деп хабарлайды Egemen.kz.