Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі
Қазақстанның көрсеткіші көрші елдерден едәуір жоғары. Мәселен, Өзбекстан – 83-орында болса, Қырғызстан – 130-орында тұр екен, ал Тәжікстан – 147-орында, Түркіменстан – 191-орында тұр.
Бұл айырмашылық ғылымды қаржыландыру деңгейі, зерттеу инфрақұрылымының дамуы, кадрлық әлеует, халықаралық ынтымақтастық және жарияланым сапасы секілді негізгі көрсеткіштердегі басымдықты аңғартады.
Жүйелі саясат жемісі
Қол жеткізілген нәтиже – ғылым және жоғары білім саласындағы дәйекті мемлекеттік саясаттың жемісі. «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң аясында өңірлік инновациялық жүйелерді дамытуға, зерттеу университеттері мен артықшылық орталықтарын қалыптастыруға, ғылыми жобаларды бизнес қатысуымен бірлесіп қаржыландыру тетіктерін енгізуге басымдық беріліп отыр.
Сонымен бірге жас ғалымдарды қолдау шаралары кеңейіп келеді. Отандық ғылыми ұйымдардың Horizon Europe бағдарламасына қатысуы да Қазақстан ғылымының жаһандық зерттеу кеңістігіне ықпалдасуына жол ашып отыр.
Farabi university: ғылым, инвестиция және дамудың жаңа кезеңі
Беделді бағалау тетігі
SCImago рейтингі – әлем елдерінің ғылыми және зерттеушілік әлеуетін саралайтын беделді құралдардың бірі. Ол Elsevier компаниясына тиесілі Scopus халықаралық библиометриялық дерекқоры негізінде жасалады.
Әдіснамада рецензияланатын журналдардағы жарияланым саны, дәйексөз алу деңгейі, халықаралық ғылыми ынтымақтастық, зерттеулер сапасы және ғылымның инновациялық дамуға қосқан үлесі есепке алынады. Демек, бұл көрсеткіштер тек сандық емес, сапалық өлшемдерді де қамтиды.
Ғылыми имиджді нығайтқан қадам
Қазақстанның рейтингтегі позициясының жақсаруы жүргізіліп жатқан реформалардың нәтижелілігін көрсетеді. Бұл табыс еліміздің Орталық Азиядағы ғылыми және зияткерлік көшбасшы ретіндегі беделін күшейтіп отыр.
Білім мен технология үшін жаһандық бәсеке күшейген кезеңде мұндай нәтиже – ұлттық ғылыми жүйені одан әрі дамытуға, оның ел экономикасы мен қоғам игілігіне қосатын үлесін арттыруға бағытталған стратегиялық басымдықтың айқын көрінісі.
Ғылыми қауымдастық «Халықтық Конституция үшін» коалициясын қолдады