Фото: Photo by Lintao Zhang/Getty Images
Әлемдік рейтингте үшінші орында тұрған спортшы жарыста бірінші нөмірлі болып тіркелді. Себебі Біріккен Араб Әмірліктерінде әлемнің бірінші және екінші ракеткалары – беларусьтік Арина Соболенко мен польшалық Ига Швентек өнер көрсетпейді.
Елена Рыбакина екінші айналымға өтті. Бұл кезеңде оның қарсыласы аустралиялық Кимберли Биррелл болды. Матч екі сетте 1:6, 2:6 есебімен аяқталды.
Матч барысында Рыбакина алты эйс жасап, бір қос қателікке жол берді және алты брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды.
Үшінші айналымда қазақстандық спортшы әлемнің 67-ракеткасы, хорватиялық Антония Ружичпен кездеседі. Бұл матчтың жеңімпазы ширек финалға жолдама алады.