Соңғы жаңалықтар
Қоғам • 12 Наурыз, 2026
Еңбек көші-қонында тәуекел көп
Қазіргі күнге дейін еліміз еңбек мигранттарын қабылдайтын ел ретінде танылса, кейінгі жылдары жағдай өзгеріп, еңбек күшін экспорттайтын мемлекетке айналды. Мамандардың айтуынша, бұл – қалыпты үрдіс. Алайда «Ел азаматтары өзге елдердегі лаңкестік топтардың құрығына түсіп қалмай ма?» деген алаңдаушылық та бар.
Пікір • 12 Наурыз, 2026
Мемлекеттік басқару: Жаңа сапаға қадам
Ата заң жобасының жарияланып, бүкілхалықтық талқылауға ұсынылуы – ел болашағын айқындайтын тарихи уақиға. Бұл бастама тек құқықтық негізді жаңарту емес, мемлекеттік басқару жүйесін сапалы жаңа деңгейге көтеруге бағытталған кешенді институционалдық реформа.
Зерде • 12 Наурыз, 2026
Ағайынды Дүйсен мен Дүйсенбі болыс
1896–1897 жылдары француздың археолог-этнографы, Париж географиялық қоғамының мүшесі барон Жозеф де Бай Ресейде зерттеу жұмысын жүргізді. Ол Қазан, Уфа, Перм, Екатеринбург, Түмен, Саратов, Мәскеу, сонымен қатар сол кездегі Ақмола облысының орталығы Омбыда болды. Осы сапары кезінде Жозеф тамаша фотосуреттерді таспалап, тарих қойнауында қалдырды. Соның ішінде қазақ тұрмысына қатысты оншақты сурет бар.
Ата заң • 12 Наурыз, 2026
Елдің институционалдық бағдарын қалыптастырады
Конституция жобасында жеке тұлғаны қорғаудың құқықтық кепілдіктері күшейтілді. Сондай-ақ адам капиталын дамытуға, білім мен ғылымды қолдауға, инновацияларды ынталандыруға басымдық берілген. Құжаттағы өзге де жаңашылдықтар «Конституциялық реформа және қоғамдық диалог: келешекке бағдар» тақырыбында өткен сарапшылар алаңында кеңінен талқыланды.
Білім • 12 Наурыз, 2026
Осы оқу жылынан бастап оқушыларды тамақтандырудың жаңа стандарты енгізілді. Мұны Денсаулық сақтау министрлігі өткен жылдың 4 наурызында бекітті. Алайда Солтүстік Қазақстан облысында оқушыларды тамақтандыруды жүзеге асыратын кәсіпкерлермен бағаға келісе алмағандықтан, бұл стандарт өңірде осы жылдың 10 қаңтарынан бастап қана еніп отыр.
Пікір • 12 Наурыз, 2026
Ата-анаға құрмет – елдік қасиет
Конституцияның жаңа нұсқасына кәмелетке толған, жұмысқа қабілетті ұл-қыздың еңбекке жарамсыз ата-аналарына қамқорлық жасау міндетін бекіту туралы норма түрлі пікір тудырды. Бірі мұны мемлекеттің азаматтардың жеке өміріне шамадан тыс араласуы деп санаса, енді бірі мұны заман талабы деп қабылдады. Бірақ бұл норманың мәні тек құқықтық емес, терең адами, құнды маңызға ие.
Тәрбие • 12 Наурыз, 2026
Бала тәрбиесі – барша халыққа ортақ құндылық. Осы тақырыпты зерттеп, зерделеп, жалпы адам баласына ортақ тұжырым ұсынған шетелдік әлеуметтік психолог мамандар баршылық. Мысалы, америкалық танымал психолог Диана Баумринд көпшілікке бала тәрбиелеудің үш негізін ұсынған екен. Оның біріншісі – сыйластық тәрбие (authoritative), екіншісі – авторитарлық тәрбие (authoritarian), үшіншісі салғырттық тәрбие (permissive) десе, кейінгі жылдары Стэнфорд университетінің (АҚШ, Калифорния штаты) психолог мамандары Элеонор Маккоби мен Жон Мартин төртінші негіз ретінде еркін тәрбие (uninvolved) ұғымын қосыпты.
Пікір • 12 Наурыз, 2026
Бір баптың бағасы, бір тармақтың тағылымы
Мемлекет басшысы кейінгі жылдардағы өзгерістер ұлт санасына ықпал еткенін, тіпті зор сілкініс әкелгенін атап айтты. Сол сілкіністің келісті бір көрінісі – жаңа Конституция жобасының өмірге келуі.
Білім • 12 Наурыз, 2026
Наурыз айындағы тестілеу басталды
Елімізде наурыз айында өтетін Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) өткен апта басталған еді. ҰБТ 6 сәуірге дейін жалғасады. 184 мыңға жуық адам ҰБТ-ға қатысуға өтініш берді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 мыңға көп. Олардың 74,4%-ы – қазақ тілінде, 25,5%-ы – орыс тілінде, 216 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтуге ниетті.
Жәдігер • 12 Наурыз, 2026
Елордадағы Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының қорында ХІV ғасыр туындысы «Хұсрау-Шырын» дастанының Париж ұлттық кітапхана қорынан алынған түпнұсқалық көшірмесі сақтаулы тұр.
Спорт • 12 Наурыз, 2026
Ербол Хамитов – Паралимпиада жүлдегері!
Италияның Милан, Кортина-д’Ампеццо қалаларында XIV қысқы Паралимпиада ойындары өтіп жатыр. Еліміздің ұлттық құрамасы парашаңғы мен парабиатлон спорт түрлерінен додаға түсіп жатыр.
Тұлға • 12 Наурыз, 2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Ұлттық құрылтай мінберінен жариялаған бастамалары еліміздің саяси архитектурасын айқындау жолындағы маңызды қадам болды. Соның бірі – вице-президент лауазымын қайта жаңғыртып, оны Конституциялық деңгейде бекіту ұсынысы. Бұл институт Президенттің стратегиялық тапсырмаларын іске асырудың тиімді тетігіне айналып, халықаралық аренадағы келіссөздер мен биік мінберлерде ұлттық мүддемізді қорғаудың жаңа сапалық деңгейін қалыптастырмақ. Осы орайда вице-президент еліміздің мемлекеттік құрылымында таңсық лауазым емес екенін айта кеткен жөн. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында бұл жауапты қызметті көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Ерік Асанбаев абыроймен атқарған еді. Осынау парасатты тұлғаның, білікті саясаткердің туғанына 90 жыл толуы аталған институттың жаңғыру үдерісімен тұспа-тұс келіп отыр.
Спорт • 12 Наурыз, 2026
Бүгін Нидерландтың Алкмар қаласында батуттағы гимнастикадан әлем кубогінің екінші кезеңі басталады. Дүбірлі додада еліміздің құрамасы сапында үш спортшы — Ерлан Тасмағамбетов, Роман Барков, Никита Тумаков бақ сынайды. Әлем кубогінің алғашқы кезеңінде Роман Барков 8-орынды місе тұтқан еді. Ал синхронды секіру бағдарламасында Роман мен Ерлан 5-орынға тұрақтады.
Спорт • 12 Наурыз, 2026
Шалқар ауданының орталығында В.Н.Цеханович атындағы спорт кешені ашылды. Бокс, дзюдо, грек-рим күресі сияқты олимпиадалық спорт түрлерімен бір мезетте жүзден астам бала жаттығуға лайықталған бірнеше залы, киім ауыстыратын бөлмелері мен 300 орындық трибунасы бар жаңа кешен ашылғанына жұртшылық қатты қуанды.
Саясат • 12 Наурыз, 2026
Салық жүйесіндегі өзгерістер сараланды
Елімізде жаңа Салық кодексін іске асыруға дайындық жүріп жатыр. Осы бағыттағы жұмыстарды талқылау мақсатында жобалық кеңсенің 8-отырысы өтті. Жиынды Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин жүргізді. Кездесу барысында кодекстің нормаларын енгізуге қатысты маңызды мәселелер қаралды.
Өнер • 12 Наурыз, 2026
Сүйікті әндері шаттыққа бөледі
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы сахнасында «forte trio» мемлекеттік триосының «Сүйікті жандар үшін…» атты классикалық музыка кеші өтті. Өнерсүйер қауымды бір арнаға тоғыстырған бұл кеш көрерменге нәзік сезім мен терең ойға жетелейтін музыкалық әсер сыйлады.
Елорда • 12 Наурыз, 2026
Астанадан шығатын барлық бағыт бойынша жол жабылды
Ауа райының нашарлауына байланысты Астана қаласынан республикалық маңызы бар барлық бағыттағы автожолдар көліктің барлық түрі үшін жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 12 Наурыз, 2026
100-ге жуық зымыран ұшырылды: «Хезболла» Израильге ең ауқымды соққы жасады
«Хезболла» ұйымы әскери операция басталғалы бері Израильге ең ірі шабуылдардың бірін жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Наурыз, 2026
Қарағанды облысында қар құрсауынан 20 адам құтқарылды
Қарағанды облысының Осакаров ауданында облыстық маңызы бар «Осакаровка – Нұра» автожолының жабық учаскесінде 6 жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 12 Наурыз, 2026
Ақтөбе облысының тасжолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды
Ауа райының күрт нашарлауына байланысты Ақтөбе облысының тасжолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 11 Наурыз, 2026
Астанада Наурыз мерекесіне орай 200-ден астам іс-шара өтеді
Көктемнің басты мерекесі – Наурыздың келуіне орай Астанада 200-ден астам түрлі бағыттағы іс-шара мен акция өтеді. Дәстүр бойынша Наурызнама мерекелік онкүндігінің әр күні ұлттық құндылықтар мен белгілі бір тақырыпқа арналады, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Оқиға • 11 Наурыз, 2026
Атырауда тікелей эфирде қызды аяусыз ұрған жігіт ұсталды
Атырауда 19 жастағы қызға шабуыл жасады деген күдікпен 21 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 11 Наурыз, 2026
Жұқпалы аурулардың ұлттық орталығы неге құрылды?
Жыл басталмай жатып Үндістанда Нипах атты қатерлі вирустың тарап жатқаны жайлы дақпырт төрткүл дүниені алаңдатып қойды. Эпидемиологтар әзірге толық зерттелмеген дерт ауа, ауадағы тамшылар арқылы таралатынын мәлімдеп отыр. Дегенмен ДДҰ жаңа вирустың әлемге таралу ықтималдығы төмен дейді. Бірақ жаһандану үдерісі жылдам жүріп жатқан заманда арқаны кеңге салуға болмайтындықтан, жуырда ғана елімізде Мемлекет басшысының тапсырмасымен Инфекциялық аурулардың ұлттық ғылыми орталығы ашылды.
Оқиға • 11 Наурыз, 2026
Астанада қатты желдің салдарынан тоғыз қабатты үйдің қасбеті құлады
Астанада екпіні күшті желдің салдарынан тоғыз қабатты тұрғын үйдің қасбеті құлады. Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарап жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 11 Наурыз, 2026
Ертең Астанада колледж студенттері мен мектеп оқушылары қашықтан оқитын болды
Астанада ауа райына байланысты колледждің 1-2 курс студенттері мен мектеп оқушылары онлайн оқиды, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Ата заң • 11 Наурыз, 2026
Динара Зәкиева: Жаңа Конституцияда ана мен балаға ерекше қорғау қарастырылған
Жаңа Конституция жобасында адам мен бала құқықтарын қорғаудың негізі күшейтіледі. Бұл туралы Қазақстан Республикасының балалар құқықтары бойынша уәкілі Динара Закиева 11 наурызда Астанада өткен «Конституциялық реформа және қоғамдық диалог: болашақты қалыптастыру» атты сараптамалық алаңында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 11 Наурыз, 2026
Саясат Нұрбек: Жаңа Конституцияда ғылым мен инновацияға басымдық берілген
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек технологиялық серпіліс аймақтық, географиялық, технологиялық және экономикалық теңсіздікті күшейтетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 11 Наурыз, 2026
Жаңа Конституция жобасында азаматтардың мүддесі мен құқығын қорғау басты назарға алынған
Жаңа Конституция жобасында азаматтардың мүддесі мен құқығын қорғау басты назарға алынған. Мемлекет дамуының басты бағыты ретінде адам капиталына, білімге, ғылым мен инновацияға басымдық берілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 11 Наурыз, 2026
Жауапкершілік алатын кез келді: Сарапшы жастарды референдумға қатысуға шақырды
Саяси шолушы Ғазиз Әбішев ҚСЗИ-дің «Конституциялық реформа және қоғамдық диалог: болашақты қалыптастыру» атты сараптамалық алаңында жаңа Ата аңның Қазақстан жастары үшін қандай маңызға ие екенін айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Наурыз, 2026
Алматыда бір тоннадан астам алкоголь өнімі тәркіленді
Алматы қаласында алкоголь өнімдерінің заңды айналымын бақылау және осы саладағы заң бұзушылықтардың алдын алу бағытында полиция тарапынан жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.