Қоғам • Бүгін, 13:03

«Атын атауға болмайтын адам»: Заңгер Мұхтар Шахановтың атына тіл тигізген ер адамды сотқа бермек

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласында Абдолла Розыбакиев көшесін ақын Мұхтар Шахановтың атына өзгерту туралы ұсыныс қоғамда түрлі пікір туғызды. Бұл бастамаға қарсы пікір білдірген азамат әлеуметтік желіде бейнежазба жариялап, Шахановты «Желтоқсан оқиғасына қатысты бүлікшілерді жақтаған тұлға» деп сипаттаған. Оның айтуынша, Абдолла Розыбакиев – Қазақстанның дамуына елеулі үлес қосқан тұлға, сондықтан көшені басқа есіммен атау орынсыз шешім болуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Атын атауға болмайтын адам»: Заңгер Мұхтар Шахановтың атына тіл тигізген ер адамды сотқа бермек

Аталған видео әлеуметтік желіде тарағаннан кейін адвокат Мейірман Шекеев бұл пікірді сынға алып, құқықтық шара қолданатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, ұлттық құндылықтар мен тарихи тұлғалардың есімін қорлауға жол берілмеуі тиіс.

Бұған дейін қоғам белсенділері көшеге Мұхтар Шахановтың есімін беру туралы петиция жариялаған болатын. Қазіргі таңда оны шамамен 10 мыңға жуық адам қолдаған.

Аида Балаева Мұхтар Шахановтың неге Арыстан баб кесенесіне жерленбейтінін түсіндірді

Айта кетейік, Мұхтар Шаханов 84 жасқа қараған шағында 19 сәуір күні дүниеден өтті. Соңғы жылдары ақын денсаулығына байланысты бірнеше мәрте ем қабылдаған еді.

Соңғы жаңалықтар