Оқиға орнына жақын орналасқан құтқару бөлімшесі жедел түрде «Marlin» үлгісіндегі катермен жеткен. Қашықтығы шамамен 4 шақырым болатын жерге құтқарушылар 4 минут ішінде барған.
Өзен бетінде жүргізілген іздестіру барысында қыз баланың ағысқа ілесіп, көпірден шамамен 800 метр қашықтыққа алыстап кеткені анықталған. Құтқарушылардың бірі дереу суға секіріп, оны ұстап тұрған, ал қалғандары құтқару шеңберін тастап, екеуін катерге шығарған.
Астанада көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болған жасөспірім құтқарылды
2011 жылы туған жасөспірім қыз жағаға жеткізіліп, медициналық қызметкерлерге тапсырылды.