ек
Білім • 26 Қаңтар, 2026
Қаңтардағы ҰБТ: 65 талапкердің нәтижесі жойылды
Қаңтар айындағы ҰБТ басталғалы бері 90 мыңға жуық түлек тест тапсырды. Екі аптаның қорытындысы бойынша талапкерлердің 65%-ы шекті балды жинаған, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 26 Қаңтар, 2026
TikTok жұлдызы Хаби Лейм өзінің ЖИ-сыңарын 975 миллион долларға сатты
Әлемдегі ең танымал TikTok жұлдызы Хаби Лейм бұрын-соңды болмаған келісімге қол қойды. Ол өз есімі, сырт келбеті мен дауысын пайдалану құқығын 3 жылға 975 миллион долларға сатты. Ең қызығы – енді оның орнына жасанды интеллект жұмыс істейді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 26 Қаңтар, 2026
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімхановтың арасында болған жанжалға қатысты пікір білдірді, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 26 Қаңтар, 2026
Алматыда жүкті әйелдің жүрегіне ота жасалды
Алматыда алғаш рет Қалалық кардио орталығында рентгеноскопиясыз жүкті әйелдің жүрегіне ота жасалды. Науқастың туа біткен жүрек ақауына байланысты жүрек-қан тамырларына жүктеме артып, ауруы асқына түскен, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 26 Қаңтар, 2026
Конституциялық реформа: «Құрылтай» мен «Халық кеңесінің» өкілеттігі талқыланды
Парламент Сенатының депутаты Нұрлан Бекназаров Конституциялық комиссияның екінші отырысында сөз сөйлеп, «Құрылтай» мен «Халық кеңесі» бөлімдеріне енгізілуі ұсынылған нормалардың мәні мен мазмұнына тоқталды. Оның айтуынша, бұл өзгерістер бір палаталы Парламентке көшу үдерісінде Ата заңның бірқатар баптарын қайта қарауды көздейді және елдің саяси жүйесін жаңғыртуға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 25 Қаңтар, 2026
Australian Open-2026: Анна Данилина ширек финалға жолдама алды
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина Австралияның ашық чемпионатында (Australian Open) жанкүйерлерді кезекті жеңісімен қуантты. Отандасымыз сербиялық Александра Круничпен бірге турнирдің 1/8 финалында жеңіске жетіп, ширек финалға қадам басты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Қаңтар, 2026
Жақып Асанов: Жеке деректердің қорғалмауы – мемлекетке тікелей қауіп
Сенат төрағасының орынбасары Жақып Асанов Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысында жеке деректерді қорғау мәселесіне ерекше тоқталды. Оның айтуынша, бүгінгі цифрлық әлемде азаматтардың құқығы қағаз жүзінде ғана емес, нақты әрі тиімді қорғалуы тиіс, деп хабарлайды Egemen.kz.
Пікір • 24 Қаңтар, 2026
Жақсыбек Күлекеев: Ғылыми қызмет қағидалары Ата Заңмен бекітілуге тиіс
Астанада өтіп жатқан Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысында Қолданбалы экономикалық зерттеулер орталығының ғылыми жетекшісі Жақсыбек Күлекеев еліміздегі ғылыми қызметтің Ата Заң деңгейінде нақты реттелмегенін, соның салдарынан ел дамуын қамтамасыз етудегі ғылымның рөлі мен мәртебесі төмен екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Қаңтар, 2026
«Неке – ер мен әйел одағы»: Конституцияда отбасы ұғымын күшейту ұсынылды
Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысында жаңа Конституцияда отбасы мен неке ұғымдарын күшейту керек екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 24 Қаңтар, 2026
Павлодарда тозығы жеткен жылу-энергия орталығы жаңғыртудан өтеді
Ертіс – Баян өңірінде алдағы жылдары электр стансаларының қуатын арттыру, жаңадан МАЭС салу жоспарланып отыр. Энергетикалық нысандардың жиынтық қуаты 14 мың МВт-қа жетуі ықтимал, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 23 Қаңтар, 2026
Халық әртісі қызметке тағайындалды
Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасына қарасты Семейдегі Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясының директоры болып Қазақстанның Халық әртісі, күйші-композитор Секен Тұрысбеков тағайындалды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 23 Қаңтар, 2026
Үкіметте салықтық әкімшілендіру бойынша кеңес өткізілді
Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Премьер-министр Олжас Бектенов Қаржы министрлігінің фискалдық саясатын дамыту және ақпараттық жүйелерді цифрландыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Жиынға құзырлы ведомстволар мен өңірлік мемлекеттік кірістер департаменттерінің басшылары қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 23 Қаңтар, 2026
Президент қысқы Олимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қысқы Олимпиада ойындары мен Паралимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өндіріс • 23 Қаңтар, 2026
Бес жылда 5 есе өсім: Қай облыстарда автобөлшектер бағасы шарықтап тұр?
Өткен жылдың қаңтар-желтоқсан аралығында елімізде автокөлік бөлшектері мен керек-жарақтарын өндіру көлемі 395,1 млн теңгеге жетіп, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,8%-ға өсті, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 23 Қаңтар, 2026
Қаржы министрі жекеменшік мектептердің бюджет қаржысын заңсыз пайдаланғанын мәлімдеді
Үкімет жариялаған аудиторлық тексерудің алдын ала қорытындысында жекеменшік мектептердегі бюджет қаражатын жымқыру және АӨК-те қаржыны мақсатсыз пайдалану фактілері тіркелгені айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 23 Қаңтар, 2026
Ақтөбелік оқушы ҰБТ-дан 138 ұпай жинады
Ақтөбе қаласындағы №65 орта мектептің 11-сынып оқушысы Айсәуле Жұмабай қаңтар айында өткен Ұлттық бірыңғай тестілеудің сынақ кезеңінде 138 ұпай жинап, ең үздік нәтижеге қол жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Қаңтар, 2026
Өткен жылы елімізде қанша көлік сатылды?
2025 жылы Қазақстанда 234 852 автокөлік сатылды. Бұл алдыңғы жылғы көрсеткіштен 14,4%-ға жоғары әрі ел тарихындағы жаңа рекорд ретінде тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 23 Қаңтар, 2026
Президенттің көмекшісі «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының басшысы болып сайланды
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының съезінде Қанат Шарлапаев палатаның төрағасы болып сайланды, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 23 Қаңтар, 2026
Елордада екінші ауысымдағы оқушылар сабақты онлайн оқиды
Астанада екінші ауысымдағы 0-6-сынып оқушылары ауа райының қолайсыздығына байланысты қашықтан оқуға ауыстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 22 Қаңтар, 2026
Қазақстан мергендері жалпыкомандалық есепте көш бастады
Дохада (Қатар) стенд атудан ересектер мен жастар арасындағы Азия чемпионаты мәресіне жетті. Оған 17 елден келген 200-ге жуық мерген шеберліктерін ортаға салды. Дүбірлі додада ел құрамасынан 41 спортшы бақ сынады, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 22 Қаңтар, 2026
Қостанай қаласындағы балалардың неше пайызы аралас мектептерде білім алып жатыр?
Қостанай қаласында жалпы білім беретін 40 шақты мектеп бар. Оның 10-ы мемлекеттік тілде, 22-сі орыс тілінде, 8-і аралас тілде білім береді. Қала мектептерінде оқитын 20 мыңға жуық қарагөз жас өскіннің 36 пайызы ғана өз ана тілінде білім алады. Яғни, қазақ балаларының 64 пайызы өзге тілде оқып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 22 Қаңтар, 2026
Промоутер Жәнібек Әлімханұлының допинг сынамасына қатысты пікір білдірді
Спорт менеджері әрі промоутер Жалғас Түкешов Қазақстаннан шыққан IBF/WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының допинг дауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2026
Ақтауда электр энергиясы уақытша өшіріледі
«АУЭС» МКК Ақтаудағы шағынаудандардың бірінде электр энергиясы уақытша өшірілетінін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Digital • 22 Қаңтар, 2026
ChatGPT кәмелетке толмағандарды автоматты түрде анықтай бастайды
ChatGPT кәмелетке толмаған пайдаланушыларды қорғауды күшейту мақсатында олардың жасын автоматты түрде айқындайтын жүйені іске қосады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 22 Қаңтар, 2026
Жағдайы күрт нашарлаған: Қаскелеңде 9-сынып оқушысы сабақ кезінде қайтыс болды
Қайғылы оқиға Алматы облысы Қаскелең қаласындағы Сәтбаев атындағы орта мектепте болды. Сабақ кезінде 15 жастағы 9-сынып оқушысы көз жұмды. Оқушының жағдайы бірінші сабақтан кейінгі үзіліс кезінде кенеттен нашарлаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 21 Қаңтар, 2026
Алматы мектептеріндегі Kundelik.kz дауы: Оқушылардың деректері таралғаны рас па?
Компания өкілдері қаладағы мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында оқитын оқушылардың жеке деректерінің таралуына және Kundelik.kz платформасынан BilimClass жүйесіне өтудің себептерін түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 21 Қаңтар, 2026
Қазақстан OpenAI Edu for Countries алғашқы халықаралық когортасына қосылды
Қазақстан білім беру саласында жасанды интеллектіні жүйелі енгізу жолында жаңа кезеңге қадам басты. Ел OpenAI-дың Edu for Countries бағдарламасының алғашқы халықаралық когортасына қосылып, ұстаздың рөлін күшейтуге және адам капиталының сапасын арттыруға бағытталған стратегиялық бастаманы іске асыра бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 21 Қаңтар, 2026
Чемпиондар лигасында гол соққан «Қайрат» ойыншысы «Ақтөбеге» ауысады
«Қайраттың» жартылай корғаушысы Әділет Садыбеков «Ақтөбе» футбол клубына ауысады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 21 Қаңтар, 2026
Үкімет Салық кодексі бойынша түскен ұсыныстарға талдау жүргізеді
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайда берген тапсырмаларын, оның ішінде жаңа Салық кодексін жетілдіру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асырудың түйінді шарттарын атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Мереке • 21 Қаңтар, 2026
21 қаңтар – Инженерлік әскерилер күні
21 қаңтарда Қазақстанда ең жауапты әрі қауіпті әскери мамандықтардың бірінің кәсіби мерекесі – Инженерлік әскерлердің күні аталып өтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.