Ай
Тұлға • 29 Қазан, 2025
Қостанайда «Міржақып өмірі мен өнегелі мұрасы» атты республикалық ғылыми конференция өтті
Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының Қостанай облысындағы өкілдігі ұйымдастырған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, алаштанушы ғалым, академик, «Қазақ газеттерінің» бас директоры Дихан Қамзабекұлы, облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов, өңір зиялылары, облыстық дін істері басқармасының өкілдері, діни қызметкерлер қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Қазан, 2025
Атырауда заңсыз айналымнан 30,6 мың литр алкоголь, 9,7 мың тонна мұнай алынды
Атырау облысында акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымына қарсы күрес шаралары күшейтілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 29 Қазан, 2025
Полицейлер Бурабайда үш адамды құтқарды
Бурабай ауданының патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Бауыржан Ғалымов пен Аян Қанғожин жедел әрі кәсіби әрекеттерімен Щучинск-Бурабай тасжолында болуы мүмкін қайғылы жағдайдың алдын алып, жүргізуші мен екі жолаушының өмірін сақтап қалған. Оқиға 24 қазанда болған, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 29 Қазан, 2025
Пранк жасаймын деп қоғамдық тәртіпті бұзатындар көбейіп кетті - Нартай Аралбайұлы
Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Нартай Аралбайұлы Ішкі істер министрі Ержан Сәденов пен Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға әлеуметтік желілерде белең алған қауіпті пранктерге қатысты депутаттық сауал жолдап, мұндай әрекеттерге заңды түрде тосқауыл қою қажеттігін айтты, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 29 Қазан, 2025
АҚШ Президентінің арнайы өкілі мен Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Ақордаға келді
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 28 Қазан, 2025
АҚШ Президентінің арнайы өкілі мен АҚШ Мемлекеттік хатшысы орынбасарының Қазақстанға сапары басталды
АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Гор мен АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Кристофер Ландау Алматыға келді, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 28 Қазан, 2025
Қытай киберқауіпсіздік туралы заңын жаңартты
Қытай Халық Республикасы киберқауіпсіздік туралы заңға түзетулер енгізіп, цифрлық саланы және жасанды интеллектіні (ЖИ) реттеудің құқықтық негізін күшейтті. Бұл шешім 18-ші Бүкілқытай халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің отырысында қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Ауа райы • 28 Қазан, 2025
Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды
Казгидрометтің болжамынша, алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағында күздің ызғары сезіле бастайды. Кей өңірлерде жаңбыр жауып, жел күшейеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 28 Қазан, 2025
Ризабек Айтмұқан әлемдік аренада тағы бір жүлдеге қол жеткізді
Еркін күрестен 2023 жылғы әлем чемпионы, Азия чемпионатының 3 дүркін күміс жүлдегері Ризабек Айтмұқан Сербияның Нови-Сад қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 28 Қазан, 2025
«Қазгидромет» болжамына сәйкес, 28 қазан күні Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде, сондай-ақ шығыс пен оңтүстік-шығыстың таулы өңірлерінде жаңбыр жауады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 27 Қазан, 2025
Абзал Нүкенов қызметінен босатылды
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Абзал Нүкенов Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 26 Қазан, 2025
Тобыл қаласында 450 отбасы баспаналы болды
Тобыл қаласының «Астана» шағын ауданында жаңа бой көтерген 10 тұрғын үй пайдалануға берілді. Заманауи тұрғын үй кешеніндегі 450 пәтерге шамамен 1000 адам қоныстанды.
Президент • 25 Қазан, 2025
Мемлекет басшысы Таиланд Короліне көңіл айту жеделхатын жолдады
Ақорда Мемлекет басшысының Таиланд Короліне көңіл айту жеделхатын жолдағанын хабарлады.
Тағайындау • 25 Қазан, 2025
Марат Ирменов ҰҚК төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды
Мемлекет басшысының өкімімен Марат Ғатаұллаұлы Ирменов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Білім • 24 Қазан, 2025
Ақмола облысы, Целиноград ауданына қарасты Қабанбай батыр ауылында былтыр ашылған жаңа үлгідегі жайлы мектеп бүгінде ауыл өміріне тың серпін әкелді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында бой көтерген бұл білім ордасы бүгінде сапалы білім мен жаңа форматтағы тәрбие беру ісінің тірегіне айналып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 24 Қазан, 2025
Абай мұрасына арналған көрме ашылды
Алматыдағы Ұлттық орталық музейде «Хакім Абай мұрасы» атты тақырыптық-экспозициялық көрме ашылды. Тағылымды шара ұлы ойшылдың туғанына 180 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Марапат • 24 Қазан, 2025
Аида Балаева сала қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Республика күніне орай Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева отандық мәдениет, өнер және медиа саласының дамуына елеулі үлес қосқан 62 қайраткерге мемлекеттік награда табыстады. Марапаттау рәсімі Астанада Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 24 Қазан, 2025
Биыл 20 млн тоннадан астам бидай жиналды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйлеп, биылғы экономикалық жетістіктерді қорытындылай келе, елімізде астық түсімі мол болып, қамбаға 20 миллион тоннадан астам бидай жиналғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 24 Қазан, 2025
Атырауда пранк жасамақ болған үш жігітке айыппұл салынды
Атырау қаласында үш жігіт пранк түсіру үшін бойжеткенді көлікке күштеп отырғызған. Сот олардың бұл әрекетін ұсақ бұзақылық ретінде бағалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 24 Қазан, 2025
Еліміздің су саласына Қытай корпорациясы инвестиция салады
Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Нұрлан Алдамжаров Energy China корпорациясының президенті Цяо Сюбинь бастап келген ҚХР делегациясымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 24 Қазан, 2025
Қаржылай қолдау тапқан қожалықтар
«ҚазАгроҚаржы» арқылы алынған жаңа техника егіс пен еңбектің өнімділігін арттырды, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 24 Қазан, 2025
Айбек Нұғымаров жаңа қызметке тағайындалды
Абай облысы Аягөз ауданы әкімінің орынбасары лауазымына елімізге белгілі балуан Айбек Нұғымаров тағайындалды, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Экономика • 23 Қазан, 2025
Өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға жаңа арнайы салық режимі енгізіледі
2026 жылдан іске асырылатын бұл норма жылдық табысы 15 млн теңгеден аспайтын курьерлерді, такси жүргізушілерін, қолөнершілерді және басқа да мамандарды жеке кәсіпкер ретінде тіркелу міндетінен босатады, деп жазады Egemen.kz.
Туризм • 23 Қазан, 2025
Үш млн адам Қатонқарағайға сүйсінді
Ауылдық аймақтарды дамыту қорының айтуынша, қыркүйектің соңында америкалық блогер Крис Джундеф пен германиялық Йоханнес Хулш Қатонқарағайға келді. Екеуінің де әлем бойынша бір жарым миллионнан астам жазылушысы бар, деп жазады Egemen.kz.
Салық • 23 Қазан, 2025
Мұнай мен газ саласы 8 трлн теңге салық түсірді
Еліміз биылғы жылдың басынан бері мұнай мен газ саласынан 8 триллион теңгеден астам салық жинады. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 23 Қазан, 2025
«Медеу» мұз айдыны екі жыл ішінде толық жаңғыртылады
Алматы қаласы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте мәдениет пен спорт саласындағы ірі жобалардың жүзеге асырылу барысы туралы баяндады. Қалада бірқатар мәдени нысандар жаңартылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Қазан, 2025
Жүргізуші куәлігін алғаш рет рәсімдеу тәртібі өзгерді
Енді алғаш рет жүргізуші куәлігін алғысы келетін азаматтар өтінішті мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ, тікелей «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы бере алады, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 23 Қазан, 2025
Синоптиктер 12 аймақта күн бұзылатынын ескертті
Синоптиктер 23 қазан күні Қазақстанның 12 қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайдың орнауы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 22 Қазан, 2025
Абай облысында жаңа «Келешек мектебінде» ерекше форматтағы Ашық есік күні өтті
Аягөз қаласында салынған жаңа №11 жалпы білім беретін «Келешек мектепте» ерекше форматтағы Ашық есік күні ұйымдастырылды.
Сайлау • 22 Қазан, 2025
Инклюзивті сайлау – баршаға тең мүмкіндік
2025 жылғы 22 қазанда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанындағы Мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өтті, деп жазады Egemen.kz.