Қоғам • 12 Қаңтар, 2026

TikTok-та қазақ ұлтына тіл тигізген Қостанай тұрғыны 2 жылға сотталды

100 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қостанай қаласының №2 соты 44 жастағы Юлия Хонды Қазақстан Қылмыстық кодексінің 174-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ одан 826 мың теңге көлемінде процессуалдық шығын өндіріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

TikTok-та қазақ ұлтына тіл тигізген Қостанай тұрғыны 2 жылға сотталды

Іс материалдарына сәйкес, 2024 жылғы қараша айының басында түнгі сағат 03:45 шамасында айыпталушы алкогольдік масаң күйде TikTok желісінде тікелей эфирге шыққан. Оның адвокаты Валерий Лидің айтуынша, эфир барысында Ресей мен Украина арасындағы соғыс тақырыбы талқыланған.

Сот дерегінше, тікелей эфир кезінде Юлия Хон қазақ ұлтына тіл тигізіп, арандатушылық сипаттағы бейәдеп сөздер айтқан. Судья Ольга Кузнецова бұл жайт сараптама қорытындысымен, эфир жазбасымен және куәгерлердің айғақтарымен дәлелденгенін мәлімдеді.

«Тик-Ток» арқылы жұртты алдап келген қылмыстық топтың жолы кесілді

Сот үкімімен Юлия Хон 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Бұған дейін ол ешқайда кетпеу туралы қолхатпен жүрген. Үкім жарияланғаннан кейін сот залында қамауға алынды.

Жаза тағайындау кезінде сот айыпталушының жеңілдететін мән-жайларын ескерген. Атап айтқанда, сотталушының көру қабілетінен айырылған баласы бар екені, оны емдетуге өзі қаражат төлейтіні айтылды. Сонымен қатар, оның бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмағаны, тұрмыста екені және жұмыс істейтіні көрсетілді.

Депутаттар Қазақстанда ТикТокқа шектеу қоюды ұсынды

Адвокат Валерий Ли сот шешімімен келіспейтінін және апелляциялық шағым түсіретінін мәлімдеді. Оның айтуынша, эфир барысында Юлия Хонның өзіне де тіл тигізілген, ал қорлайтын сөздер бүкіл ұлтқа емес, нақты бір адамға бағытталған.

Соңғы жаңалықтар