Саясат • 14 Қаңтар, 2026

АҚШ-тың Иранмен байланысы бар елдерге салған 25% баж салығы: Қазақстанның ұстанымы қандай?

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен сауда-саттық жасайтын барлық елге 25 пайыздық баж салығын енгізетінін мәлімдеген еді. Мәлімдемеге қатысты еліміздің Сауда және интеграция министрлігі пікір білдірді, деп жазады Egemen.kz.

АҚШ-тың Иранмен байланысы бар елдерге салған 25% баж салығы: Қазақстанның ұстанымы қандай?

Фото: kisi.kz

Салалық министрлік халықаралық сауда-экономикалық күн тәртібі мен жағдайдың даму үрдісін, оның ішінде АҚШ-тың Иранмен сауда байланысы бар елдерге қатысты жариялаған мәлімдемелерін мұқият қадағалап отырғанын хабарлады.

Министрліктің хабарлауынша, қазір ықтимал шаралардың қолдану параметрлері әлі нақтыланбаған. Десе де ведомство осыған байланысты әртүрлі даму сценарийлерін бағалауды жалғастырады.

«Сонымен қатар Қазақстан өзіне алған халықаралық сауда-экономикалық міндеттемелерін тұрақты түрде орындап келеді және сыртқы экономикалық саясатта салмақты әрі прагматикалық ұстанымды басшылыққа алады», делінген министрлік таратқан хабарламада.

Трамптың айтуынша, 25 пайыздық баж салығы Иран үкіметіне қысым көрсету құралы ретінде қолданылмақ.

Еске салайық, Ирандағы саяси ахуал және оған қарсы санкциялардың күшеюіне байланысты әлемдік нарықта мұнай бағасы күрт өсті.

Ал Иран билігі наразылықтар кезінде шамамен 2000 адамның қаза тапқанын мойындап отыр.

Соңғы жаңалықтар