Соңғы жаңалықтар
Технология • 10 Қараша, 2025
Қазақстанда бес жыл ішінде 1 миллион адам IT және ЖИ дағдыларын меңгермек
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі алдағы бес жылда 1 миллион адамды IT және жасанды интеллект (ЖИ) дағдыларына оқытуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шаруашылық • 10 Қараша, 2025
Қайтарылған жерлердің неше гектары халыққа берілді?
Жер ресурстарын тиімді пайдаланудың маңыздылығын көздеген Президент тапсырмасы шеңберінде 2025 жылы Ауыл шаруашылығы министрлігі мақсатына сай пайдаланылмаған немесе заң бұзушылықтармен берілген жерлерді қайтару жөніндегі жоспарды мерзімінен бұрын орындап отыр, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 10 Қараша, 2025
27 тоннадан астам есірткі: «Қарасора-2025» операциясының қорытындысы жарияланды
Ішкі істер министрлігі елімізде маусым мен қазан айлары аралығында өткен «Қарасора-2025» республикалық жедел алдын алу іс-шарасының нәтижелерін жариялады. Операцияның басты мақсаты – есірткі айналымына тосқауыл қою және заңсыз өсірілетін құрамында есірткі бар өсімдіктерді анықтау, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 10 Қараша, 2025
Астана маңындағы Жібек Жолы ауылында жылу қазандығы жарылды
10 қарашада Жібек Жолы елді мекенінде екі жылу қазандығы жарылды. Бір адам зардап шеккені хабарланды, деп жазады Egemen.kz Nayza_kokshe-ге сілтеме жасап.
Қаржы • 10 Қараша, 2025
Елена Рыбакина WTA қорытынды турнирінде қанша табыс тапты
Қазақстанның үздік теннисшісі (әлемнің бесінші ракеткасы) Елена Рыбакина 2025 жылғы әйелдер теннисіндегі маусымның басты жарысы – WTA қорытынды турнирінің жеңімпазы атанды. Турнир Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтті, деп хабарлайды Egemen.kz сайты Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Қоғам • 10 Қараша, 2025
Зейнетақы жинағын ипотека мен несие үшін қолдануға болады
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі азаматтардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталған біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларына өзгерістер енгізу туралы бұйрық жобасын әзірледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Digital • 10 Қараша, 2025
21 жастағы Асылжан Алтай және оның достары ағылшын тілін жылдам меңгеруге арналған Aleem қосымшасын даярлап шықты. Қазір бұл қосымшаның алдына App Store-да ешкім түсіп тұрған жоқ. Шет тілін шебер үйрететін Duolingo-ны да Асылжанның қосымшасы басып озды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Қараша, 2025
75 тоннадан астам балық Еуропаға заңсыз экспортталған
Қаржылық мониторинг агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаменті көлік прокуратурасының үйлестіруімен «СПК Қызылорда Балық» ЖШС басшылығына қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Қараша, 2025
Ақтау теңіз солтүстік терминалы экспорт қарқынын күшейтті
2025 жылдың он айында Ақтау теңіз солтүстік терминалының жұмыс қарқынын арттырғаны анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Қараша, 2025
Жамбыл облысында 16 жастағы жасөспірімнің мәйіті табылды
Сарыкемер ауылында 16 жастағы жасөспірімнің мәйіті табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Қараша, 2025
Жылқы ұрлағандар Қарағандыда ұсталды
Қарағанды облысында блок-бекетте полицейлер ұрланған жылқылар тиелген жүк көлігін тоқтатты. Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 10 Қараша, 2025
Мемлекет басшысы Луиджи Карраро мен Нассер Бен Ганим Әл-Хелаифиді қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық падел федерациясының (FIP) президенті Луиджи Карраро мен Premier Padel әлемдік кәсіби турының төрағасы Нассер Бен Ганим Әл-Хелаифиді қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бизнес • 10 Қараша, 2025
Қай банктер кәсіпкерлерге көбірек ақша беріп отыр?
Қазақстан банктеріндегі заңды тұлғалардың депозиттері 19,2 трлн теңгеге жетті – бұл бір айда +3,3%, ал бір жылда +17,9% өсім. Бизнестің барлық депозиттерінің 87%-дан астамы сектордағы алғашқы топ-10 екінші деңгейлі банкке тиесілі. Заңды тұлғалардың депозиттерінің жалпы депозиттер көлеміндегі үлесі 42,1%, яғни соңғы үш жыл қатарынан 41-43% деңгейінде сақталып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 10 Қараша, 2025
E-gov арқылы оп-оңай: Өзіңізді қаржы алаяғынан қорғаудың амалы қандай?
Қаржылық алаяқтықтан қорғану үшін қарыздарды ресімдеуден ерікті түрде бас тарту қызметі қолданылады. Әрбір азамат банктік кредиттер мен микрокредиттер алуға тыйым салу қоя алады. «Стоп-кредит» деп аталатын қызмет порталда және E-gov мобильді қосымшасында қолжетімді, деп жазады Egemen.kz Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.
Президент • 10 Қараша, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 қарашада Ресей Федерациясына мемлекеттік сапармен барады
Мемлекет басшысы Президент Владимир Путинмен келіссөздер жүргізеді. Сондай-ақ Орал қаласында өтетін ХХІ Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық сессиясына бейнебайланыс арқылы қатысады6 деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 10 Қараша, 2025
100 млн теңге: Қарағандыда көпбалалы аналарға қайырымдылық жасаймыз деген топтың жұмысы әшкере болды
Қарағанды облысында өзін әлеуметтік көмек жобасы ретінде көрсеткен «Үміт Самғау» ұйымы қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікпен тергеліп жатыр. Топ 400-ден астам азаматтың сеніміне кіріп, 100 млн теңгеден астам қаражат жинаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 10 Қараша, 2025
Дәстүр мен заман: отбасы институтының қазіргі ахуалы қандай?
Елімізде күннен күнге ажырасу жағдайлары көбейіп, оны жария ету үрдісі де жиілеп барады. Заманауи талаптар мен дәстүрлі ұстанымдар арасындағы қайшылық, жастар мен үлкен буын арасындағы пікір айырмашылығы, ақпараттық кеңістіктің ықпалы отбасы институтына әсер етіп жатыр.
Әлем • 10 Қараша, 2025
Қырғызстанда сайлауалды үгіт-насихат басталды
Қырғызстанда 10 қарашадан бастап Жогорку Кенеш депутаттарының мерзімінен бұрын өтетін сайлауы үшін сайлауалды үгіт-насихат кезеңі ресми түрде басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 10 Қараша, 2025
Мемлекет басшысы Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының бірінші орынбасарын қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының бірінші орынбасары Денис Мантуровты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 10 Қараша, 2025
Ақтөбеде жемқорлардың ақшасына ерекше балабақша салынбақ
Жоба Президенттің тапсырмасы шеңберінде «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» заңы негізінде жүзеге асырылып жатыр. Құны шамамен 7,4 миллиард теңгені құрайды. Нысан – 300 орындық, жоспарға сәйкес құрылысы 2026 жылы аяқталады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 10 Қараша, 2025
Алматыда жол қозғалысын реттеп тұрған полицейді көлік қағып кетті
Алматы қаласының орталығында жол қозғалысын реттеп тұрған полицейді жеңіл көлік қағып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тарих • 10 Қараша, 2025
Қарағанды облысында сақ жауынгері жерленген қабір табылды
Қарағанды облысында археологтар сақ дәуіріне жататын жауынгердің бұзылмаған қабірін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz облыстың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өндіріс • 10 Қараша, 2025
ERG Skills International байқауы жастар мен мамандарды біріктірді
Ақсу қаласында тау-кен металлургия кешеніндегі 160-тан астам маманды, студенттер мен тәлімгерлерді біріктірген ERG Skills International халықаралық кәсіби шеберлік байқауы өтті. Байқау Жұмысшы мамандықтар жылы аясында WorldSkills стандарттары бойынша ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 10 Қараша, 2025
Алматыда балалар үйіндегі өртке қатысты тың деректер шықты
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Бала құқықтарын қорғау комитеті Алматы қаласындағы «Перзент» жеке балалар үйінде болған ірі өртке қатысты ақпарат берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 10 Қараша, 2025
Колледждерден биыл қанша студент шетелдік курстардан өтті?
Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін 2025-2027 жылдарға трансформациялау жөніндегі Жол картасы және Жұмысшы мамандықтар жылы шеңберінде іске асырылып жатқан бағдарламалардың негізгі мақсаты – тәжірибе алмасу, заманауи технологияларды меңгеру, келешек мамандардың еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыру, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 10 Қараша, 2025
Талас ауданына қарасты Бостандық ауылында дене-шынықтыру сауықтыру кешені ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 10 Қараша, 2025
Латын әліпбиі бізге не үшін керек?
Тіл – ұлттың жүрегі болса, әліпби – сол жүректің соғысын білдіретін таңба. Біз бүгін кімбіз, ертең кім боламыз – осы сұрақтардың жауабы тікелей тіл мен жазуға байланысты. Демек, латын әліпбиіне көшу – таңбаны ғана емес, сананы жаңартатын, болашаққа бет бұратын ұлттық шешім болмақ. Егер біз шын мәнінде тәуелсіз мемлекет құрғымыз келсе, онда жазуымыз да тәуелсіз болуға тиіс.
Мәдениет • 10 Қараша, 2025
Күйші Жанғали Жүзбай халықаралық беделді сыйлыққа ие болды
Белгілі күйші, ұстаз Жанғали Жүзбай Түркияның Алания қаласында медиа саласы мамандарының V Халықаралық кеңесінде Ысмайыл Гаспралы атындағы сыйлықпен марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 10 Қараша, 2025
Родриго Пас Боливия Президенті ретінде қызметіне кірісті
Родриго Пас 2025–2030 жылдарға арналған Боливия Көпұлтты Мемлекетінің конституциялық президенті ретінде ант беріп, қызметіне ресми түрде кірісті, деп хабарлайды Egemen.kz DW-ге сілтеме жасап.
Зерде • 10 Қараша, 2025
Халықаралық білім бәйгесінде Қазақстан оқушылары 100% нәтиже көрсетті
Душанбеде (Тәжікстан) осы айдың 5-9 күндері аралығында өткен KhIMIO2025 халықаралық математика және информатика олимпиадасында Қазақстан оқушылары қоржынға 8 медаль салды. Аталған білім бәйгесіне дарынды оқушылар 10 мемлекеттен қатысқан, деп жазады Egemen.kz.