П
Президент • 12 Қаңтар, 2026
Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтай отырысы өтетін күнді белгіледі
Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринмен және Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаевпен Парламенттік реформа бойынша кезекті жұмыс кеңесін өткізді, деп жазады Ақорда.
Спорт • 12 Қаңтар, 2026
Сержант-спортшы Азия додасында топ жарды
Қарулы күштердің әскери қызметшісі сержант Еламан Қуатов әуесқой аралас жекпе-жектен Азия чемпионы атанды. Ол 120 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сайысты. Құрлық додасы Қытайдың Луджоу қаласында өтті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 12 Қаңтар, 2026
Былтыр мүмкіндігі шектеулі жандардың 595,6 мың тапсырысы орындалған
2025 жылы Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдардың 595,6 мың тапсырысы орындалған. Порталды пайдалану бойынша консультацияларды қолдау байланыс орталығынан, яғни 1414 бірыңғай нөмірі арқылы алуға болады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Қаңтар, 2026
Қызылордада 100 жас отбасы баспаналы болды
Қызылордада «Сыр жастары» өңірлік бағдарламасымен баспаналы болған 100 жас отбасыға пәтер кілттері табысталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жемқорлық • 12 Қаңтар, 2026
Жоғары лауазымды шенеунік пара алғаны үшін қамалды
ҰҚК Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мемлекеттік шекара арқылы тауарды заңсыз импорттау арнасының жолын кесті. Жоғары лауазымды шенеунік 100 млн теңге пара үшін Қазақстанның шекарасынан контрабанда өткізбек болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 12 Қаңтар, 2026
Ақерке Амалят Витебсктегі халықаралық байқауда жеңімпаз атанды
Қазақ ұлттық өнер академиясының студенті Ақерке Амалят Беларусьтегі халықаралық байқауда Гран-при иеленді. Сүйінші жаңалықты Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Қаңтар, 2026
Атырауда күдіктіні азаптаған бес полицей бас бостандығынан айырылды
Атырау облысының прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасының бастығы Дулат Төлеуовтің айтуынша, арнайы прокурорлар қалалық полиция басқармасының полиция қызметкерлері тарапынан күдіктіні азаптау дерегімен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кино • 12 Қаңтар, 2026
«Алтын глобус»: Үздік ерлі-зайыпты рөліндегі актер мен актриса анықталды
Дүйсенбіде Голливудтағы «Алтын глобус» сыйлығының бірінші марапаттары табысталды. Алғашқы жеңімпаздар қатарында актриса Тейана Тейлор және актер Стеллан Скарсгард болды, деп жазады Egemen.kz.
Өндіріс • 12 Қаңтар, 2026
Былтыр елімізде 33 жаңа өнеркәсіптік кәсіпорын іске қосылды
Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі экономиканы индустриялық дамыту және әртараптандыру бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. 2025 жылы осы бағыттағы жұмыстар қарқын алып, 33 жаңа өнеркәсіптік кәсіпорын пайдалануға берілді, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 12 Қаңтар, 2026
Нобель комитеті: Бейбітшілік сыйлығын Трампқа беру мүмкін емес
Венесуэла оппозициясының жетекшісі әрі Нобель сыйлығының лауреаты Мария Корина Мачадоның өзіне берілген Бейбітшілік сыйлығын АҚШ президенті Дональд Трампқа табыстау туралы мәлімдемесіне Норвегия Нобель комитеті ресми жауап қатты. Комитет мұндай әрекет ұйымның ережесіне сай келмейтінін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 12 Қаңтар, 2026
Астанада екінші ауысымдағы бастауыш сынып оқушылары онлайн оқиды
Астана қаласының білім басқармасы ауа райының қолайсыздығына байланысты түстен кейін оқитын бастауыш сынып оқушыларын қашықтан оқу форматына ауыстырды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Қаңтар, 2026
Шығыс Қазақстанда полицейлер күрежолда әйелді құтқарып қалды
Өскемен – Самар тасжолының 63-ші шақырымында қызмет атқарып жүрген патрульдік полиция жасағы жол жиегінде тоқтап тұрған автокөлікті байқаған. Мән-жайды анықтау барысында көлік ішінде 60 жастағы әйелдің денсаулығы сыр бергені мәлім болған, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 12 Қаңтар, 2026
Қарағанды облысында 50 жолаушы мінген автобус жолдан шығып кетті
Қарағанды облысында 50 жолаушы отырған астобус тасжолдан шығып кетіп, апатқа ұшырады. Бұл оқиғаға өңірлік полиция департаменті түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Қаңтар, 2026
Елімізде тұрғын үйді жалға алу бағасы өсті. Баспана қай аймақта қымбатқа түседі?
2025 жылғы желтоқсан айында республика бойынша жаңа тұрғын үйдің орташа бағасы 1 шаршы метр үшін 571,2 мың теңгеге жеткен (қарашада – 568,8 мың теңге). Бұл 2024 жылдың осы айымен салыстырғанда 15,7%-ға жоғары. Баспана бағасы өсуін жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 12 Қаңтар, 2026
«Барселона» Испания суперкубогінің иегері атанды
Сауд Арабиясының Джидда қаласында өткен кездесуде Каталонияның клубы 3:2 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Қаңтар, 2026
Еліміздің танымал видеографы Уилл Смитке шапан жапты
Қазақстанның тұмса табиғаты мен көрікті орындарын видеоға түсіріп, отандық туризмді насихаттап жүрген видеограф Дастан Мұхамедрахым Дубайдағы іс-шаралардың бірінде әйгілі америкалық актер әрі режиссёр Уилл Смитке тарту жасады, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 12 Қаңтар, 2026
Трамп өзін Венесуэла президентінің міндетін атқарушы деп мәлімдеді
АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында өзін Венесуэла президентінің міндетін атқарушы ретінде көрсететін суретті жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 11 Қаңтар, 2026
Қызылорда облысының ең шалғай ауылдарының бірінде заманауи мектеп ашылды
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың Қызылорда облысына сапары кезінде Арал ауданының ең шалғай ауылдарының бірі Мергенсай ауылында жаңа мектеп ашылды. Білім ордасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен ашылған «Келешек мектептері» ұлттық жобасының үлгісімен салынды, деп жазады Egemen.kz.
Бокс • 11 Қаңтар, 2026
Биыл бокстан әлемде қандай жарыстар өтеді
Қазақстан боксшыларының қатысуымен өтетін 2026 жылғы жарыстар кестесі белгілі болды, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 11 Қаңтар, 2026
Алматыда 2025 жылы жарық көрген кітаптардың көрмесі ашылды
Ұлттық кітапханада 2025 жылғы мемлекеттік тапсырыс аясында жарық көрген кітаптардың көрмесі ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 11 Қаңтар, 2026
Шерзат ісі бойынша танымал болған прокурор Дана Сәрсенбайдың шені өсті
Жұртшылық назарын аударған 16 жастағы Шерзат Болаттың ісі бойынша танымал болған прокурор Дана Сәрсенбай бірінші дәрежелі заңгер (әділет капитаны) атағына ие болды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 11 Қаңтар, 2026
Анар Бурашева әлемнің ең биік 7 шыңын бағындырған қазақ альпинисі атанды
Қазақстан альпинисі Анар Бурашева әлемнің барлық құрлығындағы ең биік жеті шыңды бағындырып, Seven Summits («Жеті шың») бағдарламасын орындаған Қазақстан тарихындағы алғашқы әйел атанды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 11 Қаңтар, 2026
Полиция алаяқтарға алданып қалмаудың 5 негізгі ережесін атады
Қазіргі заманда алаяқтық белең алып тұр. Кез келген адам қауіпке ұшырауы мүмкін. Сондықтан өзіңізді және жақындарыңызды қорғау үшін қарапайым, бірақ маңызды ережені білгеніңіз абзал, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экспорт • 11 Қаңтар, 2026
Қазақстанның түркі елдеріне экспорты 7,6 млрд долларға жетті
2026 жылы Қазақстан Түркі сауда-өнеркәсіп палаталары одағына төрағалық етті. Өткен жылы бұл міндетті Әзербайжан атқарған болатын. Төрағалықтың ауысуы 8 қаңтар күні Астанада өткен TCCI үшінші Бас ассамблеясы барысында жүзеге асты. Бұл кезең Қазақстанның Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдермен саудасының тұрақты өсімімен сәйкес келді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 11 Қаңтар, 2026
Қазақстан халқы ақпан айында қалай демалады
2026 жылғы ақпанда Қазақстанда мемлекеттік мерекелер қарастырылмаған. Осыған байланысты ел азаматтары тек сенбі мен жексенбі күндері демалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 11 Қаңтар, 2026
СҚО-да төрт адамның өмірін жалмаған жол апаты болды
Петропавл және Астана бағытындағы трассаның Аққайың ауданы аумағындағы учаскесінде төрт адамның өмірін жалмаған сұмдық жол апаты болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 11 Қаңтар, 2026
Әлімханұлының В допинг-сынамасы нәтижесіне қатысты федерация түсініктеме берді
Кәсіпқой боксшы, орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының В допинг-сынамасын ашу рәсіміне қатысты Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясы түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 11 Қаңтар, 2026
Бақыт Сәрсекбаев Қазақстан жастар құрамасының тізгінін ұстады
Белгілі спортшы Бақыт Сәрсекбаев Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды. Бұл жөнінде еліміздің бокс федерациясы мәлім етті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 10 Қаңтар, 2026
Ұлтқа қызмет – марапаттан басталады
Қоғамда көзге көрінбей еңбек етіп жүрген, бірақ ел дамуына өлшеусіз үлес қосып келе жатқан азаматтар аз емес. Солардың еңбегін елге таныту, қоғам алдында бағалау – үлкен жауапкершілік. Осы бағытта соңғы жылдары жүйелі жұмыс жүргізіп келе жатқандардың бірі – Динара Бердімұрат.
Президент • 10 Қаңтар, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Премьер-министрімен сөйлесті
Израиль тарапының бастамасымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті, деп жазады Egemen.kz.